Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар!

Автор: admin от 30-05-2023, 04:48, посмотрело: 62

0 2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша
атқарылған жұмыстарының жылдық қорытынды
ЕСЕБІ

Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар!
2022-2023 оқу жылында оқушымен 62 сынып комплекісі және 3 мектепалды даярлық сыныбымен (20 баламен) басталды .
Қазақстанның білім беру жүйесі оқушылар үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым мәнді ету мақсатында барлық бастауыш және орта мектептерде критериалды бағалау моделін енгізу ұсынылғанын атап өтті. Мектепте 132 педагог жұмыс жасайды.Мектепте жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдер біліктілігін көтерді.
Білім сапасы -дегеніміз мектепте білім алып отырған оқушының білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік XXI ғасыр ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа , жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды , шығармашыл тұлға қалыптастыру- білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.
Мектебімізде әр тоқсан соңында пән мұғалімдерінің білім жетістігі бойынша мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг нәтижесі бойынша оқушы біліміндегі олқылықтар мен жетістіктер сараланып, тиісінше түзету жұмыстары жоспарланады. Әр білім алушының біліміндегі нәтиже назарда ұсталды.
Мектеп бойынша жыл соңында 1290 оқушы білім алды. 1-4 сыныпта- 558 оқушы, 5-9 сыныпта- 607 оқушы,10-11 сыныпта-125 оқушы білім алуда.
Мектеп қабырғасын 61 түлек бітіргелі отыр. «Алтын белгіге» -1 оқушы және «Ерекше үлгідегі аттестатқа» -3 үміткер. 9 сынып бойынша үздік аттестаттқа- 6 оқушы үміткер атанып отыр.
Қазіргі таңда «Алтын белгіге» үміткер 11 сынып оқушысы Саулебай Қайсар Республикалық «Координаталық нүктелерді кескіндеу» тақырыбындағы ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІ орынды дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Ерекше үлгідегі аттестатқа» Құрманәлі Ұлжан, Қонысбай Маржан, Бақберген Ажара-үміткерлер атанып отыр.
9 сынып бойынша - Аман Жанболат, Жансары Арайлым, Бақытжан Жанел, Серікқызы Нұрай,Достай Айым, Жақсылық Үміт үздік аттестаттқа үміткер атанып отыр.
Қазіргі таңда «ҰБТдан» тест тапсыруда:
1.Саулебай Қайсар-134 балл
2.Майлыбай Асылжан-132 балл
3.Қонысбай Маржан-108 балл
4.Бақберген Ажара-104
5.Әріпжанұлы Ерасыл-104 балл
6.Рақымбай Ақерке-121 балл алуда

Облыстық ғылыми жоба байқауына қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 9 сынып оқушысы Құрманалы Елнұр қатысып, жүлделі ІІ,ІІІ орынды иеленді.жетекшісі Ж.Шаңырақбаева
«Зерде» жобалар байқауына 3 сынып оқушысы Айтхан Айару, 6 сынып оқушысы, Байрамов Рамиль қатысып, облыстық жүлделі ІІ орындарды, Республикалық жүлделі ІІІ орындарды иеленді.
Облыстық М.Х.Дулати атындағы университетінің ұйымдастыруымен «VII Шерхан Мұртаза» оқулары байқауына 11 сынып оқушысы Қуантай Диана қатысып І орынды дипломымен марапатталып, Регтор грантның иегері атанды.
Республикалық «Оқуға құштар ұлт» жобасына 8 сынып оқушылары «Ең көп кітап оқитын оқушы» номинациясымен А.Бақдәулет,Ж.Боранбаева Қ.Әзімжан,Е.Дербес,М.Молдабек,А.Мұсақұл.Н.Опабек,Д.Есімхан,А.Хамит,А.Бинаділ қатысып ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Оқуға құштар ұлт»жобасына 4 сынып оқушысы Елшібай К.қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Астана қаласында өткен Республикалық «Қазақстан Республикасының жылдың үздік дарынды оқушысы» атты оқушылар форумына 10сынып оқушылары Е.Нұрмахамбет, Д.Рахым. Н.Бодаубек, Д.Сұлтан, 8 сынып оқушыларыН.Опабек,Бақытжан Диас қатысып, «Жылдың үздік дарынды оқушысы дипломдарымен және төсбелгісімен марапатталды.
XVIII Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне Тұрсынхан Нұрасыл қатысып, дипломмен марапатталды.
Облыстық 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Бауыржан оқулары» ғылыми шығармашылық байқауының «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,әдісіңе ақылыңды жолдас ет» бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Жанабек Жібек қатысып,III дәрежелі дипломымен марапатталды.
5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «Pro Eco»экологиялық жобалар конкурсына 7 сынып оқушысы Нұрман Инаятқатысып, III орынды дипломымен марапатталып. Республикалық кезеңінде ІІІ орынды дипломмен марапатталып, күміс медаль иегері атанды.
8-9 сынып оқушылары арасындағы «Әбіш» оқуларының облыстық кезеңінде «Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Жүніс Аяулым қатысып, III орынды дипломымен марапатталды.
9 сынып оқушылары арасында «Дарынды математик» атты олимпиадаға қатысқаны үшін Серікқызы Нұрай сертификат иеленді.
Облыстық «Алтын сақа» матиматика пән олимпиадасына 4 сынып оқушысы Нұралбай Уалихан қатысып, III орынды дипломмен марапатталды.
2023 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасына 9 сынып оқушысы Нажибова Сабина орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысып,ІІІ орынды жүлделі дипломымен марапатталады.
9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық IV «Абайтану» олимпиадасына 10 сынып оқушысы Сұлтан Досымжан,
Облыстық 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Экологиялық пирамида» тақырыбындағы ғылыми жобалар байқауына қатысып, 8 сынып оқушысы Есенқұлова Асылайым, 10 сынып оқушысы Жанабек Жібек,
облыстық «ТОП 100» жобасына қатысқаны үшін Егізбай Жансерік,Нұралбай Уалихан қатысып, алғыс хаттар иеленді.
«АҚБОТА» республикалық зияткерлік олимпиадасына
1 сынып оқушылары Айдархан Мансұр,Сарсенбаева Айя, Сыдык Медина, Саламат Ерасыл, Елшібай Тұмар, Болат Олжас, Османов Руслан, I дәрежелі, Нұржанқызы Лашын ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
2сынып оқушысы Әлімбек Нұрайым, Айтқұл Аяулым, Жолдаш Бекасыл I дәрежелі, Орманхан Қаршыға ІІ дәрежелі Мураткул Ахмет IIIдәрежелі дипломдарымен марапатталды.
4 сынып оқушысы Абраимов Айдос, Бахтияр Нұрали, Мұрат Нұрайым I дәрежелі, Жетпісбай Аяжан , Мұратқұл Ажар, Болат Інжу, Оспан Ақбөпе, Жақсыбек Нұрай, Жарылқап Нұрасыл, Көпжан Нұрайлым, Мейрамхан Каусар, Ержан Шерхан, Нулан Амира, Бақытжан Орынбасар IIдәрежелі Көктал Алижан, Уалихан Айзада, Берікбекұлы Олжас, Егізбай Жансерік III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
8 сынып оқушысы Өмірзақ Балжан,7 сынып оқушысы Ахметов Мейрхан I дәрежелі, 5 сынып оқушысы Алиев Мұзафар II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар халықаралық «BRITISH BULLDOG» интеллектуалды зияткерлік конкурсына 6 сынып оқушысы Еркебек Амира,9 сынып оқушылары Ахмедияров Арсен,Жақсылық Үміт, 3 сынып оқушысы Мырзахан Адия, Мырзахан Тилеулес қатысып,І орынды дипломдарымен марапатталды
Халықаралық Қ.Сәтбаев атындағы биология пәнінен өткен олимпиадаға 9 сынып оқушылары Рахымбай Нұржан, Серікқызы Нұрай, Жансары Арайлым, Балтабек Нұрбек қатысып ІІІ орынды дипломдарымен марапатталды.
«Алтын ине студия»үйірмесінде үлгілі оқушы,шығармашылық ізденістерімен ерекшеленгені үшін Данат Айым грамотамен марапатталды.
Республикалық балалар мен жасөспірімдер өнер байқауында «Үздік өнер» номинациясы дипломымен Доғдырхан Айша марапатталды.
«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Балалар жылына орай өткізілген облыстық «Әнші- биші- балапан 2022» байқауына Мырзахан Адия қатысып, «Вокал» номинациясы бойынша III-орынды дипломымен марапатталды.
Республикалық «Бастау» олимпиадасына қазақ тілі мен математика пәнінен бастауыш 2-4 сынып оқушылары қатысып жүлделі дипломдарымен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы XVIII Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне мектеп оқушылары қатысып, 80000 теңге сертификатын және II орынды дипломын иеленді.
«JANARGAN QAZAQSTAN»атты халықаралық өнер білім байқауына қатысып аспапта орындау аталымы бойынша жеңімпаз атанған Құрманбек Жанбота I орынды дипломмен марапатталды.
Халықаралық хореографиялық «Шалқыма» байқауында «Сырғалым» тобының мүшесі Сапарбай Даяна ІІ, ІІІ орынды лаурат атағын иеленсе, Өзбек биімен ІІІ орынды дипломымен марапатталды.
«Тәуелсіз Жаңа Қазақстан» атты Тәуелсіздік күніне арналған I халықаралық шығармашылық және өнер байқауына «Бейнелеу шығармашылығы» номинациясымен Ерғазы Диана I орынды дипломымен марапатталды.
«Кел билейік» атты дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы хореография бағыты бойынша өткен фестиваль байқауында «Сальса» биімен Рамазан ДәрияІ орынды, «Шашу», «Қазақ биімен» Құрманбек Жанбота, Бақытбек Аяла, II орынды дипломдарымен марапатталды.
Облстық бокстан 2009-2010,2011,2012,2013,2014,2015 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Мойынқұм ауданы және Абай ауылы арасында жолдастық кездесуде 26 кг салмақ дәрежесінде Үздік боксшы атанған Каримов Асанәлі дипломмен марапатталды.
Бокстан 2007-2008,2009-2010,2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында №24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігіне Бектұр Сағадат 24 кг салмақ дәрежесінде қатысып I дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Лондон 2012» олимпиадасының қатысушысы,Әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері,ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауовтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірім ұлдар арасындағы облыстық ашық турниріне 26 кг салмақта Бектұр Сағдат, 36 салмақта Жомарт Нұрислам І орынды дипломдарымен марапатталды.
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында 60 кг.салмақ дәрежесінде Рүстем Айбар I орынды дипломмен марапатталды.
«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен бокстан жолдастық кездесуде Асылхан Алижан I орынды дипломымен марапатталды.
Футболдан аудандық және қалалық құрама командалар арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында Шу ауданы құрама командасының ойыншысы Амиров Алихан I орынды, футболдан 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында Жуасбаев Тимурды еске алуға арналған дәстүрлі XIX облыстық ашық турнирде Амиров Алихан ,Усманов Ибрагим II-орынды дипломдарымен марапатталды.
Таэквондо (WT)дан балалар мен жасөспірімдер арасында Қордай ауданының ашық біріншілігіне Темірланұлы Нұрасыл қатысып, III орынды дипломымен марапатталды.
Республикалық бокстан өткен ашық турнирде 34 кг салмақпен Жомарт Нурислам, 28 кг салмақта Бектур Сагадат қатысып ІІІ орынды диплаомдарымен марапатталды.
Алматы қаласы жасөспірімдер арасындағы бокстан Республикалық ашық турнирінде 24 кг салмақ дәрежесінде Бектур Сагадат қатысып, II орынды дипломмен марапатталды.
Ауған соғысының ардагері Мамыраймов Аппаз Ерқанатұлын еске алуға арналған бокстан 2009-2010,2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Республикалық ашық турнирінде 34 кг салмақта Жомарт Нұрислам, 34 кг салмақта Бешлыоғлы Алинұр қатысып, I орынды дипломдарымен марапатталды.
Халықаралық спорт жетістігі.
Бокстан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Халықаралық турнирде 55 кг салмақта Саутбек Мейрлан І орынды, 30 салмақта Нұрланқұл Ұлан II орынды дипломдарымен мрапатталды.
Халықаралық балалар қорғау күніне орай «Медина» спорт кешенінде өткен Республикалық ашық турнирінде Бектур Сагадат I орынды дипломымен марапатталды.
Халықаралық 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокс турнирде 34 кг салмақта Жомарт Нурислам ІІІ орынды дипломмен марапатталды.
Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге мектеп ұстаздары атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!



Категория: ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС

 

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 30-05-2023, 04:39, посмотрело: 19

0
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес



Категория: ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС

 

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 11-11-2022, 04:33, посмотрело: 19

0
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес 
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес

Категория: ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС

 

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 3-10-2022, 04:24, посмотрело: 21

0
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес

Категория: ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС

 

Аллана и Д

Автор: admin от 11-05-2022, 03:22, посмотрело: 71

0
Аллана и Д
Аллана и Д
Аллана и Д
Аллана и Д
Аллана и Д

Категория: ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС, Мектеп

 

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 30-03-2022, 22:20, посмотрело: 133

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында жоспарға сәйкес есеп берілді. Қозғалыс есебі бойынша ІV тоқсанды 1291 оқушымен бастағалы отырмыз және де Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектептің ІV тоқсанның басталуына мектептің дайындығын оның ішінде биылға берілген химия және биология модификациялық кабинетімен және асхана, ауызсу жағдайымен таныстырылды. Мектептіңде өзекті мәселелерімен таныстырылды.

Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес

Категория: ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС, Мектеп

 
 
 

Приказ №123

Автор: admin от 28-01-2022, 23:12, посмотрело: 83

0
Приказ №123 
Приказ №123

Категория: ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС

 
Назад Вперед