Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Отчет

Автор: admin от 29-05-2019, 04:31, посмотрело: 972

11
Үстіміздегі жылғы мамырдың 21-і күні Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) «Қазақ балалар әдебиеті» үйірмесінің жетекшісі Б.Н.Джексенбаеваның ұйымдастыруымен 4 және 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Туады ерлер ел үшін» атты әдеби-музыкалық қойылым және «Жас Алпамысшылар мен Қобыландышылар» жыр оқу байқауы өтті. Мақсат оқушыларға эпос, жыр, жырау, жыршы ұғымдарына толықтай түсінік беру, жырды жаттау, есте сақтау дағдыларын арттыру арқылы халық шығармаларын, ұлттың салт-дәстүрін құрметтеуге, үлгі алуға, ұлы адамдар өмірінен өнеге алуға, елжандылыққа, батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелеу болды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысты. Іс-шара мектебіміздегі жас ұстаздар мен 10-сынып оқушыларынан құралған «Ұлы арман» тобының орындауында Ұ.Жамалбектің «Қазақтың баласымын!» әнімен ашылып, Олжас және Назерке Бодаубектердің жүргізуімен жалғасты.
І бөлімде үйірме мүшелерінің «Алпамыс батыр» жырына дайындаған сахналық қойылымы көрсетілді. Қойылымда «Алпамыс батыр» жырын 4 «А» сынып оқушысы Ақылбек Әділ жатқа айтып шықты. Оқиға желісіне байланысты рөлдерді 4 «А,Ә» және 3 «Ә» сынып оқушылары зор ынтамен, үлкен жауапкершілікпен ойнап шықты.
ІІ бөлім «Үздік Алпамысшылар мен Қобыландышылар» жыр байқауымен жалғасты. Ереже бойынша оқушылар 16 беттен тұратын жырды жатқа мүдірмей, жырдың кез келген жерінен тоқтатқанда келесі оқушы іліп әкетіп отырды. Жарыс басында Қыдырәлі Болманның «Қанекей, тілім сөйлеші» атты термесі қатысушыларға ерекше шабыт бергендей болды. Жыр айтуда мүдірмеген «Үздік Алпамысшы» 3 «Ә» сынып оқушысы Бақытжан Абылай, «Үздік Қобыландышы» 4 «Ә» сынып оқушысы Әзімжан Қайсар анықталды. Байқауға қатысқан оқушылар жырды оқуға зор жауапкершілікпен тыңғылықты дайындалған. Іс-шара барысында 6 «А» сынып оқушысы Бодаубек Назерке «Алпамыс батыр» ән-термесін, Ақылбек Әділ «Ақсисса» әнін нақышына келтіріп орындады. Бұл өтілген іс-шараның келер ұрпаққа ұлтжандылықты дарытып, бабаларымыздың ерлік, даналық қасиеттерін бойына сіңіруіне тигізетін әсері мол деп есептейміз. Кеш соңында мектеп директоры А.М. Сихимова үйірме жетекшісіне шығармашылық табыс тілеп, оқушыларды марапаттап, жылы лебізін білдірді. Әдіскер ұстаз Ш.Б.Смағұлова «Алпамысшылар мен Қобыландышыларға» жырды толықтай жаттап алуды ұсына отырып, Еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін нақтылап берді. Ата-ана Джаутикова Гүлзира осындай іс-шаралардың балаларға берері мол екенін және болашақта жалғасын тапса деген ұсынысын айтып, рахметін айтты. Сынып жетекшілері: Қ.Айтишева, О.Төлешова және М.Мауленова «Қазақ балалар әдебиеті» үйірмесінде оқушыларының жыл бойы ізденіс үстінде болғанын айта отырып, іс-шара барысында олардың зор жауапкершілігі мен ынтасын, бір сәт есейгенін көріп аналық ризашылықтарын білдірді. Үйірме жетекшісі Б.Н. Джексенбаева іс-шараны қорытындылай келе үйірме мүшелеріне, сынып жетекшілеріне, ата-аналарына алғысын білдіріп, отбастарына амандық тіледі.

Категория: Мектеп

 
 

Жас Ұлан

Автор: admin от 29-05-2019, 04:26, посмотрело: 847

0
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан

Категория: Мектеп