Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау»

Автор: admin от 21-12-2018, 21:28, посмотрело: 903

0
М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай өткізілген «Жас сарбаз» әскери-спорттық үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында «АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау» түрінен сайыс өткізілді. Бұл сайысқа қонақ ретінде Ауған соғысының ардагері Тажиев Бейбітжан Қалықұлы және «Балалар-жасөспірім орталығының» оқу ісінің меңгерушісі Асанбаева Ләззат Бимендеқызы қатысты.
Сайысқа қатысқан оқушылар Калашников автоматын бөлшектеп жинау барысында уақытқа жарысып,өз шеберліктерін көрсете білді.Бұл құрамның негізі оқушыларды Отансүйгіштік қасиеттерге баулып, әскери істі ынта қойып меңгеруге,Қазақстанның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болу мақсатында құрылды. Бұл құрамды болашақта әскери - спорттық ойындарға қатыстырып, өздеріне жүктелген міндеттерді орындап,әскери қызметтің қиыншылықтары мен ауыртпалықтарына табандылықпен төтеп беруге дайындау.
Сайысқа қатысқан оқушылардың шеберліктері анықталды. І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау»
AK-sayys.doc [1,61 Mb] (cкачиваний: 2)

Категория: Мектеп, Ең үздік сабақтар

 

Әлеуметтік педагогтың желтоқсан айында атқарылған жұмыстары

Автор: admin от 20-12-2018, 01:15, посмотрело: 568

0 Желтоқсан айының 2 -14 күндері аралығында атқарылған жұмыстар.

Өзара-қарым қатынаста қатынаста оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек беру барысында,8-9 сынып аралығында психологиялық әңгімелер жүргізілді.
Алдымен кіріспе сөзден басталды. Кісілік қасиет жеке адамдардың ақыл-парасатынан өмірге көзқарасынан туындайды. Адам белсенділігі артқан сайын қасиеттер жинақталып, әркімнің кейпін, мінезін көрсетеді. Мінезділік –кісілікке көтерілудің бір жолы. Мінез – киелі қасиеттердің жиынтығы. Мінез құндылығы - жүректі тазартатын, сегітетін сезімде, жақсы-жаманды екшеп ой қорытып, адамның ширауында, кез келген мәселені салмақпен, сабырмен шеше алатын қылықта. Адам мінезінің аса бір көркем түрі – сабырлық. Адам баласының бойында оны дәл сабырлылық тәрізді керемет етіп көрсететін мінез кемде-кем. «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөз тегіннен –тегін айтылмаса керек. Ашуға да , қуанышқа да сабырлылық көрсету адамдықтың үлкен белгісі. Күнделікті өмірде адамдар бір-бірін болмашы нәрсеге ренжітіп алып жатады, ашуланып, асығыс істер жасап жатамыз. Соңынан опынып жататын кездер де болады. Ал осындай жағдайларға тап болмаудың жолы – сабырлы болу. Ал сабырлы болу қиын ба? Оқушыларының пікірлері екіге бөлінді.
Қорытындысы: сабырсыздық күйгелектікке, асығыстыққа соқтырады. Ақылмен емес асығыстықпен біткен істің қашанда бір қайнауы ішінде жүреді. Сондықтан да сабырлы болуға тырысыңдар. Сөзімді неміс философы И. Канттың сөздерімен қорытындылағым келеді: 1. «...өз ойыңды орынсыз талқыға ұшыратпауүшін өсек сөзге жүгінбей, сөзді сақтана, салмақпен айт. 2. Әрқашан уәдеңе тұруға тырыс, өз сөзіңнің иесі болғын. 3. Ойы мен пиғылы теріс адаммен достасудан аулақ бол. 4. Біреудің жалаң немесе ашулы пікірінен туындайтын сандырақты анау айтарлықтай көңілде термегін...» Бұл қасиеттерді өз бойыңнан ізде. Өйткені адам болу үшін адамдықты сақтау адамның санасына, мінезіне, ұстамдылығына байланысты. Имандылық қасиеттерін өміріне тамыздық ететіндер адам құндылығын құнттайды. Осыны балаларға ұмытпаңдар, деп әңгімемізді аяқтадым.



Орындаған: әлеуметтік педагог: Д. Джилкибаева


Категория: ---

 

Әлеуметтік педагогтың қараша айында атқарылған жұмыстары

Автор: admin от 20-12-2018, 01:14, посмотрело: 768

0 Қараша айының аралығында атқарылған жұмыстар.

Ата-аналардың жиналыстарына қатысып, стандарт бойынша
аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын тапсыру туралы, ата-ана демеушілікпен ыстық тамақпен оқушыларды қамту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті тексеру үстінде.
Қарашаның 10 күні ата –аналардың алдында «Сіздің бала тәрбиесінде алар орныңыз» атты баяндама оқытылды.
Қатысқаны 26 ата – ана.
Баяндамашы күн тәртібімен таныстырып, баяндама оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде: Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған. Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қаситеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған. Қазіргі кезде осы асыл мұра халқымыздың өмірінде жалғасын тауып келе ме? Рас, бүгінгі өмір сүріп отырған ортамызда ұлттық тәрбиенің негізі түгілі өзінің ата-тегін білмейтін әке-шеше, аға-іні, апа-сіңілілердің аз еместігін жасыра алмаймыз. Ұрпаққа ата мұрасын жалғастыру –қоғамның, аға буынның азаматтық борышы екенін айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша, ата- аналар балаларының мінез –құлқы жайында айта отырып бірлесе тәрбиелеу жайлы тоқтамға келді.
Жағдайы төмен отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын бақылап, үйіне барып ата-аналарымен кездесу жұмысы жүргізілді.
Отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен тығыз байланыста болып, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетілді. Баланың ішкі дүниесін біліп, оның проблемаларына ортақтасып, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық тұлғасын қалыптастыру жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші роль атқарылды.
Отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйеніп; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратылды; оңды ой-пікірлері күшейтіліп, оң-терісі реттеліп тәрбие процесінде пайдаланды.
Жоспар бойынша 29 қараша күні жетім, жартылай жетім балаларға көмек көрсету мақсатында, «Алтын күз» атты жәрменкесі өткізілді, 5-6 сыныптар және мұғалімдер арасында.
Қорытынды: Жәрменкені оқушылар сынып жетекшілерімен бірге жақсы ұйымдастырды. Қолдан жасалған тағамдардың төмен бағасын мектеп әкімшілігі қадағалады. Қалған сыныптың оқушылары, мұғалімдер, сатып алушылар болды. Жиналған қаражатқа жартылай жетім отбасынан шыққан 5 оқушыға қыстық күртеше алып берілді.








Орындаған: әлеуметтік педагог: Джилкибаева





Категория: ---

 

Әлеуметтік педагогтың қазан айында атқарылған жұмыстары

Автор: admin от 20-12-2018, 01:08, посмотрело: 585

0 Қазан айында атқарылған жұмыстар .

Ата- анамен балалар арасындағы қарым қатынасы байқау жұмысы жүріп өтті. Отбасы төмен оқушыларды сабаққа келмеген себептері анықталған жоқ.
Оқушы отбасының тәрбие жағдайына көңіл бөлініп отырады.
Қамқорлыққа алынған оқушылардың тұрмыс жағдайымен танысу жұмыстар жүргізілді.
1-11 сынып оқушыларының арасынан аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан балаларды тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Оқушылар арасында «Мінез құлқың қандай ?» атты тест жүргізілді.
Қазанның 18 күні оқушылар арасында «Мінез құлқын қандай?» тест алынды. Барлық қатысқаны: 87 оқушы 8,9 - сыныптар

1.Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақ ұнайды ма?
а) иә -20-44%
б) жоқ-25-55%
2. Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз бе?
а) иә -43-95%
б) жоқ-2-4%
3.Сіз кейде қуаныштан төбеге секіріп кеткіңіз келе ме?
а) иә – 45-100%
б) жоқ-0
4.Сіз дастархан басында қонақтарды қызықтыра аласыз ба?
а) иә-22-48%
б) жоқ-23-51%
5.Сізде бас ауруы жиі болады ма?
а) иә – 5-11%
б) жоқ -40-88%
6.Сіз кейде тіс жууды ұмытып кетесіз бе?
а) иә 3-6,6%
б) жоқ-42-93%
7.Сіз әрқашан бір шаш қойыспен жүресіз бе?
а) иә-22-48%
б) жоқ-23-51%
8.Басқатырғыштарды шешкенді ұнатасыз ба?
а) иә -43-95%
б) жоқ-2-4%
9.Дене жаттығуларымен айналысасыз ба?
а) иә -20-44%
б) жоқ-25-55%
10.Сізде мелонхолиялы көңіл-күй жиі болады ма?
а) иә -20-44%
б) жоқ-25-55%
11.Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз ба?
а) иә -20-44%
б) жоқ-25-55%

Қорытындысы: оқушылар жоғарғыдағы тестке жауап беріп, мінез құлықтарын білдірді. Олардың көрсеткіш пайызы жоғарғыдай.

Аз қамтылған отбасының балаларына материалдық көмек көрсетілуде. Оқушылар арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сауалнама алынды.
1-11- сынып аралығында оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Осы оқушылар арасында сауалнама алынды.
Барлық қатысқаны: 25 оқушы.

1.Ыстық тамақты ұдайы ішесіз бе? – иә, 100 пайыз
2.Ішпесеңіз неліктен? -
3.Асхана тамағы ұнай ма? – иә,100 пайыз
4.Ұнамаса неліктен -
5.Асхана тамағына көңіліңіз толама? - иә,100 пайыз
6. Риза болмасаңыз неліктен? -
7.Үзілісте тамақтанып үлгересіз бе?- иә,80 пайыз,
кейде үлгермеймін 20 пайыз
8.Үлгермесеңіз неліктен? – тамақ ыстық болған кезде
9.Асхана тәртібі ұнай ма? - иә,100 пайыз
10.Ұнамайтын болса неліктен?-

Қорытындысы: оқушылар жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап бере отырып, тамақтың сапасы жайлы өз пікірлерін білдірді.

«Өз баланыз жайлы не айтасыз?» тақырыбында ата – аналар арасында сауалнама алынды.

Барлық қатысқаны: 45 ата- аналар
Бала тәрбиелеумен байланысты сізде қиындықтар туды ма?
23ия, 22жоқ
Бала тәрбиесіне қатысты отбасыларыңызда келіспеушіліктер бола ма?
11ия, 34жоқ
Пәтеріңізде балаңыздың өз бұрышы бар ма?
39ия, 6жоқ
Оның бұрышы қалай жабдықталған?
9өте жақсы, 20жақсы,10қанағаттанарлық
Сіздің балаңыз ұзақ уақыт жалғыз ойнай ала ма?
15ия, 30жоқ
Онымен бірге ойнайсыздар ма?
27ия, 18жоқ
Сіздің балаңыз тосын сыйлық алғанды ұнатады ма?
45ия
Өз балаңызды сіз мақтайсыз ба?
Көп мақтаймын -29, аздап мақтаймын-12, мүлдем мақтамаймын -4
Сіз балаңызды жазалайсыз ба?
31ия, 14жоқ
Сіздің отбасыңызда қандай мерекелер дәстүрлі болып саналады?
Туылған күн-39, мейрамдар-6
Сіз оны отбасы үшін мерекелер мен тосын сый жасауға үйретесіз бе?
39-ия, 6-жоқ
Балаңыз еңбекқор ма?
45-ия
Балаларыңыздың достары бар ма?
Ия бар-33, аз ғана-12
Сіздің балаңыздың достары үйіңізге келуге мүмкіндігі бар ма?
Ия әрине - 45
Мектепте бір жыл білім алғаннан кейін балаңыз қалай елестетесіз?
Ақыл ойы толық- 45
Сіз балаңыздың сыныбының өміріне қалай қатысасыз?
Толықтай- 37, уақытыма қарай -8

Қорытындысы: ата-аналар жоғарғыдағы сұрақтарға жауап бере отырып, өз балалары туралы көп білетіндігін білдірді. Ата-аналардың жауаптары төмендегідей пайызды көрсетеді.

Ия - 51%, жоқ - 48%
24%-ия, 75%-жоқ
86%-ия, 13%-жоқ
20%-өте жақсы, 44%-жақсы, 22% -қанағаттанарлық
33%-ия, 66%- жоқ
60%-ия, 40%-жоқ
100%ия
Көп мақтаймын -64%, аздап мақтаймын-26%, мүлдем мақтамаймын -8%
68%-ия, 31%-жоқ
Туылған күн-86%, мейрамдар-13%
86%-ия, 13%-жоқ
100%-ия
Ия бар-73%, аз ғана-26%
Ия әрине - 100%
Ақыл ойы толық- 100%
Толықтай- 82%, уақытыма қарай -17%

«Мұқағали Мақатаев» атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) 24 қазан күні ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды асырап алуға, әлеуметтік жетімдіктің алдын- алуға бағытталған үгіт –насихат жұмыстарының жоспары бойынша ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды өз қамқорлығына алған азаматтарға арналған «Қамқоршы күні» мерекесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты –баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру, бөтен балалар мен бөтен қайғыны жатсынбайтын адамдарды құрметтеу болып табылады. Мектеп бойынша 1 жетім және 2 отбасында қорғаншылық/қамқоршылыққа алынған 3 бала тәрбиеленуде. Қамқоршы күнінде мектеп тарапынан қорғаншылар мен қамқоршылар сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталып, мектеп оқушыларымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақта жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, - деген тамаша сөз бар. «Қамқоршы күні» мерекесі жылылық пен ынтымақтастық жағдайында өтті.





Орындаған: әлеуметтік педагог Д. Джилкибаева

Категория: Информация

 

Әлеуметтік педагогтың қырқүйек айында атқарылған жұмыстар

Автор: admin от 20-12-2018, 01:02, посмотрело: 780

0 Қыркүйек айында атқарылған жұмыстар

2018-2019 оқу жылында тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушылар анықталды. Оқушылардың арасында тұрақты тұрмыс үйлері жоқ екенің анықталды. Ата – аналары жұмысы жоқ немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар да бар. Қолға алатын жалақылары төмен. Жалдамалы пәтерде тұратындар да бар. Балаларға орташа деңгейде жағдай жасалынған.
Аз қамтылған балалар – 30, оның ішінде 1 жетім және 2 қамқоршылықтағы оқушылар жергілікті бюджеттен ыстық тамақпен камтылды.
Сомен қатар денсаулығы нашар оқушылар тізімге алынып, үйлеріне барып, тұрмыс жағдайын зерделенді.
Отбасы төмен оқушылардың сабаққа келмегендігін бақылап, көмек көрсету жұмыстар жүргізуліде.
Мұқағали Мақатаев атындағышағын орталықты тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) қыркүйек айында оқушылар арасында «Оқушылардың мектепке көз қарасы» тақырыбында сауалнама алынды.

Барлық қатысқаны: 85 оқушы 8,9 - сыныптар

1.Сіз осы мектептегі білім беру денгейі қалай бағалайсыз ?
а) жоғары -80-66%
б) жақсы-20-16%
в) қанағатттанарлық 20-16%
г) қанағаттанарлықсыз-0
2. Мектепте оқу мен тәртіп деңгейі қандай ?
а) жоғары -80-66%
б) жақсы-20-16%
в) қанағатттанарлық-20-16%
г) қанағаттанарлықсыз-0
3. Мектеп тазама ?
а) жоғары – 120- 100%
б) жақсы
в) қанағатттанарлық
г) қанағаттанарлықсыз
4.Оқып жүрген мектебіңізді жақсы көресізбе?
а) жақсы көремін -120-100%
б) жек көремін
5. Басқа мектепке ауысқыңыз келе ме?
а) иә - 10-8%
б) жоқ -110-91%
6.Басқа мектептің мұғалімдерінен кеңес сұрайсыз ба ?
а) иә 25-20%
б) жоқ-95-79%

Қорытындысы: оқушылар жоғарғыдағы сауалнамаға жауап беріп, мектепке деген көз қарастарын білдірді. Олардың көрсеткіш пайызы жоғарғыдай.

Жылдық жоспар бойынша қыркүйек айында ата-аналар арасында жүргізілген «Ата – аналардың мектепке көз қарасы» тақырыбындағы сауалнама алынды.
Барлық қатысқаны: 75 ата- аналар
1.Сіз осы мектептегі білім беру денгейі қалай бағалайсыз ?
а) жоғары -80-68%
б) жақсы-20-17%
в) қанағатттанарлық 17-14%
г) қанағаттанарлықсыз-0
2. Мектепте оқу мен тәртіп деңгейі қандай ?
а) жоғары -80-68%
б) жақсы-20-17%
в) қанағатттанарлық 17-14%
г) қанағаттанарлықсыз-0
3. Мектеп тазама ?
а) жоғары – 117- 100%
б) жақсы
в) қанағатттанарлық
г) қанағаттанарлықсыз
4.Оқушылар мектепті жақсы көре ме?
а) жақсы көреді -117-100%
б) жек көреді
5. Басқа мектепке ауыстырғыңыз келе ме?
а) иә - 10-8%
б) жоқ -107-91%
6.Басқа мұғалімдерден кеңес сұрайсыз ба ?
а) иә 25-21%
б) жоқ-92-78%

Қорытындысы: ата-аналар жоғарғыдағы сауалнамаға жауап беріп, мектепке деген көз қарастарын білдірді. Олардың көрсеткіш пайызы жоғарғыдай.

1 сынып оқушыларын сынып жетекшілерімен бірге әлеуметтік жағдайы анықталып отыр. Сынып жетекшілермен бірге бала тұлғасының дамуының бұзылу себептері анықталған жоқ .
Әр сыныптың әлеуметтік картасы толтырылды.1-11 сыныптар арасында мәліметтер жинақталып және олардың әлеуметтік санаты анықталды.
Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің қадағаланып отыр.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 02.08.2018ж № 584 бұйрығына сәйкес Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы №40 бұйрық 02.08.2018 жылы шығарылды. Мектебіміз бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді
Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.
Акция кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар қамтылды.
1-ші тамыздан 30-шы қыркүйекке дейін мектебімізде 29 оқушыны толықтай киіммен, мектеп құралдарымен жеті мүз сексен төрт мың теңгеге (784000 тг), қамтамасыз етілді.
1-8 тамыз аралығында тарих пәнінің мұғалімі В. Мырзаханова 2 оқушыға 15000 теңгеге, география пәнінің мұғалімі А. Баетова мектеп формасы және сөмке 10000 теңгеге, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Сабралиева 1 оқушыны 10000 теңгеге, математика пәнінің мұғалімі Г. Есболғанова 2 оқушыға сөмке 7000 теңгеге, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. Шұратбаева 1 оқушыны 8000 теңгеге, мектеп ұжымы 50000 теңгеге аяқ киім және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтыды.
11-16 тамыз аралығында жеке кәсіпкер Асатов Серік Уашевич 5 оқушыны 100000 теңгеге, мектеп формасын, спорттық киім, сөмке, аяқ киім, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
1-30 тамыз аралығында Шу ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы: С. Сәрсенбеков 3 оқушыны (60000 теңгеге), М. Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) информатика пәнінің мұғалімі: Балхожаева 2 оқушыны ( 12500 теңгеге), бастауыш сынып мұғалімі: М. Мауленова 1 оқушыны (10000 теңгеге), ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М. Жаппарова 1 оқушыны (10500 теңгеге), Зейнеткер ұстаз Иманова Айжан Болатқызы 1 оқушыны (10500 теңгеге), "Мөлдір" бала бақшасының меңгерушісі: Э. Бекбауованың басшылығымен 2 оқушыны (16000) теңгеге, математика пәнінің мұғалімі: С. Құмарбаева 1 оқушыны 8500 теңгеге мектеп формасы , аяқ киім, спорттық киім, мектеп құралдары және сөмкелерімен қамтамассыз етті.
01-10 қыркүйек аралығында “Микрокредиттік ұйым” Серік Нұрмановтың басшылығымен 5 оқушыға мектеп формасы, ақ жейде, спорттық киім, мектеп құралдары және сөмкелерімен (100000 теңгеге) қамтамассыз етті.

Жеке кәсіпкер Амирмухамбетұлы Абделрахман 7 оқушыға (94000 теңгеге), Қаржы бөлімінің басшысы: М. Жүнісалиев 2 оқушыны (36000 теңгеге), Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы: Д. Утепов 3 оқушыны (30000 теңгеге), Шу қаласының өнердегі жүрген азаматтары 7 оқушыны (20000 теңге), Алматы қаласының Изғали Раушан атындағы қайырымдылық қоры 8 оқушыны (75000 теңгеге), Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің ұжымы (31000 теңгеге) Мектеп формаларын , спорттық киімдер, аяқ киімдер, ақ жейделер, кеңсе тауарларымен қамтамассыз етті.
11-20 қыркүйек аралығында Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Г. Қазанбаева 1 оқушыны (5000теңгеге), математика пәнінің мұғалімі С. Құмарбаева 1 оқушыны (8000 теңгеге), ағылшын тілі пәнінің мұғалімі (4500 теңгеге), информатика пәнінің мұғалімі А. Балхожаева 1 оқушыны (3000теңгеге), бастауыш сынып пәнінің мұғалімдері Г. Құсайнова 2 оқушыны (10000 теңгеге), Р. Дауталиева 1 оқушыны (5000 теңгеге), зейнеткер ұстаз А. Иманова 1 оқушыны (10500 теңгеге), жеке кәсіпкер Мәлік Қанайқұлов 1 оқушыны (10000 теңгеге) спорттық киімдермен қамтыды.
21-30 қыркүйек аралығында Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің директордың міндетін уақытша атқарушы Б. Джексенбаева 2 оқушыны (12000 теңгеге) аяқ киімдермен қамтамассыз етті.
Мектебімізде гуманитарлық көмек пункті ашылып, тегін киім таратылды.Бұл акцияға мектеп ұжымы белсене атсалысты. Акция кезінде екі рет демеуші болған азаматтарға алғыс жарияланды.


Орындаған: әлеуметтік педагог Д. Джилкибаева

Категория: Информация

 

Ұлы даланың жеті қыры

Автор: admin от 19-12-2018, 04:43, посмотрело: 680

0 Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 19-желтоқсан күні «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы Елбасының мақаласына байланысты тарихи кеш өтті.Кеште мақала бойынша слайдтар,видео роликтер көрсетіліп,9-11сын
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
ып оқушылары өз ойларын ортаға салды.

Категория: Мектеп

 

Жас сарбаз

Автор: admin от 19-12-2018, 04:39, посмотрело: 686

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде «Жас сарбаз» атты әскери - патриоттық взвод құрылды.Взвод құрамы 8- сынып оқушыларының ұлдары мен қыздарынан құралған.Барлығы 23 оқушы,оның 10-ы ұл, қызы-13. Бұл құрамды болашақта әскери - спорттық ойындарға қатыстырып, өздеріне жүктелген міндеттерді орындап,әскери қызметтің қиыншылықтары мен ауыртпалықтарына табандылықпен төтеп беруге дайындау.Егеменді мемлекетінің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға және әскери істі ынта қойып меңгеруге,әскери және халық мүлігін аялап ұстауға,әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға,тәуелсіз Қазақстанның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болу мақсатында құрылды.
Әскери жетекшісі запастағы аға –лейтенант: Сулейманов Н.Қ.

Жас сарбаз

Категория: Мектеп