Әлеуметтік педагогтың қараша айында атқарылған жұмыстары

Автор: admin от 20-12-2018, 01:14, посмотрело: 755

0 Қараша айының аралығында атқарылған жұмыстар.

Ата-аналардың жиналыстарына қатысып, стандарт бойынша
аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын тапсыру туралы, ата-ана демеушілікпен ыстық тамақпен оқушыларды қамту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті тексеру үстінде.
Қарашаның 10 күні ата –аналардың алдында «Сіздің бала тәрбиесінде алар орныңыз» атты баяндама оқытылды.
Қатысқаны 26 ата – ана.
Баяндамашы күн тәртібімен таныстырып, баяндама оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде: Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған. Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қаситеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған. Қазіргі кезде осы асыл мұра халқымыздың өмірінде жалғасын тауып келе ме? Рас, бүгінгі өмір сүріп отырған ортамызда ұлттық тәрбиенің негізі түгілі өзінің ата-тегін білмейтін әке-шеше, аға-іні, апа-сіңілілердің аз еместігін жасыра алмаймыз. Ұрпаққа ата мұрасын жалғастыру –қоғамның, аға буынның азаматтық борышы екенін айтып өтті.
Екінші мәселе бойынша, ата- аналар балаларының мінез –құлқы жайында айта отырып бірлесе тәрбиелеу жайлы тоқтамға келді.
Жағдайы төмен отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын бақылап, үйіне барып ата-аналарымен кездесу жұмысы жүргізілді.
Отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен тығыз байланыста болып, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетілді. Баланың ішкі дүниесін біліп, оның проблемаларына ортақтасып, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық тұлғасын қалыптастыру жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші роль атқарылды.
Отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйеніп; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратылды; оңды ой-пікірлері күшейтіліп, оң-терісі реттеліп тәрбие процесінде пайдаланды.
Жоспар бойынша 29 қараша күні жетім, жартылай жетім балаларға көмек көрсету мақсатында, «Алтын күз» атты жәрменкесі өткізілді, 5-6 сыныптар және мұғалімдер арасында.
Қорытынды: Жәрменкені оқушылар сынып жетекшілерімен бірге жақсы ұйымдастырды. Қолдан жасалған тағамдардың төмен бағасын мектеп әкімшілігі қадағалады. Қалған сыныптың оқушылары, мұғалімдер, сатып алушылар болды. Жиналған қаражатқа жартылай жетім отбасынан шыққан 5 оқушыға қыстық күртеше алып берілді.








Орындаған: әлеуметтік педагог: Джилкибаева




Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.