Аннотация

Автор: admin от 14-06-2017, 23:47, посмотрело: 1232

0 «Қазақ» дегенде бірден «ауыл» деген сөз ойға оралады. Өйткені барлық қазақтың талбесігі, шыққан жері, жұтқан ауасы, көргені мен түйгені ауылдан бастау алады. Бүгінгі күнде қала қазағына айналған әрбір азаматтың атамекені, ата-қоныс жайлауы, ауылы бар. Ауылын аңсап сағынбайтын, жүрегінің бір түкпірі «ауыл» деп соқпайтын қазақ кемде-кем. Сондықтан да ауыл – қазақтың қазақтығының белгісі.Қарап отырсақ қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қазақ зиялыларының дені ауыл мектебінде оқыған. Ауылда туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатпен етене жақын болу, оны қорғау, аялау, үлкен-кішіні сыйлау, меймандостық, көңілдің ашық, адалдығы, қайырымдылық, бауырмалдық, өнерді қастерлеу, ар-ұяттан аттамау, сияқты қасиеттер әлі де қаймағы бұзыла қойған жоқ. Сондықтан ауыл мектебінде білім беру мен тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігі зор, ауылдағы мектеп білім беру мекемесі ғана емес, мәдениетті, білімді, әлеуметтенген тұлға дайындаудың бірден-бір ошағы.
Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарында ауылдық жерлерде жұмыссыздық белең алуына байланысты халық саны азайды, елдің көпшілігі жұмыс іздеп қалаға көшті. Бұл ауылдағы мектептердегі бала санының азаюына әкеліп соқты. Сондықтан өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында шағын мектептерді сақтап қалу, ауылды сақтап қалу мен дамытудың жалғыз ғана шарты болды. Ол туралы п. ғ. д. профессор Жауымбай Амантұрлыұлы Қараев: «Шағын жинақталған мектептер ережесін өзім жасадым. Сол ережеде 5 баладан көп болса, сынып ашуға болады дегенмін, оным қате еді, ондағы мақсатым қалайда ауылдық жерлердегі мектептерді сақтап қалу еді» – деп еске алады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің алдында еліміздің мәдениетінің, экономикасының, білім жүйесінің даму болашағын айқындау, оларды орындаудың бағдарламаларын жасау міндеті тұрды. Солардың бірі- мектептерді 12 жылдық білім беруге көшіру.
12-жылдыққа көшіру реформасының ерекшелігі:
1. Берілген білімнің адамның еңбек етуі мен өмір сүруіне қажеттілігі яғни бейімдік оқыту әлеуметтік-гуманитарлық бейім, жаратылыстану –математикалық бейім және техникалық бейім бағдарларының ұсынылуы;
2. Белгілі бір кәсіп түріне бейімделген оқушыны жоғары мектептің
11, 12 сыныптарында кәсіп түрін тереңдей оқып, болашақ мамандығына жан-жақты дайындауы, таңдау әр баланың қабілетіне, бейіміне сай ерікті түрде болуы,
3. Оқытуды ұйымдастыру мемлекет талаптарын жүзеге асыру мектеп жауапкершілігінде болуы.
Бірақ бұл базасы төмен ауыл мектептеріне қосымша кедергілерді туындатты.
12 жылдық білім беруге арналған талаптарға шағын құрамды мектептердің сай болмауы: оқушы санының толыспауы, сыныптардың біріктірілуі, пәндік кабинеттердің жоқтығы, шеберханалар мен залдардың болмауы, зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың талапқа сай өткізілуіне жағдайдың болмауы, сондай-ақ қажетті көріністі-дыбысты және ақпараттық-техникалық құралдардың жетіспеуі, оқу-әдістемелік және кітапхана қорының аздығы, т. с. с. кемшіліктер бала білімінің сапасының өсуіне кері әсерін тигізді. Баланың өз бетімен қашықтықтан білім алуына, үздіксіз оқумен айналысуына жағдайлар болмады. Осы сияқты кемшіліктер, жетіспеушіліктер 12 жылдық білім беруге көшудің тұжырымдамалық талаптарының нәтижелі түрде орындалуына қайшылық келтіретін үлкен кедергі еді.
Білім беру сапасын арттырудағы кездескен кедергілерді шешу үшін 2011 жылдан бастап, 2012-2016 жылдарға арналған «Ұлттық іс-қимыл» жоспары, мемлекеттік білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізінде елімізде тірек мектептері ашыла бастады.
Жамбыл облысында ауыл мектебінің саны 363, оның 140-шағын жинақты мектеп болса, Шу ауданындағы 37 ауыл мектебінің 14-і шағын жинақталған мектеп. 2011 жылы тірек мектептерінің жұмысы қолға алынып, облыс бойынша_____, , , аудандарында тірек мектептері ашылды.
Ал республика көлемінде ресурстық орталықтардың жұмысы
2004-2005 жылдардан басталған болатын. Қарағанды облысында бүгінгі таңда ашылғанына 14-15 жыл болған ресурстық орталықтар жұмыс істеуде.
2012 жылғы 31 тамыздағы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №761 бұйрығына сәйкес «Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Мақатаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі 2012-2017 жылдарға эксперимент алаңы болып бекітіліп, М. Мақатаев атындағы тірек мектебі (РО) деген атау берілді.
2016 жылдан бастап білім мекемесі Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты Тірек орта мектебі (РО) болып қайта өзгертілді.
2012-2014 жылдары экспериментке 5 магниттік: Ә. Молдағұлова,
Т. Рысқұлов, Т. Әшімбаев, М. Мәметова, орта мектептерінің 10-11 сыныптары қамтылды. 2013-2014 жылдан бастап 8-11 сыныптар қосылып, бала саны 83- тен 196 оқушыға өсті. 2014-2015 оқу жылынан бастап
Т. Әшімбаев, М. Мәметова атындағы орта мектептерде оқушы санының артуына байланысты магниттік мектептердің құрамы өзгеріп,
орнына Еңбекші, Жайсан орта мектептері тартылды.
Ресурстық орталық жұмыс бағдарындағы басты ерекшелік – оқытудың сессиялық түрінің енгізілуі. Сессияаралық және сессия кезеңдері белгіленіп, оның нәтижелері зарттеліп, қорытындыланады. Оқу жылында орталық мектеп базасында үш рет оқушылардың білім сапасы профильдік құзырлықтары анықталып, зертханалық-тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі.
Сессиядан тыс уақытта, әсіресе, сессия кезінде оқушылар мен мұғалімдердің, оқушылар мен сынып жетекшілерінің сарапшы-жаттықтырушыларының, сондай-ақ, облыстық әдістемелік кабинет тарапынан жетекшілік ететін әдіскердің, ғылыми жетекші мен жаңа технология авторлары арасында білімдік-танымдық, дағдылық-тәжірибелік қалыптастыру, сараптау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кеңес беру, сұрақ-жауап, дөңгелек үстөл, презентациялар сияқты танымдық, шығармашылдық жұмыстар жүргізіледі. Сессия уақытында оқушылардың логикалық ой-өрісін, мәдениетін, сана-сезімін дамытатын шаралар да жиі ұйымдастырылады.
Ресурстық орталық құру жұмысы барысында жергілікті жердің әкімшілігі, оқу бөлімдері арқылы :
- Ы. Алтынсарин атындағы қазақ Ұлттық білім академиясы;
- «Өрлеу» БАҰО АҚ; «ҮӘЖ» үздіксіз білім беру орталығы;
- Алматы қалалық Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы;
- Абай атындағы Алматы мемелекеттік университеті;
- Қазақ Ұлттық мемелекеттік аграрлық университеті;
- Тараз мемлекеттік университеті;
- Тараз педагогикалық институты;
- «ЕДТЕСН-КZ» халықаралық білім орталығы;
- «Алмас» колледжі;
- «Құқық бизнес» колледжі;
- №10 кәсіптік лицей;
- Аудандық жастар орталығы;
- Салауатты өмір салтын ұстану орталығы;
ауданаралық прокуратура, мәдениет бөлімі және тілдерді дамыту орталығы, қоғамдық орындармен, өндірістік мекеме басшыларымен және ата-аналармен сөйлесу, келісу арқылы: демеушілер, қолдаушылармен ынтымақтастық шарттар жасалды.
Тірек мектебіндегі атқарылған оқу –тәрбие жұмыстарының сапасы «Саяси құзырлылық», «Әлеуметтік құзырлылық», «Білім құзырлығы», «Зерттеу құзырлылығы» өлшемдері бойынша мониторингттік зерттеу жүргізіліп анықталды.Сонымен қатар ресурстық орталықтың жұмысы «Ата-ана көзімен», «Пәндердің оқытылуы ата-ана көзімен», «УӘЖ технологиясы мұғалім көзімен», «Мұғалім оқушы көзімен» тақырыбында алынған сауалнамалар бойынша:
1.сессия кезінде баланың сабаққа зор ынтамен кететіндігі,
2.сессиядағы жаңалықтармен ойларын бөлісетіндігі,
3.сессия кезіндегі сабақтардың ерекшелігін байқағаны,
4.оқулықпен жұмыс істеуге ден қойғаны,
5.өздігінен кітап оқып білім алуды меңгере бастағаны,
6. көпшілікпен араласып тіл табысуды үйренгені анықталды.
Оқушылар мен ата-аналардың 80 пайызы тірек мектебі жұмысына оң баға берді.
Жүргізіле басатағынына бесінші жыл болған «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында Тірек мектебінде (РО) білім беру үрдісін технологияландырудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы тәжірибелік зерттеу жұмысы магниттік мектептердің білім беру жұмысының сапасын арттыруға қаншалықты ықпал еткендігін эксперимент жұмысының ғылыми тұрғыда ұйымдастырылып жүргізілуінен көруге болады:
Эксперимент жұмысының ғылыми жетекшісі эксперимент жұмысы арқылы «ЕДТЕСН-КZ» халықаралық білім орталығының бас директоры, жоғары дәрежелі психолог Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың ықпалымен педагогика ғылымының кандидаты, доцент Шолпан Шүйіншина, пед. ғ. д. проф. Жанартай Уәжитовна Кобдикова сияқты педагог ғалымдардың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан білім беру үдерісін технологияландыру ісі ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілді. Ғалымдармен бірлесе жасалған ғылыми -әдістемелік жұмыстар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің шағын жинақталған мектептерді дамыту бөлімінің жетекшісі Әлия Сейсенқызы Әлімбекова тарапынан жүйеленіп, облыстық семинарларда, шығармашылық көрмелерде тәжірибелер көрсетіліді. Шығармашылық топ жетекшісі Шамшат Байбосынқызы Смағұлова экспериментатор мұғалімдердің инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізудегі шығармашылық ізденістерін саралап, сауатты, жан-жақты орындалуына ықпал етіп, ауылдық мектептерде базалық және бейінді білім беруге арналған әдістемелік жұмыстардың, нұсқаулықтар мен сабақ үлгілерінің жинақталып таратылуына жетекшілік жасауда.
2013 жылы мектебімізде «Тірек мектеп (Ресурстық орталығы) жағдайында білім беру сапасын қаматамасыз етуде оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың педагогикалық аспектілері» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық семинарға п.ғ.д. профессор Ж. А. Караевтың қатысуы, оқу-тәрбие үдерісін технологияландыру ісіне жол ашты.
Ғалым семинарда нақты пікірлері мен ойларын:
1. Білім сапасы деген сөз - қойылған мақсат пен нәтиженің сәйкестігін білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, пайымдау.
2. Білім сапасы - бұл қойылған мақсат, алынған нәтиже. Ал нәтижеге деңгейлік тапсырмалар арқылы жетеді.
3. Бала өзін анықтау керек. І деңгейге – зачет, ІІ деңгейде дамуы жетілдіріледі. Ол мәселелерді шеше алса ғана жоғары деңгейге шыға алады.
4. Оқулық тапсырмалар жүйесі арқылы жасалуы керек.
5. Оқулықта белгілі бір жүйеде құралған 6 мақсатқа сәйкес тапсырма беріледі. Оқушы талдау, жинақтау, бағалаудан өтсе ғана функционалды сауатты болады - деген пайымдаулары арқылы бөліскен еді. Осы құнды пікірлер эксперимент жұмысы барысында, тәжірибе жүзінде анықталғанын өмір көрсетті.
Эксперимент бағдарламасына сәйкес магниттік мектептерде базалық және бейіндік оқыту мен тәрбиелеу,сапалы білім беру жұмысы оқу-тәрбие жұмыстарын интеграциялау, бірыңғай білім берудің бірыңғай әдістемелік кеңістігін құру негізінде іске асырылды.
Тірек мектебінде базалық және қосымша білім беруді жүзеге асыруға арналған оқу-әдістемелік кешендер: әр пәннің «ҮӘЖ» бойынша жасалған жұмыс дәптерлері, бағдарламалар, дидактикалық материалдар, үйірме жұмыстарының үлгілері, ҰБТ – ге дайындаудың әдістемелері дайындалды. Бастауыш,5-11сыныптар арасында жүргізілетін оқушы тұлғасын дамытуға арналған сыныптан тыс жұмыстардың магниттік мектептерде бір мезгілде өткізілуіне бірыңғай талап қойылды.
2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың маусымына
дейінгі аралыққа тірек мектебі мен «Өрлеу» «БАҰО» АҚ «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы «ҮӘЖ» жекеменшік мекемесінің арасында келісім шарт жасалды. Келісім шарттың негізінде күнтізбелік жоспар, ашық журнал,жұмыс дәптерлері жасалып сынақтан өткізіле бастады. Магниттік мектептерде «Тақырыптық жоспар мен жұмыс дәптерінің айырмашылығы», «Ашық журнал – оқушы білімінің даму деңгейін анықтаудың айқын көрінісі», «ҮӘЖ» технологиясы бойынша жасалған күнтізбелік жоспардың ерекшелігі» тақырыптарында семинар өткізілді. Аталған технология бойынша шығармашылық топ жұмыстары арқылы магниттік мектептермен бірыңғай даму кеңістігі құрылды. Жасалған жұмыстардың нәтижесі 2014 жылы 19 қыркүйекте «ҮӘЖ» орталығының директоры Ж. У. Кобдикова мен тренер Ш. К. Нұрманбетованың қатысуымен өткен «Оқушылардың өз бетімен білім алуына бағытталған оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы мен мазмұны» атты семинарда талданып, сараптамадан өткізіліп, 6-7 сыныпқа арналған география оқулығын жазудың авторлық құрамына Анар Ермекқызы Баетова мен Зинаш Әуелбекқызы Манасбаева кірді. Нәтижесінде 2015 жылы 6-7 сыныпқа арналған география пәні оқулығы «Мұғалім кітабы» мен жұмыс дәптері, «Оқушы кітабы» оқу-әдістемелік кешендерімен «Арман-ПВ» баспасынан шығарылып, қолданысқа енгізілді.
Директордың экперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Жексенбаеваның «Білім беру мазмұнына енгізілген жаңалықтар» тақырыбындағы магниттік мектеп ата-аналарымен өткізген дамыту семинары, «Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны», «Критериалды бағалау ерекшеліктері», « Қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі кері байланыстың маңызы», «Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары» атты коучингтері пән мұғалімдерінің білім беру мазмұнын жаңартуды тәжірибелік кеңес, іскерлік ойын барысында меңгеруіне мүмкіндік туғызды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс орынбасары Айзада Қазбекқызы Пазылбекованың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан әдістемелік жұмыстар мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттырып,өз мүмкіндіктерін, кәсіби деңгейлерінің қаншалықты өскендігін сезінуіне жағдай жасауда.
АКТ негізінде ақпаратты жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау, оларды жан-жақты тарату мақсатында:
124-«ҮӘЖ» технологиясы бойынша әр пәннен жазылған сабақтар қоры,
28- Электронды әдістемелік құралдар,
38-Қолданбалы, таңдау курстарының жинағы,
56-Үйірме жұмыстарының жинағы,
37- Дамыту, тәжірибелік семинарлар,
20 -Флипчарт сабақтар
15- Кәсіби-бағдар беру тақырыбындағы кездесулер
сияқты әдістемелік құралдар әзірленді.
Скайп арқылы сыртқы әріптестік орнатылып, эксперимент жұмысының ғылыми жетекшісі
Ғ. Бейсембаевпен, әдістемелік жетекшілер Ш. Шүйіншинамен, Ш. Нұрмағанбетовамен әртүрлі тақырыптағы семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастырылды.
2016 жылдың 7 мамырында Алматы қаласында өткен «Оқу процесіне педагогикалық технологияны енгізу – білім сапасын арттырудың басты шарты» атты ғылыми- практикалық семинарға тірек мектебінен 6 мұғалім қатысып, тәжірибелерін панорамалық сабақ, баяндама, шығармашылық көрме арқылы көрсетіп, үздік үлгідегі:
1. Әдіскер Ш. Смағұлованың «Жамбыл облысы Шу ауданында «ҮӘЖ технологиясын» іс-тәжірибеге енгізу жағдайы: «Мүмкіндіктері мен нәтижелері»
2. Информатика пәні мұғалімі А. Пазылбекованың Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы информаитка пәнінде «Сұраныстарды ұйымдастыру»
3. Информатика пәні мұғалімі С. Дауренбекованың Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы информтика пәнінде «Дыбыстық эффектілер. Дыбыстық файлдарды құру, жариялау»
4. Б.Жексенбаеваның Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы дүниетану пәнінде «Ауа және оның қасиеті»
5. А. Баетованың география пәні мұғалімі Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы география пәнінде «АҚШ-тың экономикалық аудандары»
6. Математика пәні мұғалімі Г. Есболғанованың Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы математика пәнінде «Трапецияның ауданы» тақырыбындағы жұмыстары Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» «ҮӘЖ» технологиясы: өткені, бүгінгі, келешегі» атты ғылыми – тәжірибелік конференцияның жинағына енгізілді.
Инновациялық жұмыстың нәтижелері Республикалық басылымдарда:
- «Жас ұрпақтың обалына қалмау кез келген Білім министрінің басты танымы болуы тиіс» Ғ. Бейсембаев.
«Қазақы тәлім-тәрбие» Ш. Смағұлова Республикалық «Алаш ұстазы» журналы, 2016жыл.
Облыстық басылымдарда:
Облыстық кәсіподақ « Еңбекші» газетінде «Басталды игі іс-шара»
Ш. Смағұлова 2016ж. «Білім шуағы»,
Ауданыдық басылымдарда:
«Шу өңірі» газетінде «Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте... »
Ш. Смағұлова, 2016 жыл.
Облыстық білім басқармасына берілген шығармашылық есепте:
География пәні (оқу-әдістемелік кешен). 7-сынып – Алматы: Арман – ПВ.
- Геграфия пәнінен 8 сыныпқа арналған мұғалім және оқушы дәптері
- Математика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, 3 сыныпқа дүниетану пәніне арналған жұмыс дәптерлері жарияланды.
Мектебіміз Республикалық «Алаш ұстазы» ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналымен тығыз шығармашылық байланыста. Журналда жарияланған материалдардың сапалы және мазмұнды болып, білім саласындағы өз тәжірибелерімен бөліскені үшін 5 мұғалім «Алаш ұстазы» журналының алғыс хатымен, шығармашылық топ жетекшісі Ш. Смағұлова «Алаш ұстазы» медалімен марапатталды.
Оқу үдерісін технологияландыру, инновациялық жұмыстарды тәжірибеге енгізу әлеуметтік серіктестік аясының кеңейіп, оқушының өмір сүру жағдайына сай өмірлік іс-әрекет тәжірибесін меңгеруіне ықпалын тигізді.
Магниттік мектептермен жұмыс – ауылды, отбасылық тәрбиені сақтай отырып, оқу-тәрбие жұмысын дамыту. Сондықтан ауыл мұғалімдерінің сессия кезінде дуэттік сабақтар беріп, «ҮӘЖ» технологиясымен сабақ жүргізуді өз мектептерінде жалғастыруы, олардың аталған технологияның идеясын түсініп, тәжірибеде қолдануы оқушылардың өздігінен білім алуына функционалдық сауаттылығының қалыптасуына септігін тигізді.
Мұғалімдердің шығармашылық деңгейінің өскендігін оқушылардың функционалдық сауаттылығына баса көңіл бөлініп, өздігінен білім алу дағдыларының қалыптасқандығын Алға орта мектебінің ҰБТ қорытындысы бойынша алғашқы бестікке енуінен, облыстық тарих пәні олимпиадасында Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептен Гүлғайша Уалиева ІІ орынды, аудандық пән олимпиадасында Алға орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Меруерт Пірімбердиева І орынды, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ Ұлттық білім академиясы Орта білім институты Жаратылыстану – математикалық білім зертханасының меңгерушісі Ш. Шүйіншинаның қатысуымен өткен сабақтарды талдау қорытындысы бойынша Еңбекші орта мектебінің мұғалімдері Ғазиза Оспанова, Дания Төлетаева, Жансұлу Дуанбаева, Жайсан орта мектебінің мұғалімдері Айткүл Оңалбаева, Айгерім Тұрсағалиева, Алға орта мектебінің мұғалімі Гүлайым Смағұлованың марапатталуынан көреміз.
Әр сессия сайын ғылыми жетекші Ғани Бектайұлы Бейсембаев тірек және магниттік мектеп ата-аналарымен ата-ананың қоғам алдындағы рөлі, мектептің ата-ананың сенімін ақтауы, мұғалім имиджі сияқты мәселелер төңірегінде психологиялық тренингтер өткізіп, оқушылардың тұлғалық қасиетін дамытудың негізгі себептерін көрсетіп,бағыт беріп отырды. Ғани Бектайұлының мұғалім имиджі, абыройын көтеруге арналған пайымдауларын әлем психологтарының зерттеулерін келтіре отырып, нақты мысалдармен баяндауы мұғалімдерге ой туғызып, қозғау салады. Ғалым негізгі мәселені бейіналды даярлықтың қандай құзіреттілікпен келетініне, мәселені шешудің өзектілігін үнемі назарда ұстауға көңіл аудартады. Осындай бағыт-бағдар, ғылыми болжамдардан соң ата-аналар мен мектеп арасындағы мәселелерді ауқымды іс-шаралар арқылы шешу мақсаты туындады. 2015жылы ақпан айында өткізілген «Қазақы тәлім-тәрбие құндылықтары» атты ата-аналар форумында тірек және магниттік мектептердің көрмесі жасалып, ата-аналар арасында «Менің әулетімнің дәстүрлері» сынып жетекшілері арасында «Балалық шаққа саяхат» атты шығарма байқауларының қорытындысы шығарылып, «ҮӘЖ» технолгиясымен жасалған ата-аналарға арналған тәрбие сағаттары, дөңгелек үстөл, коучинг жүргізілді. 100 ата-ана, магниттік мектеп әкімшіліктері қамтылған форумда ең бастысы: ата-аналар мектепте жүргізіліп жатқан білім беру үдерісін технологияландырудың мәнін түсініп, «ҮӘЖ» технолгиясы бойынша өздігінен білім алудың тиімділігін тәжірибе жүзінде байқады.
2017 жыл-экперимент жұмысының соңғы, қорытынды кезеңі, қорытынды кезең - тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Ауылдағы шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісін технологияландыру, дамыту әр жыл сайын еліміздің тәуелсіздік белесіне аттаған қадамына қосылған үлес. Мектептің 5 жылға арналған даму жоспары, оның орындалуы үнемі тәуелсіздік ұғымымен, тарихымен байланыстырылып отырды.
Тәуелсіздіктің әрбір белесінен өткен сайын науқаншылдыққа бой алдырмай, мектепшілік жүйелі бағдарлама жасап, тәуелсіздікті дәріптеу арқылы жас ұрпақтың тағылым алып, рухани өсуіне шығармашылық топ жетекшісі Шамшат Байбосынқызы Смағұлова ықпал етуде.Ол мектеп тәжірибесінде бірінші рет өткізіліп жатқан оқушылар конференциясы, оқушылар форумы, ата-аналар форумы, бастауыш сыныптар арасындағы Абай, Махамбет, Мұқағали, шешендік сөз оқу байқауларының ережелерін жасап, талапқа сай өтуіне күнделікті бағыт-бағдар беріп отырса, эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Жексенбаева оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналардың мектеп өміріне етене араласуын, өткізілген іс-шаралардың жинақтарының сапалы жасалуын қадағалап,ұйымдастырды.
Тірек мектебіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың жиынтығы әр оқу жылының сәуір айында, 2012-2017 жылдарға арналған «Тәуелсізідік тағылымы» бағдарламасы бойынша жүйеленіп, төмендегі тақырытпарда
2013 жылы 24 сәуір күні «Тәуелсіздік тағылымы» және ресурстық орталық»,
2014 жылы 24 сәуірде «Тәуелсіздік тірегім»,
2015 жылы 24 сәуірде «Мәңгілік ел – еліміздің болашағының бейнесі» атты оқушылар конференциялары,
2016 жылы «Азаттық жолындағы күрестер – тәуелсіздік жеңісі». оқушылар форумы түрінде ретімен өткізіліп, қорытындысы жасалып отырды.
Биылғы оқушылар форумын да сәуір айында «Мәңгілік ел – Мәңгілік мақсат» тақырыбында өткізу жоспарланып отыр. Мысал келтірер болсақ:
2016 жылғы оқушылыр конференциясының ауқымы кеңейтіліп, форум түрінде өтті.Оқушылар форумында еліміздің тәуелсіздік жолындағы күрестері, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлытау ұлағаты», «Мәңгілік ел» болу идеясы туралы оқушылардың үздік шыққан баяндамалары тыңдалып, магниттік мектеп оқушылары делегациясы, атап айтқанда: Ә. Молдағұлова орта мектебі «Ата-баба аңсаған мәңгілік ел», Т. Рысқұлов орта мектебі «Ұлт азаттық көтеріліс – тәуелсіздік үшін күрес», Алға орта мектебі «Алашорда үкіметі – тәуелсіз ел болудың үлгісі», Еңбекші орта мектебі «Тәуелсіздік және біз», Жайсан орта мектебі «Тәуелсіздік - желтоқсанның жеңісі», М. Мақатаев тірек мектебі «Мұқағали және Тәуелсізідік» тақырыптары бойынша жан-жақты ізденістерін көрсетіп, топтық ғылыми жоба жұмыстарын қорғады, мектеп мұражайына тақырыптарын ашатындай макеттер жасап, қолтаңбаларын қалдырды. Іс-шара соңында тірек және магниттік мектептің 8-11 сыныптар оқушылардың жыл бойғы жұмыстары сараланып, «Жыл көшбасшысы», «Жылдың үздік сыныбы», «Жылдың үздік оқушысы», «Үздік шығарма», «Үздік көркем әдебиет оқушы», «Үздік магниттік мектеп газеті», «Үздік күнделік жүргізуші» аталымдары бойынша марапатталды.
Бүгінігі таңда мектеп «Қазақстан балалары нұрлы жолмен» акциясы аясында «Даналардың ізімен – Нұрлы жолға» бағытын ұстанып, жоғарыда аталған іс-шараларды ұлы Абайдың «Бес асыл ісі»:Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рахымға жүйелеп, жіктеп енгізіп отыр.
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек мектебі педагогикалық ұжымының шағын жинақты мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің сұраныстарын қанағаттандырып, шығармашылық деңгейін кәсіби бағытқа бейімдеп, интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеудегі эксперименттік жұмыстар аясында жасалып жатқан жұмыстары әр кезде өз бағасын алып жүр. Мектебіміз Республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауында әдістемелік жұмыстар бойынша жасаған көрмесі жоғары бағаланып, «Үздік көшбасшы» аталымын иеленді. Мектеп директоры Алтын Мадиомарқызы Сихимова мен Анар Ермекқызы Баетованың «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», медалінің иегері болуы, директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы облыстық білім басқармасының « Құрмет» грамотасымен марапатталуы, Анар Ермекқызы Баетованың қазан айында Астана қаласында өткен «Үздік педагог» байқауында «2016 жылдың үздік педагогы» иегері, математика пәні мұғалімі Гүлбағира Көшкінбайқызы Есболғанованың облыстық олимпиада да ІІІ орынға, ие болуы, 2 оқушы алтын белгі, 2 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа, 11сынып оқушысы Ноғайбай Ерзаттың халықаралық ғылыми жоба байқауына математика пәнінен қатысып, екінші орынға ие болып, «Күміс медаль» тақса, мектебіміздің 2016 жылғы түлегі Спанәлі Серіктің « Абай оқулары» байқауының облыстық, республикалық кезеңдерінің жеңімпазы деңгейіне дейін көтерілуі, Алға (магниттік) орта мектебінің 10 сынып оқушылары Кеңесбай Нұржан, Бірімқұлов Ғабиттың, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Шами Гүлназдың үнемі облыстық байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көрінуі, мектебіміздің қатарынан екі жыл облыстық рейтингте «Өзін-өзі дамыту бағытындағы мектеп» номинациясымен бірінші орынды иеленуі - жасалып жатқан тың тәжірибелердің іске асуының дәлелі, мектебіміздің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына толағай табыстармен келгендігінің куәсі.
Жоғарыда баяндалған 2012-2013 оқу жылынан басталған эксперименттік –тәжірибе жұмысының нәтижесі магниттік мектептердің білім сапасының артуына да үлесін қосқандығын ҰБТ-де Ә.Молдағұлова орта мектебінде 93 %, Жайсан орта мектебінде 84 %, Еңбекші орта мектебінде 87 %, Т.Рысқұлов орта мектебінде 62 % білім сапасына қол жеткізгендігінен көруге болады.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында эксперимент жұмысын қорытындылаудың мектепшілік кезеңін мұалімдер форумы түрінде өткізу жоспарланып отыр. Эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Жексенбаева мен ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айзада Қазбекқызы Пазылбекова магниттік мектеп мұғалімдері мен экспериментатор мұғалімдердің шығармашылық есебін, көрмесін, дайындау үстінде.



Мұқағали Мақатаев атындағы
шағын орталықты тірек орта
мектебінің директоры: А. Сихимова

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.