Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету

Автор: admin от 20-08-2019, 22:06, посмотрело: 466

0
«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету»
Республика көлемінде өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен М. Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да қайырымдылық көмек көрсету болып табылады. Осы мақсатқа жету барысында мектебімізде акцияны өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Бұл іс шараға демеушілік көрсеткендер Микрокредиттік ұйымы 5 оқушыны (100000) теңгеге, Шу ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы: Серік Сарсенбеков 2 оқушыны (72000) теңгеге, Шу қаласының видеооператорлары 4 оқушыны (35000) теңгеге, Аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы: Н. Буден 1 оқушыны (15000) теңгеге, жеке кәсіпкер Арынов 2 оқушыны (50000) теңгеге, "Ана" ерікті қоғамы 7 оқушыға (15000) теңгеге кеңсе тауарларын, Түрік диаспорасының жетекшісі Тагиров Бинали Ильясович 2 оқушыны ( 25000) теңгеге, Мектеп ұжымы 2 оқушыны (20000) теңгеге, бастауыш сынып мұғалімдері Р.Дауталиева 1 оқушыға сөмке (5000) теңгеге А. Бексұлтанова 1 оқушыға сөмке (5000) теңгеге, мептеп психологы 1 оқушыға сөмке (5000) теңгеге, география пәнінің мұғалімі А. Баетова 1 оқушыға сөмке (5000) мектеп формасын, спорттық киімдер, сөмке, кеңсе тауарларын сыйға тартты.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші азаматтығын, ізгілігін көрсетіп, келешек ұрпақтың тағдыры үшін алаңдатушылық танытып, акцияға қол ұшын созып, қайырымдылық жасаған азаматтарға мектеп ұжымы және ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.
«Мектепке жол акциясы » жалғасын табуда




М. Мақатаев атындағы шағын
орталықты тірек орта мектебінің
әлеуметтік педагогы: ДИЛЯРА ДЖИЛКИБАЕВА

Категория: Ашық бюджет, Мектеп

 

Мектепке жол

Автор: admin от 2-08-2019, 04:25, посмотрело: 510

8
Мектепке жол

Республика көлемінде өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» акцисы биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да қайырымдылық көмек көрсету болып табылады.Акция барысында Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің ұжымы 20000 мың теңгеге, Шу қаласының видео операларлары 30000 мың теңгеге оқушыларға киім-кешек және кеңсе тауарларын сыйға тартты.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші азаматтығын, ізгілігін көрсетіп, келешек ұрпақтың тағдыры үшін алаңдатушылық танытып, акцияға қол ұшын созып, қайырымдылық жасаған азаматтарға мектеп ұжымы және ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.
«Мектепке жол акциясы » жалғсын табуда

Категория: Мектеп