Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Меню

Автор: admin от 31-01-2024, 21:46, посмотрело: 16

0
Меню

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім

Автор: admin от 30-01-2024, 21:02, посмотрело: 18

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде қаңтардың 29жұлдызында “Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім” тақырыппен қысқы сессияның ашылуы салтанаты өтті.
Ашылу салтанатының мақсаты: “Тірек мектебінің магниттік мектептермен шығармашылық байланысын, мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығын дамыту.
Ашылу салтанатының міндеті: Сессияаралық және сессия кезіндегі атқарылатын жұмыстардың сабақтастығын қамтамасыз ету; магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушыларын
ғылыми - шығармашылық жобалар жасауға бейімдеу; магниттік және тірек мектебінің мақсат-міндеттерін айқындау, жауапкершілікті сезіндіру, өзара шығармашылық байланысты нығайту арқылы білім сапасын көтеру;
Ашылу салтанатына арналған жабдықтау жұмыстары жасалды, көрме қойылды. Атап айтсақ: шығармашылық көрме: тірек мектебінің магниттік мектептермен жүргізілген жұмыстар бойынша фото-көрме кинолентасы жасалды; сессияаралық жұмыстар бойынша тірек және магниттік мектептердің шығармашылық есебі, жинақ папкалары, форум материалдары; оқушылардың жазған пікірлері, кері байланыстары көрмеге қойылды.
Мектеп директоры Алтынкуль Мадиомарқызы Сихимова 4жыл пандемия кезінен кейінгі сесияның дәстүрлі өтуіне арналған ашылу салтанатында ұжымды құттықтап, салтанатты жиынды ашып берді. Келген қонақтардан мектеп мұғалімдері интервью алды. Бастауыш сынып оқушылары келген қонақтарды қошаметпен қарсы алып, тірек мектеп оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды. Әр келген магниттік мектеп делегациясы өз мектептерін тірек мектебімен байланыстыра отырып, таныстырып, өз өнерлерін, жасаған презентацияларын көрсетіп, шаңырақ иесі тірек мектебі оған киілген уық магниттік мектептер екені даналық ағашынан көрінді.
Ашылу салтанатына Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев, Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров, магниттік мектеп директорлары, оқу ісінің орынбасарлары, сынып жетекшілер және тірек мектебінің мұғалімдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.
Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев: Құрметті ұстаздар, оқушылар, керемет іс-шара болып жатыр, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп үлкендер айтатын еді, 10жылдан асып жатқан бұл істеріңіз жалғасын таба берсін. Құрметті оқушылар М.Әуезовтың атамыздың жақсы сөзі бар ғой «Армансыз адам – қанатсыз құстай, арманды адам – құмары қанбас самғап ұшпай» дейді, сол айтпақшы мұғалімдердің еңбегін ақтайтын үлкен тұлға болуларыңа мен тілектеспін.
Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов: Құрметті әріптестер, тірек мектеп ұжымы, магниттік мектеп ұжымы, ресурстық орталықтың кезекті сессияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта бар білімдеріңізді, іс-тәжірибелеріңізді, бар білген жиған-тергендеріңізді осы магниттік мектептен келген оқушыларыңыздың бойына сіңдіресіздер деп ойлаймын. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз алға баса берсін.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров:
Еліміздің болашағы жастар екенін ескерсек, бүгін қайта бастау алып жатқан іс-шара осы жастардың дамуына құйылып жатқан инвестиция деп ойлаймын. Бұл оқушыларға білімі мен біліктілігін арттырып, шығармашылық деңгейін қалыптастыру, достық қарым-қатынастарын нығайтуға деген үлкен мүмкіншілік, алдағы уақытта да бұл іс-шара өз жұмысын жалғасын таба берсін. Осы бағытта оқушыларға өз білгені мен білімін үйретуден жалықпайтын жасампаз ұстаздарға алғыс білдіреміз, шығармашылқ табыстар тілейміз. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!
Еңбекші орта мектебінің директоры Т.Майкеев: Тірек мектебінің директоры Алтын Мадиомарқызы Сихимованың және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Джексенбаеваның жетекшілігімен әрбір сессия кезінде оқу сабақтары, қосымша білім және тәрбие жұмыстары, яғни дамыту блогтары өз алдына жеке жоспарланып, жоғары жауапкершілікпен атқарылып келе жатқанына куә болып келе жаткан магниттік мектептердің біріміз.
Тірек мектебі өз мақсаттарына жету жолында ата-аналарды да жоғары деңгейде бала тәрбиелеуге тарта білді.
Тірек мектебі тек оқушыларға ғана емес мектеп мұғалімдерінің де кәсіби дамуына ерекше ыкпал ете білді. Мәселен, айтар болсак, педагогтеріміз үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) технологиясы бойынша зерттеу сабақтар жүргізіп, тірек мектебінде дуэттік сабақтар өткізді, семминарлар, конференциялар, форумдар, байқаулар ұйымдастырылды. Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, Ғ. Бейсембаев сияқты ғалым-ұстаздармен кездесіп, бірлесе жұмыс аткаруға мүмкіндік туғыза білді.
Шерхан Мұртаза мектебінің мұғалімі Бахыт әпкей : Мұғалімдер осы уақытқа дейін өз тәжірибелерімен алмасып, оқушылар өте көп жұмыстар жасады. Және де оқушыға 7 баламен оқыған қызықпа әлде 24 баламен пікірталастырып оқыған қызықпа. Сол себепті 24баламен тіл табысып, өз білімдерін шыңдап, жетістіктерін көрсетіп, дуэттік сабақтар, спорттық ойындардан осы жерден талай марапаттарға ие болуына осы мектептің еңбегі зор болды. Ауылдың қала балаларына ауыл тәрбиесін: ауылдың балалары ұяң болады, ұяңдықты, биязылықты, қыздардың бұрымдылығын ала келдік, бөлісе білдік. Сонымен қала балалары сүйсіне білді. Осы мектептің мұғалімдері күн демей түн демей үлкен жұмыстар атқарды. Осы жұмыстарды айтқанда Шамшат тәтейдің де еңбегін айта кеткен жөн, ол кісі сөз маржандарын теріп айтуды үйретті, жанамын деген оқушыларға от бола білді. УӘЖ технологиясын бүкіл пәндер бойынша жазып шығып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берді.
Алға орта мектебінің директорының орынбасары Б.Диханбаева: Құрметті әріптестер, жәнеде көздерінде от жанып, білімге деген құштарлықтары артып отырған, бүгіннен бастап тегі артып отырған оқушылар. Біз кішкене ғана мектепте оқыдық, материялдық база рас төмен болды. Сонда бізге келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тірек мектебіне жылына үш рет сессия болады, ауыл балаларынада жақсы нәрсені көрсетеміз деп, эксперимент жасаймыз, білімдерін жоғарылатуға ықпал жасаймыз дегенде қуанып, 2013жылдан тірек мектебі болып құрылғаннан ең бірінші магниттік мектептер болып кіргеннің бірі біздің Алға мектебі болатын. Одан бері қаншама жұмыстар жасалынды. Қаншама жетістікте жетіп жатырмыз. Шамшат тәтейдің еңбегін айтпасақ болмайды. Ғани Бектайұлымен жүргізілген қаншама тренингтері мен семинарларының мұғалімдер мен оқушылардың өсуіне ықпалы зор болды. Осы сессия кезіндеде көп жұмыстар жасалынатына сенеміз. Барлықтарыңызға жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, абырой серік болсын!
Келген қонақтар, мұғалімдерден, оқушылардан кері байланыс алынды. Байқағанымыз, тірек мектебі жұмысына зор шығармашылық табыстар тілеп, бірігіп жұмыс жасауға қызығушылықтарын бар ынталарымен жеткізді. Салтанатты жиын Қ.Алагөзовтың сөзіне жазылған Қ.Молжановтың әні «Қазақ тілі» әнімен аяқталды.
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім

Категория: Мектеп

 

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Автор: admin от 30-01-2024, 20:59, посмотрело: 12

0 30.01.2024ж. күні қысқы сессия кезіндегі дамыту блогының жоспары бойынша магниттік мектеп оқушыларымен бірге 8 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі С.Дауренбекова «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру болды. Танымдық сағат екі жүргізушінің қатысып отырған оқушыларға ой қозғау мақсатында «Құндылық дегеніміз не?» деген сұрақтан басталды. Оқушылар өз ойын айтқан соң тағы да қысқаша мәліметтер беріліп, танымдық сағаты ары қарай «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде жүргізілді. Бірінші «Жыр думан» қонақтары – сынып оқушылары шығып тіл, ар-намыс, қазақ, жер, Отан туралы өлеңдерін жатқа айтты. Содан соң көрермен оқушыларға «Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата-бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойылып жауаптары айтылды. 3, 5, 7 сандарына байланысты «Үш көз, үш арсыз, үш қуаныш, бес қару, бес ақыл, бес дұшпан, жеті жетекші, жеті қазына, жеті жетім, жеті ата» туралы айтылып, мәлімет берілді. Келесіде «Сән думанның» қонағы мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Шайдахметова тәтейіміз болды. Ол кісі өзінің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қолөнерін: құрақ көрпе, құрақ жастық, киізден жасалған қол дорбалары, моншақтан жасалған өңіржиек, жүннен жасалған жұмыстары жайлы және құрақ көрпе фестиваліне Астана қаласына барып қатысып, Гинес кітабына енгені, алған марапаттары туралы сұхбат беріп, оқушылармен пікір алмасты. «Сән думанның» соңы ұлттық киімдерді дәріптеп, оқушылардың сән үлгісін көрсетуімен жалғасты. «Дәм думан» айдарында «Кока-кола мен қымыз» көрінісі қойылды және оқушылар дайындап келген ұлттық тағамдармен таныстырды. «Ән думан» айдарында Еңбекші орта мектебінің оқушылары Тұрғанбек Гүлмарал мен Руслан Саида өлең айтса, тірек мектебімізден Қанат Даниал «Көңіл толқыны» күйін шертіп тамаша көңіл-күй сыйлады. Жалпы танымдық сағат өз дәрежесінде жақсы өтті. Соңында кері байланыс алынды. Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева сөз сөйлеп, оқушыларға ой-пікірін білдіріп, ұсыныс айтып, сәттілік тіледі. Магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушылар да танымдық сағат туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды паш ету, қазақ екенімізді мақтан ету әрбір елім, жерім деп жүрегі соққан азамат үшін парыз.
Ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпайық! Өзге ұлтқа паш етейік! Білімімізді дамытайық!
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Категория: Мектеп

 

ДосболLIKE достық қолын ұсын

Автор: admin от 30-01-2024, 20:57, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)«ДосболLIKE достық қолын ұсын» атты асық ату акциясы өткізілді. Ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының төл мұрасын қастерлеуге баулу мақсатында өткен акцияға оқушылар белсенділікпен қатынасты. – Асық ату – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Халқымыз ерте заманнан қой шаруашылығымен айналысқандықтан, балалар ойындарының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының бірі болып келеді. Асық ату ойынынан жарыстар ұйымдастырылып оқушылар өз бақтарын сынады. Спорт адам баласына тек физикалық қана емес моральды тұрғыдан да өзін-өзі дамытуға мұрша береді.
ДосболLIKE достық қолын ұсын
ДосболLIKE достық қолын ұсын
ДосболLIKE достық қолын ұсын

Категория: Мектеп

 

Healthy food

Автор: admin от 30-01-2024, 20:56, посмотрело: 15

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО)қаңтар айының 29 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Мамбетбаева Фарида Туганбаевна 6 "Б"сынып оқушыларымен "Healthy food"тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабақтың мақсаты: to talk about healthy and unhealthy food.to identify specific information in the text.Сабақтың мақсаты:оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу.Денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдар туралы мағлұмат беру.Сабақтың құрылымы жаңартылатын білім мазмұны бойынша құрылған.Мұғалім сабақ барысында тақырыпты ашу мақсатында видеоролик көрсетті,"Brain Storm" әдісі бойынша миға шабуыл жасалды.Сонымен қатар оқушылар пайдалы және зиянды тағамдар жайлы сұрақтарға жауап берді.Сабақта топтық жұмыс,жұптың жұмыс жасалды.Сабақ соңында Kahoot платформасында оқушылардан тест тапсырмалары алынып,сабақ қорытындыланды.Сабақ соңында кері байланыс алынды.
Healthy food
Healthy food
Healthy food

Категория: Мектеп

 

Ата-аналарды педагогикалық қолдау

Автор: admin от 30-01-2024, 20:55, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ро)
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу..» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. #центрпедагогическойподдержки
#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы #цппр
#біртұтастәрбие
Ата-аналарды педагогикалық қолдау
Ата-аналарды педагогикалық қолдау
Ата-аналарды педагогикалық қолдау

Категория: Мектеп

 

Болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттырып,саналы білім алуға бағыт беру.

Автор: admin от 30-01-2024, 20:54, посмотрело: 16

0 Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта(РО) мектебінде 11 сынып оқушыларымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Мақсаты: Болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттырып,саналы білім алуға бағыт беру.
Университетте оқушыларға қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи материалдық -техникалық, оқу-әдістемелік база бар.Оқу процесінде кафедралардың оқу-әдістемелік кабинеттері кеңінен қолданылады.Барлық оқу кабинеттері мен зертханалары заманауи техникалық құралдармен стендтер мен, көрнекі құралдармен жабдықталған.Кездесуде оқушылар адам өмірінде мамандық таңдаудың маңызы ерекше екенін түсінді.
Болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттырып,саналы білім алуға бағыт беру.
Болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттырып,саналы білім алуға бағыт беру.

Категория: Мектеп

 

Азаматтық авиация академиясы

Автор: admin от 30-01-2024, 20:53, посмотрело: 20

0 Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (РО) мектебінде 9-11сынып оқушыларымен мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында"Азаматтық авиация академиясы"АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Академия ұстазы,Алматы қаласының азаматтық авиация академиясы колледжі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-оқытушысы Бейсебекова Мария Иманғазықызы авиациялық жоғары оқу орнында -ұшақ ұшқыштарын, авиация инженерлерін,әуе қозғалысын басқарушыларды дайындайтын мамандықтар туралы толық түсіндірді.Кездесуден оқушылар өздеріне қажетті мәліметтер жинақтады.
Азаматтық авиация академиясы
Азаматтық авиация академиясы

Категория: Мектеп

 

Дос болайық бәріміз

Автор: admin от 30-01-2024, 20:52, посмотрело: 15

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Дос болайық бәріміз»
атты акция трениг өткізілді.
Акцияның мақсатты: мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту Акция 22-қаңтарда өткізілді. Акция оқушыларды мектеп ортасында достық қарым-қатынас орнатуда белсенді болуға ынталандырады. Оқушыларға мектеп холлының қабырғасына бекітілген стендте немесе үлкен плакатта қызықты іспен бірге айналысатын адамдарды табу ұмтылысы туралы ақпарат орналастыру ұсынылады.Акцияға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз

Категория: Мектеп

 

Конкурс

Автор: admin от 30-01-2024, 05:33, посмотрело: 20

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 0,5 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 80000-100000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 30.01.2024-07.02.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 13.02.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед