Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру

Автор: admin от 19-08-2020, 06:00, посмотрело: 268

0 19 – тамыз 2020 күні сағат 15.00де Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) ұжымымен «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимде ZOOM форматында педкеңес өткізілді. Педкеңеске қатысу үшін мектеп мұғалімдеріне алдын – ала сілтемелер жіберілді. Педкеңесті мектеп директоры А. Сихимова өткізді. Педкеңестің негізгі мақсаты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен педагогтарды хабардар ету.
Мектеп директоры А.Сихимова күн тәртібіндегі мәселелерге жеке тоқталып, биылғы оқу жылының оқу форматына, 1 – 4 сыныптардың жұмыс режиміне және жұмыс қағидаларына, қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритміне, педагог имиджі мен жаңа оқу жылындағы білім алушыларды бағалау ерекшеліктеріне баса назар аударды.
2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру

Категория: Мектеп, Мектеп әкімшілігі