Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Жақсы жер – жан тынысы, жақсы өнер - жігіт ырысы

Автор: admin от 30-09-2020, 07:28, посмотрело: 254

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 2020 жылдың 30 қыркүйек күні мектебіміздің түлегі, кинорежиссер, әйгілі «Балуан Шолақ» фильмінің режиссеры Садығұлов Нұргелді Серікұлымен «Жақсы жер – жан тынысы, жақсы өнер - жігіт ырысы» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен Zoom платформасында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектеп түлектерімен кездесіп, сыр шертіп, оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағдар корсету. Кездесу барысында оқушылар режиссерға әртүрлі сауалдар қойды. Нұргелді Серікұлы режиссерлық жұмыстың қызығы мен жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екендігін айта отырып, оқушыларды білім алуға, елі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
Жақсы жер – жан тынысы, жақсы өнер - жігіт ырысы

Категория: Мектеп

 

Қауіпсіз мектеп ортасы

Автор: admin от 25-09-2020, 04:51, посмотрело: 421

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) сынып жетекшілеріне"Қауіпсіз мектеп ортасы" Республикалық науқаны аясында, мектеп инспекторы А.Пирматов чат арқылы онлайн режимінде
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық
жауапкершілігі"тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқықбұзушылық жасаған жасөспірімдерге қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік туралы жадынамалар ата-аналар мен оқушыларға тәрбиелік мәні бар бейнероликтер,ақпараттық парақшаларды fasebook,Whatsapp, әлеуметтік желілері арқылы таратылды. Бастауыш сынып жетекшісі Р.Дауталиева "Жолда жүру ережесімен" түсіндіріп, қаусіздік туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Құрметті сынып жетекшілері!
Кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынады.
Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасаған жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, ұрлық және зорлық-зомбылық үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жалпы құқықбұзушылықтықтың орын алуы себебі, балаға дұрыс қадағалаудың жоқтығынан болады.
Әрбір сынып жетекшісі оқушылардың тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Ата-аналармен бірлесе алдын алу жұмыстарын жүргізсек ғана, балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық іске бармауына үлкен тосқауыл болатындығын естен шығармайық.

Қауіпсіз мектеп ортасы
Қауіпсіз мектеп ортасы
Қауіпсіз мектеп ортасы
Қауіпсіз мектеп ортасы


Категория: Мектеп

 

құрылған бастауыш кезекші сыныптардың санитарлық нормаға сәйкес оқу-тәрбие үрдісінің барысы

Автор: admin от 10-09-2020, 23:32, посмотрело: 218

0
Шу ауданы, Төле би ауылы. М. Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) құрылған бастауыш кезекші сыныптардың санитарлық нормаға сәйкес оқу-тәрбие үрдісінің барысы

Категория: Мектеп