Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қауіпсіз мектеп ортасы

Автор: admin от 25-09-2020, 04:51, посмотрело: 422

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) сынып жетекшілеріне"Қауіпсіз мектеп ортасы" Республикалық науқаны аясында, мектеп инспекторы А.Пирматов чат арқылы онлайн режимінде
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық
жауапкершілігі"тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқықбұзушылық жасаған жасөспірімдерге қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік туралы жадынамалар ата-аналар мен оқушыларға тәрбиелік мәні бар бейнероликтер,ақпараттық парақшаларды fasebook,Whatsapp, әлеуметтік желілері арқылы таратылды. Бастауыш сынып жетекшісі Р.Дауталиева "Жолда жүру ережесімен" түсіндіріп, қаусіздік туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Құрметті сынып жетекшілері!
Кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынады.
Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасаған жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, ұрлық және зорлық-зомбылық үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жалпы құқықбұзушылықтықтың орын алуы себебі, балаға дұрыс қадағалаудың жоқтығынан болады.
Әрбір сынып жетекшісі оқушылардың тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Ата-аналармен бірлесе алдын алу жұмыстарын жүргізсек ғана, балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық іске бармауына үлкен тосқауыл болатындығын естен шығармайық.

Қауіпсіз мектеп ортасы
Қауіпсіз мектеп ортасы
Қауіпсіз мектеп ортасы
Қауіпсіз мектеп ортасы


Категория: Мектеп