Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ас мәзірі 30.01-03.02.2023

Автор: admin от 30-01-2023, 21:56, посмотрело: 40

0
ас мәзірі 30.01-03.02.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Таза қала сізден басталады

Автор: admin от 30-01-2023, 03:49, посмотрело: 41

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 5-8 сынып оқушыларына арналған «Pro Eco» экологиялық жобалар конкурсының «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің 7 сынып оқушылары Нұрман Инаят пен Хан Владислав аудандық байқауға қатысып жүлделі I орын алды.Жетекшісі: Алимова Альмира Мұратбекқызы. Байқауға қатысудағы оқушылардың басты мақсаты: еріктілер тобынан құрылған оқушылар өз ауыл –аймақтарындағы жағажай, өзен-көл маңындағы қоқыстарды жинау арқылы тазалау және тағы басқа қоғамдық жұмыстарға үлес қосу мақсатында Төле би ауылының әкімі Ошанов Азамат Серікұлы да ауылдың абыройын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілеп оқушылардың жұмысымен танысып өз ойымен бөлісті.
Таза қала сізден басталады
Таза қала сізден басталады

Категория: Мектеп

 

ас мәзірі 23-27.01.2023

Автор: admin от 24-01-2023, 23:11, посмотрело: 41

0
ас мәзірі 23-27.01.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Сыныптық жұмысты талдау

Автор: admin от 24-01-2023, 03:51, посмотрело: 24

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 19.01.2023ж. күні директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаеваның ұйымдастыруымен «Сыныптық жұмысты талдау» тақырыбында семинар өтті. Магниттік мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері және ұйымдастырушы мектептің сынып жетекшілерінің қатысуымен өткен семинардың мақсаты: Жас ұрпақтың тәрбиесі нәтижелі болуы үшін мектептегі және мектептен тыс тәрбие үдерісін жетілдіру.
Міндеттері: қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге арналған топ құру; іскерлік
қатынас желісін орнату; сыныптық жұмыстың кешенді жүргізілуін қамтамасыз ету.
Семинар Баян Ниятуллақызының сөзімен басталды. Мақсатты іске асыру аймағы мен міндетті іске асыру аймағын толық ашып, нақты дәйектерді келтірді. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиеге баса назар аударып, қатысушы қонақтардың пікірін білді. Өткен күннің бала тәрбиесі жөнінде «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсете отырып, өзекті тақырыпты қозғады. Бүгінгі күннің бала тәрбиесі жөніндегі олқылықтар мен жетістікке жету үшін атқару керек жұмыстарды баса айтты.
Келесі сөз кезегін семинарға жауапты мұғалімнің бірі А.Орынбаева алып, өз сыныбына жүргізген жұмыстың зерттеуін, яғни «социометрия» әдісін тәжірибе жүзінде көрсетіп, түсіндірді. Зерттеу жұмысы «социометрия» әдісі барысында анықталған тұйық, оқшауланған, назардан тыс қалған оқушылармен жұмыс жүргізуді мектеп психологына тапсырды. Зерттеу нәтижесінде қатысушыларға бала тәрбиесіне қатысты ситуациялық сұрақтар қойылып пікірлер тыңдалды.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей, тәрбиеден кейін білім сапасы талқыланды. М.Жаппарова сынып жетекшілік етіп жүрген 10-сынып оқушыларының білім сапасын өткен екі тоқсанды салыстырмалы түрде көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сыныптағы жетістікке жету жолдарын сыныппен жүргізген талдау жұмыстарын салыстырмалы түрде көрсетіп, екі тоқсан арасындағы жетістікке қалай жеткені туралы талдап берді.
1. Жетістік бойынша талдау
2. Кемшіліктер бойынша талдау
3. Білім сапасының талдауы
4. Тәрбие сағаты бойынша талдау
5. Сынып жиналысының талдауы
6. Ата-аналармен өткізілген жиналыстардың талдауы
7. Сынып активтерімен жүргізілген жұмыстардың талдауы
8. Қоғамдық пайдалы еңбек туралы және еңбекке тәрбиелеу талдау
9. Отбасылық тәрбие туралы талдау
Білім сапасын көтерудегі атқарылу керек жұмыс түрлерімен ой бөлісті.
Семинар соңына қарай өткен күн мен бүгінгі күннің бала тәрбиесі туралы айтылып талқыланған соң болашаққа көз жүгірту де ұмыт қалдырылмады. С.Дауренбекова сөз кезегін алып, қатысушы қонақтарды «Болашаққа көзқарас» деп Ата-аналар тобы: «Болашақтың мұғалімі»; Оқушылар тобы: «Болашақтың оқушысы; Мұғалімдер тобы: «Болашақтың ата-анасы»; Сынып жетекші тобы: «Болашақтың сынып жетекшісі»; Әкімшілік тобы: «Болашақ мектеп» тақырыптарында постер қорғауға жұмылдырды. Барлық қатысып отырған сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі белсене қатысып, постерді тамаша қорғап шықты. Көптеген ой-пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар соңында Еңбекші орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапсарбаев Асылхан, Алға орта мектебінен келген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадраимова Сая, Жайсан орта мектебінен келген мұғалім, сынып жетекші Абике Асель өз сөздерінде бүгінгі семинар жұмысына оң бағаларын беріп, тәжірибе алмасуда қоржындарын толтырып бара жатқандарын атап өтті.
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Ақылбекова Білжан: «Семинар жүйелі түрде ұйымдастырылған. Социометриялық талдаудың тиімділігін көрдім. Алдағы уақытта сол талдауды сыныбыммен жүргізіп бір жақсы нәтижеге жетемін деп ойлаймын» деп пікірін білдірді.
Семинар қорытындысында мектеп директоры Сихимова Алтынкул Мадиомаровна сөз алып, сыныптық жұмысты талдау: жетістіктері мен кемшіліктердің басты себептерін тауып, келесі жұмысты дұрыс жоспарлау; оқыту сапасын жақсарту; сынып жетекшінің кәсіби шеберлігін арттыру; жұмыс тәжірибесіне жаңалық енгізу; сабақта оқу-тәрбие процесін бағалау мақсатында; оқушының дамуын анықтау; жүргізілген жұмыс нәтижесін көру үшін қажет екені айтып өтті.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Кері байланыс алынып, мұғалімдер өз ұсыныстарын білдірді. Әр атқарылған іс жүйелі түрде жүргізілген кезде нәтиже болатынына көз жетті. Осылай семинар өз жұмысын аяқтады.

Сыныптық жұмысты талдау
Сыныптық жұмысты талдау

Категория: Мектеп

 

Бракераж

Автор: admin от 20-01-2023, 21:25, посмотрело: 74

0
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері

Автор: admin от 19-01-2023, 03:53, посмотрело: 15

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қыздарбеков Нариман Ақбергенович «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізіп,оқушылардың сабақ уақытында сабақта, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәдениетін түсіндіру мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларды түсіндіріп өтті.
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері

Категория: Мектеп

 

ас мәзірі 16-20.01.2023

Автор: admin от 16-01-2023, 03:08, посмотрело: 32

0
ас мәзірі 16-20.01.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Салтын сүйген – халқын сүйер

Автор: admin от 11-01-2023, 03:54, посмотрело: 17

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 2022 – 2023 оқу жылына құрылған жұмыстық жоспарына сай, қаңтар айының 9 – 31 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің айлығы болып бекітілген. Бүгін қаңтар айының 11ші жұлдызында аталмыш пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Салтын сүйген – халқын сүйер» атты айлықтың ашылу салтанаты болып өтті.
Мақсаты: Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баули отырып, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу.
Салтанатты кешті қазақтың қасиетті қара домбырасымен бастап, кеш қонақтарының рухын бір көтеріп тастады. Бұл салтанатты жиында «Әжелер» ансамблі ән шырқап, баланың дүниеге келуіне байланысты салт – дәстүрлерін көрсетіп, қазағымыздың дәстүрлерінің ешқашан ескірмейтіндігін тағы да дәлелдеп берді. Бала дүниеге келгенде орын алатын дәстүрлер рет ретімен көрсетіліп отырды. Қуанышты жаңалықты хабарлайтын «Сүйінші», оны сұраған балаға сүйінші беру, балаға «Азан шақырып ат қою», «Бесікке бөлеу», «Қырқынан шығару» және «Тұсаукесер» рәсімі өз деңгейінде көрсетілді. Кеште оқушылардан құрылған оркестрде күй ойналып, «Нәзік қыздар» квартеті ән шырқаса, мың бұралған бишілер биден шашу шашты. Кеш қонақтары да сырт қалмай ұйымдастырушылар дайындаған салт – дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, тойдан тобықтай сыйлықтарға ие болды. Іс – шара барысында кеш қонақтары да белсенділік танытып, «ауылдың алты ауызын» шырқай жөнелді. Кеш соңында қонақтарға арнап тойбастар таратылды.
Салтын сүйген – халқын сүйер
Салтын сүйген – халқын сүйер

Категория: Мектеп

 

ас мәзірі 9-13.01.2023

Автор: admin от 9-01-2023, 04:35, посмотрело: 74

0
ас мәзірі 9-13.01.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту