Салтын сүйген – халқын сүйер

Автор: admin от 11-01-2023, 03:54, посмотрело: 17

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 2022 – 2023 оқу жылына құрылған жұмыстық жоспарына сай, қаңтар айының 9 – 31 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің айлығы болып бекітілген. Бүгін қаңтар айының 11ші жұлдызында аталмыш пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Салтын сүйген – халқын сүйер» атты айлықтың ашылу салтанаты болып өтті.
Мақсаты: Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баули отырып, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу.
Салтанатты кешті қазақтың қасиетті қара домбырасымен бастап, кеш қонақтарының рухын бір көтеріп тастады. Бұл салтанатты жиында «Әжелер» ансамблі ән шырқап, баланың дүниеге келуіне байланысты салт – дәстүрлерін көрсетіп, қазағымыздың дәстүрлерінің ешқашан ескірмейтіндігін тағы да дәлелдеп берді. Бала дүниеге келгенде орын алатын дәстүрлер рет ретімен көрсетіліп отырды. Қуанышты жаңалықты хабарлайтын «Сүйінші», оны сұраған балаға сүйінші беру, балаға «Азан шақырып ат қою», «Бесікке бөлеу», «Қырқынан шығару» және «Тұсаукесер» рәсімі өз деңгейінде көрсетілді. Кеште оқушылардан құрылған оркестрде күй ойналып, «Нәзік қыздар» квартеті ән шырқаса, мың бұралған бишілер биден шашу шашты. Кеш қонақтары да сырт қалмай ұйымдастырушылар дайындаған салт – дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, тойдан тобықтай сыйлықтарға ие болды. Іс – шара барысында кеш қонақтары да белсенділік танытып, «ауылдың алты ауызын» шырқай жөнелді. Кеш соңында қонақтарға арнап тойбастар таратылды.
Салтын сүйген – халқын сүйер
Салтын сүйген – халқын сүйер

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.