Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық күні

Автор: admin от 31-10-2023, 21:33, посмотрело: 23

0
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Жыл сайын 29 қазанда Қазақстан Республикасында «Қамқоршылық күні» 26 қазан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде аталып өтті. Бұл іс-шара мақсаты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 3 бала қамқоршылықта тәрбиеленуде. «Жетім көрсең, жебей жүр» - деген қағиданы ұстанған азамат балаға әкенің тәрбиесі мен ананың мейірімін сыйлауда. Мектеп әкімшілігі балаларды қамқошылыққа алған ата - аналар Нұрпазилова Шолпан, Рысбеков Алматты Қамқоршы күні мерекесіне арналған «Мейірімді жүрек» атты мерекелік концертке шақырып, ата аналарға алғыс хат және сый- сыйапаттарын тапсырды. Ата -ананың қамқорлығынсыз қалған баланың тағдырына немқұрайлы қарамағанына шексіз алғыстарын білдіріп , мықты денсаулық тіледі. Мектеп әкімшілігі ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламаны тамашалап , алғыстарын білдірді.

Қамқоршылық күні
Қамқоршылық күні
Қамқоршылық күні
Қамқоршылық күні

Категория: Мектеп

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Автор: admin от 30-10-2023, 23:40, посмотрело: 16

0
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы нөмірі 57 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын" негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымына төмендегі үміткерлермен 2023 жылдың 31 қазан күні сағат 12.00 де конкурс өтетіндігін хабарлайды.
Ақшалова Аружан Құрманқожақызы – мектеп тәлімгеріне.

Категория: Мектеп

 

Ақшаны ақылмен жұмсайық

Автор: admin от 27-10-2023, 21:32, посмотрело: 12

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 27 қазан күні Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен 'Ақшаны ақылмен жұмсайық' атты танымдық сағатты
9 в сынып оқушылары өткізді.Сынып жетекшісі Казанбаева Гульнур Бейсенбаевна
Мақсаты:Ақшаның пайда болу тарихы,ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі.қалай кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру,осы уақытқа дейінгі теңгенің өзгеру сипатын айту,басқа елдің валюталарын да білу
Оқушылар керемет,тың мағлұматтар берді.Қойылымды қазіргі өмірдегі шынайы жағдаймен байланыстырып қазіргі жастардың оңай ақша табу жолын таңдайтыны оның соңы жаман жағдайға ұшырайтынын көрсеттіп.дер кезінде көмек көрсетсе достарына, оны жеңе алатынын көрсете білді,Танымдық сағат өте жоғары дәрежеде өткізілді, соңында Балжанның орындауында Жақсы адамдарым әнімен аяқтады

Ақшаны ақылмен жұмсайық
Ақшаны ақылмен жұмсайық
Ақшаны ақылмен жұмсайық
Ақшаны ақылмен жұмсайық

Категория: Мектеп

 

Қарттарын қадірлеген - ел ардақты

Автор: admin от 27-10-2023, 21:30, посмотрело: 12

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (ро) ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 қазан күні 9 «Ә» сынып оқушыларының «Қарттарын қадірлеген - ел ардақты» атты танымдық сағат өткізді. Мақсаты: : Оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғысынан қайырымдылыққа тәрбиелеп, дұрыс әрекет құңдылығының мәнін ашу.Танымдық сағат барысында оқушылар өз шығармашылықтарын өлеңдерін, билерін және тақырыпқа сай көріністері мен монолог оқып, керемет іс-шара өткізді.

Қарттарын қадірлеген - ел ардақты
Қарттарын қадірлеген - ел ардақты
Қарттарын қадірлеген - ел ардақты
Қарттарын қадірлеген - ел ардақты

Категория: Мектеп

 

Қамқорлық акциясы

Автор: admin от 26-10-2023, 21:28, посмотрело: 12

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (Р. О) 26 қазанда Дауталиева Рабиға Әлімқызы жетекшілік ететін 3"А"сыныбының ,, Қамқорлық акциясы"атты іс шара ұйымдастырылды. Акцияға ата-аналар, оқушылар және үйден оқитын оқушылар жұмылдырылды. Мектеп бойынша үйден оқитын оқушылар қонаққа шақырылды.
Мақсаты :үйден оқитын оқушыларды мектеп оқушылары мен қоғамға араластыру, ата-аналарды іс-шараға қатыстыру.
Өтілу барысы:
1 топ:шығарма,, Мен қамқорлық жасай аламын "
2 топ:бейнелеу өнері,, Қамқорлық- мейірімділік'
3 топ:еңбек,, Мен балама көңіл бөлемін''
Топтар дайын болғанша қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалады.
Шақырылған барлық үйден оқитын оқушыларға директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаның қолдауымен Шу қаласының келіні, жеке кәсіпкер Ерменбаева Дильбар демеушілік танытып, сыйлықтар тапсырды. Ал, бастауыш сынып мұғалімдері бастауыштағы үйден оқитын оқушыларға қосымша тағы сыйлықтар тапсырды.
Осындай қайырымды әрі жомарт жандардың арамызда болғандығы үлкендерді де, балаларды да шексіз риза етті. Әсіресе балалардың қуанышында шек жоқ екендігі көрініп-ақ тұрды. Жағымды іс жалғасын тапса екен деген тілек жүрегімізден еріксіз төгіліп шықты.

Қамқорлық акциясы
Қамқорлық акциясы
Қамқорлық акциясы
Қамқорлық акциясы

Категория: Мектеп

 

Отанын сүюге,еліміздің салт - дәстүрін қастерлеуге

Автор: admin от 26-10-2023, 21:25, посмотрело: 22

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 25-қазан Республика күніне байланысты мектепішілік плакаттар байқауы өтті. Мақсатымыз жас ұрпақты Отанын сүюге,еліміздің салт - дәстүрін қастерлеуге , бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Плакаттарға салынған суреттерді қорытындылай келе 7 ,,А" сыныбы 1- орын алса, 2-орынды 5,,Д" сыныбы, 3-орынды 6,,Б", 6,,В", 5,,Г" сыныптары алып, мақтау қағазымен марапатталды.

Отанын сүюге,еліміздің салт - дәстүрін қастерлеуге
Отанын сүюге,еліміздің салт - дәстүрін қастерлеуге
Отанын сүюге,еліміздің салт - дәстүрін қастерлеуге
Отанын сүюге,еліміздің салт - дәстүрін қастерлеуге

Категория: Мектеп

 

Мәлімет Қамқоршылық

Автор: admin от 26-10-2023, 21:15, посмотрело: 14

0
Mlmet-amorshyly.rar [507,91 Kb] (cкачиваний: 0)

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Мейрімді жүрек

Автор: admin от 26-10-2023, 21:14, посмотрело: 17

0
Meyrmd-zhrek.rar [13,04 Kb] (cкачиваний: 0)

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Автор: admin от 26-10-2023, 05:33, посмотрело: 32

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Ағылшын тілі пәні мұғалімі» 1 бірлік (уақытша)
- Лауазымдық жалақысы: 150000 – 180000 тг. (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 26.10.2023 -09.11.2023 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 10.11.2023 жылғы сағат 15:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Мерген

Автор: admin от 25-10-2023, 23:44, посмотрело: 21

0
Қазан айының 20- күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ро) 25 қазан Республика күніне орай 10-сынып оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан ату "Мерген" жарысы өтті. Жарыс барысында нысананы дәлдеп атуда шарт бойынша берілген 5 оқтан командалық ұпай жиналды.Ұпайлар арқылы жоғары нәтижеге жеткен командалар марапатталды.

Мерген
Мерген
Мерген
Мерген
Мерген
Мерген
Мерген
Мерген

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед