Қамқорлық акциясы

Автор: admin от 26-10-2023, 21:28, посмотрело: 12

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (Р. О) 26 қазанда Дауталиева Рабиға Әлімқызы жетекшілік ететін 3"А"сыныбының ,, Қамқорлық акциясы"атты іс шара ұйымдастырылды. Акцияға ата-аналар, оқушылар және үйден оқитын оқушылар жұмылдырылды. Мектеп бойынша үйден оқитын оқушылар қонаққа шақырылды.
Мақсаты :үйден оқитын оқушыларды мектеп оқушылары мен қоғамға араластыру, ата-аналарды іс-шараға қатыстыру.
Өтілу барысы:
1 топ:шығарма,, Мен қамқорлық жасай аламын "
2 топ:бейнелеу өнері,, Қамқорлық- мейірімділік'
3 топ:еңбек,, Мен балама көңіл бөлемін''
Топтар дайын болғанша қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалады.
Шақырылған барлық үйден оқитын оқушыларға директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаның қолдауымен Шу қаласының келіні, жеке кәсіпкер Ерменбаева Дильбар демеушілік танытып, сыйлықтар тапсырды. Ал, бастауыш сынып мұғалімдері бастауыштағы үйден оқитын оқушыларға қосымша тағы сыйлықтар тапсырды.
Осындай қайырымды әрі жомарт жандардың арамызда болғандығы үлкендерді де, балаларды да шексіз риза етті. Әсіресе балалардың қуанышында шек жоқ екендігі көрініп-ақ тұрды. Жағымды іс жалғасын тапса екен деген тілек жүрегімізден еріксіз төгіліп шықты.

Қамқорлық акциясы
Қамқорлық акциясы
Қамқорлық акциясы
Қамқорлық акциясы

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.