Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!

Автор: admin от 22-08-2022, 00:12, посмотрело: 30

0
Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 тамыз күні орталық алаңда, "Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!" ұранымен "Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акция аясында жәрмеңке өткізілді.
Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын қолдау, сондай-ақ халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.
Жәрмеңкеде мектепке қажетті кеңсе тауралары мен киім-кешектер тұрғындар игілігі үшін арзан бағада ұсынылды.
#мектепкежол2022

Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!
Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!
Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!

Категория: Мектеп

 

Балақайлар мектеб

Автор: admin от 20-08-2022, 22:59, посмотрело: 20

0
М.Мақатаев тірек орта мектебінде 08.08-19.08 аралығында "Балақайлар мектебі” өз жұмысын жүргізді. Балақайлар мектебінің мақсаты: бастауыш мектепте оқуға балалардың зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.
Міндеттері: балалардың мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық, белсенділік, шығармашылық);
*жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);
*бірлескен іс-әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау т.б.);

Балақайлар мектеб
Балақайлар мектеб

Категория: Мектеп

 

Хаттама

Автор: admin от 19-08-2022, 05:12, посмотрело: 22

0
Сахбаева Алтынай-қашықтан оқыту жетекшісіне.

Кунчашева Гулсара- орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне.

Абикеева Мөлдір- мектеп тәлімгеріне.

Беккоджа Жалғас-дене шынықтыру мұғаліміне.

Категория: Мектеп

 

Хаттама

Автор: admin от 19-08-2022, 04:05, посмотрело: 121

0
Хаттама
Хаттама
Хаттама
Хаттама
Хаттама

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Автор: admin от 17-08-2022, 22:53, посмотрело: 23

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ»
«Математика пәні мұғалімі»
«Химия пәні мұғалімі» (уақытша)
«Қашықтан оқыту педагогі» (уақытша)
лауазымдарына конкурс жарияланады
- Лауазымдық жалақысы: 140000 – 160000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкус өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 8 775 296 48 38
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
Жеке басын куәландыратын құжат;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы;
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.: 3-12-58 m.makataeva@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 19.08.2022-27.08.2022 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 31.08.2022 жылғы сағат 15:00 - де
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық)

Категория: Мектеп

 

Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық

Автор: admin от 16-08-2022, 22:52, посмотрело: 22

0
"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" акциясына қатысыңыз! "Мектепке жол" акциясы
биыл "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен.
1тамыз - 31тамыз аралығында белсенді қатысуға шақырамыз! Жауапты: әлеуметтік педагог Джилкибаева Диляра Амановна. Байланыс телефоны: 87758719307

Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық

Категория: Мектеп

 

Жамбыл Өрлеу

Автор: admin от 15-08-2022, 22:50, посмотрело: 21

0
Бастауыш сынып мұғалімдері біліктілік арттырды
"Жамбыл Өрлеу” кәсіби дамыту институты 1 мен 12 тамыз аралығында Шу ауданы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсын өткізді. Курс оқытушысы, Жұлдыз Сұлтанқызы, мұғалімдерге білім беруде зор үлесін қосты. Қатысқан 30 мұғалім жаңа оқу жылына біліктіліктерін арттырып, заманауи әдіс тәсілдерді игерді.
Бастауыш сынып - әр баланың өмір бойғы білім игеруінің іргетасы. Сондықтан да бұл саладағы мұғалімдерге талап та жылдан жылға күшейтіліп келе жатыр. Осыған сәйкес мұғалімдеріміз ана тілі, математика, қазақ тілі пәндерінен сабақ берудегі жаңа әдіс-тәсілдер мен ерекше методикаларды меңгерді. Бастауыш сынып бағдарламасы, пәндері, мазмұны, дидактикасы бойынша тестілеу нәтижелері педагог құзыреттілігінің көрсеткіші болғандықтан аталған оқыту мұғалімдеріміздің күрделі тақырыптарды эффективті түрде меңгеруіне бағытталды. Оқытушы Жұлдыз Сұлтанқызы педагогтарымыздың қалауын ескере отырып, жүйелі, сапалы білімді толыққанды берді. Бастауыш сынып мұғалімдері оқу мерзімін сәтті аяқтап "Жамбыл Өрлеу” ұжымынан берілген сертификаттарды иеленді.
Біздерден жас өспірім білім алады,
Жүйесін таба білсек іліп алады.
Жемісті болсын біздің еңбегіміз,
Артымызда жүз жылдық ілім қалды.
деген сөздермен мұғалімдеріміз жаңа оқу жылына орасан жігер, талап, біліммен аяқ басты. "Жамбыл Өрлеу” ұжымына алғысымызды білдіре отырып, жаңа оқу жылы баршамызға шығармашылық тұрғыдан табысты, сәтті болсын дейміз!
М.Мақатаев атындағы тірек
орта мектебінің (Р.О) бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл Өрлеу

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Автор: admin от 8-08-2022, 23:45, посмотрело: 46

0
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі
(Ресурстық орталық) КММ»
«Математика пәні мұғалімі» (қазақ сыныптарына)
«Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі» (қазақ сыныптарына 1, орыс сыныптарына 2)
«Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» (уақытша, осы қызметте еңбек өтілі болу керек);
«Тәлімгер» (уақытша);
«Химия пәні мұғалімі» (уақытша, қазақ сыныптарына);
«Қашықтықтан оқыту педагогы» (уақытша).
- Лауазымдық жалақысы: 140000 – 160000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкус өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 8 775 296 48 38
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 m.makataeva@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 01.08.2022-09.08.2022 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 16.08.2022 жылғы сағат 15:00 - де
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық)

Категория: Мектеп

 

Балақайлар мектебі

Автор: admin от 8-08-2022, 22:47, посмотрело: 22

0
Бүгін Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 8-19 тамыз аралығында «Балақайлар мектебі» өтетін дайындық сабақтары басталды.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өткізілуде.

Балақайлар мектебі
Балақайлар мектебі

Категория: Мектеп

 

Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық

Автор: admin от 4-08-2022, 23:26, посмотрело: 147

0 "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" акциясына қатысыңыз!
"Мектепке жол" акциясы биыл "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен.
1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында белсенді қатысуға шақырамыз! Жауапты: әлеуметтік педагог Джилкибаева Диляра Амановна. Байланыс телефоны: 87758719307

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед