Жамбыл Өрлеу

Автор: admin от 15-08-2022, 22:50, посмотрело: 21

0
Бастауыш сынып мұғалімдері біліктілік арттырды
"Жамбыл Өрлеу” кәсіби дамыту институты 1 мен 12 тамыз аралығында Шу ауданы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсын өткізді. Курс оқытушысы, Жұлдыз Сұлтанқызы, мұғалімдерге білім беруде зор үлесін қосты. Қатысқан 30 мұғалім жаңа оқу жылына біліктіліктерін арттырып, заманауи әдіс тәсілдерді игерді.
Бастауыш сынып - әр баланың өмір бойғы білім игеруінің іргетасы. Сондықтан да бұл саладағы мұғалімдерге талап та жылдан жылға күшейтіліп келе жатыр. Осыған сәйкес мұғалімдеріміз ана тілі, математика, қазақ тілі пәндерінен сабақ берудегі жаңа әдіс-тәсілдер мен ерекше методикаларды меңгерді. Бастауыш сынып бағдарламасы, пәндері, мазмұны, дидактикасы бойынша тестілеу нәтижелері педагог құзыреттілігінің көрсеткіші болғандықтан аталған оқыту мұғалімдеріміздің күрделі тақырыптарды эффективті түрде меңгеруіне бағытталды. Оқытушы Жұлдыз Сұлтанқызы педагогтарымыздың қалауын ескере отырып, жүйелі, сапалы білімді толыққанды берді. Бастауыш сынып мұғалімдері оқу мерзімін сәтті аяқтап "Жамбыл Өрлеу” ұжымынан берілген сертификаттарды иеленді.
Біздерден жас өспірім білім алады,
Жүйесін таба білсек іліп алады.
Жемісті болсын біздің еңбегіміз,
Артымызда жүз жылдық ілім қалды.
деген сөздермен мұғалімдеріміз жаңа оқу жылына орасан жігер, талап, біліммен аяқ басты. "Жамбыл Өрлеу” ұжымына алғысымызды білдіре отырып, жаңа оқу жылы баршамызға шығармашылық тұрғыдан табысты, сәтті болсын дейміз!
М.Мақатаев атындағы тірек
орта мектебінің (Р.О) бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл Өрлеу

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.