Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Ашық есік күндері"

Автор: admin от 21-02-2021, 22:26, посмотрело: 217

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлығы аясында, әр аптаның жұма күні "ашық есік күндері" жарияланған болатын. Аталған іс -шара аясында мектеп психологтары ата -аналарға қойылған сұрақтарына психологиялық тұрғыдан жауап беріп , кеңестер берді.

"Ашық есік күндері"

Категория: Мектеп

 

"Мен өмірді сүйемін"

Автор: admin от 21-02-2021, 22:22, посмотрело: 203

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлығының жоспарына сай "Мен өмірді сүйемін" тақырыбында 1-3 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді

"Мен өмірді сүйемін"

Категория: Мектеп

 

Әке сенің жасыңнан асып барам.

Автор: admin от 21-02-2021, 22:18, посмотрело: 169

0
Ақпан айының 16.02.2021 күні М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 8-9 сыныптар арасында сессия басталып, түстен кейінгі дамыту блогындағы танымдық сағаттың тақырыбы Жыр пайғамбары, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жылдық мерей тойына арналады.
Танымдық сағаттың тақырыбы: : Әке сенің жасыңнан асып барам.
Мақсаты: Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.

Әке сенің жасыңнан асып барам.

Категория: Мектеп

 

"Қызға 40 үйден тыю"

Автор: admin от 21-02-2021, 22:13, посмотрело: 182

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 18 ақпан күні "Қызға 40 үйден тыю" тақырыбында 5-11 сынып оқушы қыздарының арасында Zoom платформасында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Шу аудандық орталық ауруханасының болашақ жастар денсаулық орталығының меңгеруші Е.А.Оспанова, мектеп психологтары А.Нусипбекова, Қ.Тулеулиева қатысып, оқушыларға "ерте жүктілік және зардаптары" туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Қызға 40 үйден тыю"

Категория: Мектеп

 

"Мен өмірді сүйемін"

Автор: admin от 21-02-2021, 22:09, посмотрело: 338

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлығының жоспарына сай "Мен өмірді сүйемін" тақырыбында 4 сынып оқушылармен тренинг жүргізілді.

"Мен өмірді сүйемін"

Категория: Мектеп

 

"Өсіңіз,жетіліңіз, тасқындаңыз Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз "

Автор: admin от 21-02-2021, 22:06, посмотрело: 538

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің ресурстық орталығында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90жыл толуына байланысты 9"а" сынып оқушылары мен Тұрар Рысқұлов орта мектебінің оқушылары бірлесе отырып "Өсіңіз,жетіліңіз,
тасқындаңыз
Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз "атты танымдық сағаты өтті.
Онлайн сағаты барысында ақынның поэзиясынан өлеңдер оқылды. Ақын шығармасында адам бойында кездесетін адалдық,әділдік,
адамгершілік сияқты асыл қасиеттері туралы ой-пікірлер айтылды. Ғасыр ақынымыздың шығармашылығын оқи отырып,Отанымыздың патриоты болуға,адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамен сезінуге,қателіктерге бой алдырмауға үйрену.

"Өсіңіз,жетіліңіз, тасқындаңыз Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз "

Категория: Мектеп

 

«Адамзатты мәңгі бақи әлдилер, Ақыр түбі ақыл менен парасат!»

Автор: admin от 21-02-2021, 22:01, посмотрело: 194

0
Ақпан айының 12 жұлдызында Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 8-9 сыныптар арасында қысқы сессия басталып,түстен кейінгі дамыту блогында іс- шаралар өткізіліп отырды. Бұл іс- шара Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына тұспа тұс келуіне орай,ақынның өлеңдерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,насихаттау болып табылды.
Сессияның оныншы күні физика пәні мұғалімі Окаева Карлыгаш Куанышбековна мен 9 «В» сынып оқушыларымен «Адамзатты мәңгі бақи әлдилер, Ақыр түбі ақыл менен парасат!» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Танымдық сағаттың мақсаты:1. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « Іздеймін» өлеңінің тәрбиелік мәнін ашу.
2.Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ету. Бір бірін сыйлап, тыңдай білуге, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Танымдық сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызба.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,музыка.
Танымдық сабақтың түрі: ZOOM платформасы
Танымдық сағаттың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
I бөлім. Ақын өлеңін мәнерлеп оқу (9 сынып оқушысы Мұхтар Нұрсұлтан ақын өлеңін нақышына келтіре орындады)
II бөлім. Ақын өлеңінің тәрбиелік мәнін ашу (Сынып оқушылары ақын өлеңінің төрт шумағын алып,талдап,тәрбиелік мәнін аша білді)
III бөлім.Ұлы адамдардың нақыл сөздері (Ақын өлеңдерінде кездесетін ақыл мен парасат туралы нақыл сөздерді жарыса айтып шықты)
IV бөлім.Ақыл туралы мақал мәтелдер ( Ақын өлеңдерінде кездесетін ақыл мен парасат туралы мақал-мәтелдер туралы айтты )
V бөлім. Тірек сызба (Парасатты адам қандай адам болу керек екендігін тірек сызба арқылы көрсетті )
VI бөлім. Қорытынды.Танымдық сағатты қорытындылай келе , ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ, жырлары мен дастандары сол сенімнің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. Ақынның заты өлгенімен, аты өлмейді деп айтып өтті- сынып жетекші . Келесі сөз кезегі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаға берілді.Баян Ниятуллаевна оқушыларға бүгінгі танымдық сағаттың үлкен мағынасы бар екендігін,Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебінің оқушысы екендігін мақтан тұтып, ақынның кем дегенде он өлеңін жатқа білу керектігін алдарына мақсат етіп қою керектігін тапсырды.

«Адамзатты мәңгі бақи әлдилер, Ақыр түбі ақыл менен парасат!»

Категория: Мектеп

 

«Адалдық сағаты»

Автор: admin от 21-02-2021, 21:57, посмотрело: 194

0

«Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»


«Час добропорядочности» на тему «Ибрай Алтынсарин – просветитель великой степи»

#жамбыладалдықалаңы

Категория: Мектеп

 

"Мен өз отбасыммен бақыттымын"

Автор: admin от 21-02-2021, 21:54, посмотрело: 539

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) психологиялық кеңес беру айлығының жоспарына сай "Мен өз отбасыммен бақыттымын" тақырыбында 1-4 сынып оқушылары эссе жазды

"Мен өз отбасыммен бақыттымын"
"Мен өз отбасыммен бақыттымын"
"Мен өз отбасыммен бақыттымын"
"Мен өз отбасыммен бақыттымын"
"Мен өз отбасыммен бақыттымын"
"Мен өз отбасыммен бақыттымын"

Категория: Мектеп

 

Daryn.online

Автор: admin от 21-02-2021, 21:51, посмотрело: 285

0
Daryn.online білім беру платформасында функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған математика пәнінен өткен республикалық олимпиадаға Мұқағали Мақатаев атындағы тірек мектебі оқушылары да қатысып, 14 оқушы І дәрежелі,12 оқушы ІІ дәрежелі, 6 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды

Daryn.online

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед