Әке сенің жасыңнан асып барам.

Автор: admin от 21-02-2021, 22:18, посмотрело: 169

0
Ақпан айының 16.02.2021 күні М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 8-9 сыныптар арасында сессия басталып, түстен кейінгі дамыту блогындағы танымдық сағаттың тақырыбы Жыр пайғамбары, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жылдық мерей тойына арналады.
Танымдық сағаттың тақырыбы: : Әке сенің жасыңнан асып барам.
Мақсаты: Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.

Әке сенің жасыңнан асып барам.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.