» » «Адамзатты мәңгі бақи әлдилер, Ақыр түбі ақыл менен парасат!»

 
 
 

«Адамзатты мәңгі бақи әлдилер, Ақыр түбі ақыл менен парасат!»

Автор: admin от 21-02-2021, 22:01, посмотрело: 195

0
Ақпан айының 12 жұлдызында Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 8-9 сыныптар арасында қысқы сессия басталып,түстен кейінгі дамыту блогында іс- шаралар өткізіліп отырды. Бұл іс- шара Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына тұспа тұс келуіне орай,ақынның өлеңдерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,насихаттау болып табылды.
Сессияның оныншы күні физика пәні мұғалімі Окаева Карлыгаш Куанышбековна мен 9 «В» сынып оқушыларымен «Адамзатты мәңгі бақи әлдилер, Ақыр түбі ақыл менен парасат!» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Танымдық сағаттың мақсаты:1. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « Іздеймін» өлеңінің тәрбиелік мәнін ашу.
2.Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ету. Бір бірін сыйлап, тыңдай білуге, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Танымдық сабақтың көрнекілігі: слайд, тірек сызба.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,музыка.
Танымдық сабақтың түрі: ZOOM платформасы
Танымдық сағаттың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
I бөлім. Ақын өлеңін мәнерлеп оқу (9 сынып оқушысы Мұхтар Нұрсұлтан ақын өлеңін нақышына келтіре орындады)
II бөлім. Ақын өлеңінің тәрбиелік мәнін ашу (Сынып оқушылары ақын өлеңінің төрт шумағын алып,талдап,тәрбиелік мәнін аша білді)
III бөлім.Ұлы адамдардың нақыл сөздері (Ақын өлеңдерінде кездесетін ақыл мен парасат туралы нақыл сөздерді жарыса айтып шықты)
IV бөлім.Ақыл туралы мақал мәтелдер ( Ақын өлеңдерінде кездесетін ақыл мен парасат туралы мақал-мәтелдер туралы айтты )
V бөлім. Тірек сызба (Парасатты адам қандай адам болу керек екендігін тірек сызба арқылы көрсетті )
VI бөлім. Қорытынды.Танымдық сағатты қорытындылай келе , ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ, жырлары мен дастандары сол сенімнің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. Ақынның заты өлгенімен, аты өлмейді деп айтып өтті- сынып жетекші . Келесі сөз кезегі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаға берілді.Баян Ниятуллаевна оқушыларға бүгінгі танымдық сағаттың үлкен мағынасы бар екендігін,Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебінің оқушысы екендігін мақтан тұтып, ақынның кем дегенде он өлеңін жатқа білу керектігін алдарына мақсат етіп қою керектігін тапсырды.

«Адамзатты мәңгі бақи әлдилер, Ақыр түбі ақыл менен парасат!»

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.