Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан

Автор: admin от 24-02-2020, 23:16, посмотрело: 374

0 Бүгін ақпанның 24 күні М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде «Ассамблеяның 25-жыл» мерей тойына арналған «Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан» атты танымдық сағат өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға экстремизм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. Танымдық сағатқа 2-11 сыныптар аралығында оқушылар атсалысып, қазақтың қоныстойына өзге ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, қонақжайлылық танытып, бір тұтас тату-тәтті шаңырақ астында тұрып жатқандарын көрініс арқылы көрсете білді. Танымдық сағаттың соңында бір шаңырақтың астында өзге ұлт өкілдерімен бірге «Атамекен» атты хорды барлық қатысушылар ортаға шығып, орындап көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан
Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан
Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан
Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан
Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан
Ынтымағы жарасқан, менің өлкем- Қазақстан

Категория: Мектеп, Оқушыларға, Галерея, Мекен жайымыз, Мерекелік сценарийлер

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 27-09-2016, 00:55, посмотрело: 679

0

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы У. Асат ұлы 19/1

Категория: Мекен жайымыз