Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Ұмытпас елім, Арысын"

Автор: admin от 21-02-2021, 21:46, посмотрело: 165

0
Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған орай ақпан айының 15 жұлдызында М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО)10 қазақ-орыс сынып оқушыларының "Ұмытпас елім, Арысын" атты тақырыпта Ауған соғысы ардагерлерін қашықтықтан құттықтау рәсімі ұйымдастырылды. Құттықтаудың мақсаты, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялатып, оқушыларға зұлмат соғыстың адамзат баласына әкелген қайғы- қасіреті жөнінде мәлімет беру. Ардагерлердің ерліктері туралы баяндалып, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырып, насихаттайды. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеу, Ерлігі ұмытылмас батыр ағалардың есімі мәңгі жасай беретінін таныту еді.

"Ұмытпас елім, Арысын"
"Ұмытпас елім, Арысын"

Категория: Мектеп

 

"Үздік тәлімгер-2021"

Автор: admin от 21-02-2021, 21:41, посмотрело: 357

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) тәлімгері Нұрғалиқызы Бағила аудандық "Үздік тәлімгер-2021" байқауынан "Бас жүлде" иеленді.Құттықтаймыз!!! Алдағы облыстық байқауда сәттілік серігіңіз болсын!!!

"Үздік тәлімгер-2021"

Категория: Мектеп

 

"Мұқағали - ғасыр ақыны"

Автор: admin от 21-02-2021, 21:39, посмотрело: 288

0
Тақырыбы:"Мұқағали - ғасыр ақыны"(дөңгелек үстел)
Мақсаты:
Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлының салған сара жолын еске түсіру арқылы поэзияны өзіне егіз санаған ақын шығармашылығының өміршеңдігін дәріптеу.
М. Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 12-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мұқағали - ғасыр ақыны" тақырыбында аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел М.Мақатаевтың "Пай, пай, өмір, өтесің-ау бір күні!.. "деген өлеңімен ашылып, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Байжоловаға сөз берілді.
Мектебіміздің ұстаздары Г.Ибрагимова, Б.Құсайынованың бастауымен ақынның өміріне, шығармашылығына кең көлемде тоқталып, осындай жыр әлемінің дарабозын, таудың алып тумасын еске алуға атсалысып,өз пікірлерімен бөліскелі келіп отырған бүгінгі дөңгелек үстеліміздің қадірлі қонақтарымен таныстырды:
1.Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Абдрашева Жұлдыз Айдарханқызы
2 кітапханашы – Тоқтыбаева Ақгүл Беркінқызы
3. тарих пәнінің мұғалімі- Омбаева Гүлнұр Бақытқызы
4.Мектебіміздің түлегі, озат оқушыларымыздың бірі болған, талай жарыстардың бас жүлде иегері, жас ақын –Спанәлі Серік Қуатбекұлы.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ақиық ақынның жырларымен, естеліктерімен бөліссе, ақынға деген арнау өлеңдерімен Ж.Ахина, Б.Құсайынова, С.Спанәлі отты жырларын арнады. Сөз соңында мектеп директорының орынбасарлары Б.Ниятуллақызы мен А.Қазбекқызы мұзбалақ ақынның 90 жылдық мерейтойының жыл бойы тойланытынын оқырман қауымның көңілінен ерекше орын алатынын, атап айтып, торқалы той біздің елімізге ортақ екенін баса айтты.
Дөңгелек үстел жалпы жыр сүйер қауымға рух пен намыс, шабыт пен шалқар көңіл сыйлады деген ойдамыз. Ақынның жырлары өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табары хақ !

"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"

Категория: Мектеп

 

021121

Автор: admin от 21-02-2021, 00:01, посмотрело: 88

0
021121

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

январь 2021 г.

Автор: admin от 14-02-2021, 21:30, посмотрело: 208

0
Основные показатели финансовой деятельности организации образования по состоянию на январь 2021 г.

январь 2021 г.

 

январь 2021 г.

 

Категория: Ашық бюджет

 

Ақылбекұлы Әділ. 6 "А" сынып оқушысы

Автор: admin от 11-02-2021, 00:32, посмотрело: 222

0
Ақылбекұлы Әділ. 6 "А" сынып оқушысы. "Фаризаға"

Категория: Мектеп

 

Байтұрсын Арай. 8 "Г" сынып оқушысы

Автор: admin от 11-02-2021, 00:28, посмотрело: 123

0
Байтұрсын Арай. 8 "Г" сынып оқушысы. "СЕНІ ІЗДЕДІМ"

Категория: Мектеп

 

5 "Ә" сынып оқушысы Бақытжан Абылай

Автор: admin от 11-02-2021, 00:24, посмотрело: 183

0
Мұқағалидың "Сезім" атты өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. Өлеңді мәнерлеп оқыған 5 "Ә" сынып оқушысы Бақытжан Абылай.

Категория: Мектеп

 

9"Ә" сынып оқушысы Бодаубек Олжас

Автор: admin от 11-02-2021, 00:19, посмотрело: 222

0
Мұқағали –біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам,соның бәрін оқып шығуды ұмытпаңыздар.Мені өз өлеңімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. Мұқағали Мақатаевтың "Қара сөз" атты өлеңін мәнерлеп оқыған 9"Ә" сынып оқушысы Бодаубек Олжас

Категория: Мектеп

 

10"Ә" сынып оқушысы Исаева Аяжан

Автор: admin от 11-02-2021, 00:15, посмотрело: 274

0
Мұқағали Мақатаев - ақиық ақын, сонымен қатар қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі. Мұқағали-ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. Мұқағали Мақатаевтың "Қазақстан" атты өлеңін мәнерлеп оқыған 10"Ә" сынып оқушысы Исаева Аяжан.

Категория: Мектеп