"Мұқағали - ғасыр ақыны"

Автор: admin от 21-02-2021, 21:39, посмотрело: 288

0
Тақырыбы:"Мұқағали - ғасыр ақыны"(дөңгелек үстел)
Мақсаты:
Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлының салған сара жолын еске түсіру арқылы поэзияны өзіне егіз санаған ақын шығармашылығының өміршеңдігін дәріптеу.
М. Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 12-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мұқағали - ғасыр ақыны" тақырыбында аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел М.Мақатаевтың "Пай, пай, өмір, өтесің-ау бір күні!.. "деген өлеңімен ашылып, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Байжоловаға сөз берілді.
Мектебіміздің ұстаздары Г.Ибрагимова, Б.Құсайынованың бастауымен ақынның өміріне, шығармашылығына кең көлемде тоқталып, осындай жыр әлемінің дарабозын, таудың алып тумасын еске алуға атсалысып,өз пікірлерімен бөліскелі келіп отырған бүгінгі дөңгелек үстеліміздің қадірлі қонақтарымен таныстырды:
1.Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Абдрашева Жұлдыз Айдарханқызы
2 кітапханашы – Тоқтыбаева Ақгүл Беркінқызы
3. тарих пәнінің мұғалімі- Омбаева Гүлнұр Бақытқызы
4.Мектебіміздің түлегі, озат оқушыларымыздың бірі болған, талай жарыстардың бас жүлде иегері, жас ақын –Спанәлі Серік Қуатбекұлы.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ақиық ақынның жырларымен, естеліктерімен бөліссе, ақынға деген арнау өлеңдерімен Ж.Ахина, Б.Құсайынова, С.Спанәлі отты жырларын арнады. Сөз соңында мектеп директорының орынбасарлары Б.Ниятуллақызы мен А.Қазбекқызы мұзбалақ ақынның 90 жылдық мерейтойының жыл бойы тойланытынын оқырман қауымның көңілінен ерекше орын алатынын, атап айтып, торқалы той біздің елімізге ортақ екенін баса айтты.
Дөңгелек үстел жалпы жыр сүйер қауымға рух пен намыс, шабыт пен шалқар көңіл сыйлады деген ойдамыз. Ақынның жырлары өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табары хақ !

"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"
"Мұқағали - ғасыр ақыны"

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.