Мәлімет

Автор: admin от 19-10-2018, 03:23, посмотрело: 829

4
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) 2018 жылдың 4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне арналған
онкүндікте жүргізілген іс-шаралар туралы
мәлімет
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде онкүндіктің жоспарына сәйкес 4 қазан күні ДТІЖО Кокеева Зада Даулетовнаның қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 5-11 сыныптың қыздары, сынып жетекшілері, ДҚІЖО Мырзаханова Л.А, мектеп психологтері Нусипбекова А, Тулеулиева Қ, мектеп медбикесі Имашева Ш.А, педагог ұйымдастырушы Күйікова М, тәлімгер Абдуханова А қатысты.
Жиналыс барысында ДТІЖО Кокеева З.Д «Қыз Жібек» клубының тұжырымдамасы – білім алушы қыз балаларды ұлттық санада тәрбиелеуде, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауды болашақ ұлт аналары ретінде дайындауды мақсат ететін, олардың діни ұстанымдарын таңдауға кеңес беретін, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамды әлеуметтендіруге үлес қосуды басты мұрат еткен негізгі құжат екендігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қыздарды «Қыз Жібек» клубының онкүндікте атқарылатын жұмыстарымен таныстырып өтті.
5 қазан күні 9,10,11 сынып оқушыларының қыздарына аудандық акушер-гинеколог Абдрасилова З.М қатысуымен «Ерте жастағы некенің қауіптері» тақырыбында дәріс оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынға 9,10,11 сыныптың қыздары, сынып жетекшілері, мектебіміздің психологы Нусипбекова Айман, аға тәлімгер Абдуханова Айгүл, мектебіміздің мейірбикесі Имашева Шайбала қатысты.
[center]Мәлімет
Мәлімет

6 қазан күні мектеп психологтары Нусипбекова А, Тулеулиева Қ «Балалармен қарым-қатынас тәсілдері» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушылар мен ата-аналардың арасындағы ерекше қарым- қатынас, адам бойында ерекше жылы сезім қалыптастыру, өміріндегі рөлін түсіндіру, бір - бірлерін құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу. Дәріс барысында «Сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық» деп аталатын видеоролик көрсетіліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салып,пікірлерін айтты.
Мәлімет
Мәлімет

8-қазан күні ДҚІЖО Мырзаханова Л.А «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесе отырып 8-11 сыныптар аралығында тарих пән мұғалімдері, мектеп психологы, медбике, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде өтті.
Мәлімет
Мәлімет
Мәлімет

9 қазан күні 1-11 сынып қыздарымен сынып жетекшілері сынып сағаттарын өтті.
Мәлімет
Мәлімет
Мәлімет
Мәлімет
Мәлімет
Мәлімет

10 қазан күні ДТІЖО Кокеева З.Д, мектеп психологтары Нусипбекова А, Тулеулиева Қ аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Қыз өссе, елдің көркі» тақырыбында кездесу өткізіп, мектепте оқып жүрген қыз бала үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте мұғалімдерінің мақтанышы бола білуі керек деп кездесулерін аяқтады.
Мәлімет
Мәлімет

11 қазан күні 9,10,11 сынып оқушыларымен мектеп психологтары Нусипбекова А, Тулеулиева Қ «Мен және менің құқығым» тақырыбында сауалнама алды. Сауалнамаға 172 оқушы қатысты. Сауалнама барасында «Мектебіңде қылмыстық топтар бар ма? .«Суық қару» деген сөздің ұғымын түсінесің бе?Мектеп инспекторларының оқушылар арасында бұзушылықтарды болдырмауға әсері бар ма? Жалпы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі неше жастан басталады?» деген сұрақтарға оқушылар 100 пайыз дұрыс жауап берді. Оқушылар өз құқықтарымен өз міндеттерін біледі. Бос уақыттарын дұрыс пайдаланатындықтары анықталып отыр.
Мәлімет
Мәлімет

12 қазан күні 6,7,8 сынып оқушыларының қыздарына аудандық акушер-гинеколог Қасқабаева Жазираның қатысуымен «Бүгінгі қыз – ертеңгі ана» тақырыбында дәріс оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынға 6,7,8 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, ДТІЖО Кокеева З.Д, мектебіміздің психологы Нусипбекова Айман, аға тәлімгер Абдуханова Айгүл, мектебіміздің мейірбикесі Имашева Шайбала қатысты
Мәлімет
Мәлімет
[/center]

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.