МЕНІҢ ӘДІСТЕМЕ СӨЗІМ

Автор: admin от 14-06-2017, 23:48, посмотрело: 3452

73 V. Оқу -әдістемелік жұмысы

Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебі 2016 – 2017 оқу жылдарында әдістемелік жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, жаңа әдіс – тәсілдерді, ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысу белсенділігі артты, соның нәтижесінде оқушылардың білім сапасы мектеп бойынша 60% жоғарылады. 2015 – 2016 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші орташа балл- 88,1 көрсетті.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың тақырыбы:
«Оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы мұғалімнің кәсіби мәдениетін көтеру, білім сапасын арттыру».
Мақсаты:
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды енгізудің әдістемесін жетілдіру арқылы, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылықпен жұмыс жүргізу қабілеттерін шыңдау, оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Міндеттері:
1.Оқу үрдісін ғылыми – әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
2.Эксперименттік жұмыстардың нәтижелері негізінде мұғалімдердің инновациялық даму деңгейін анықтау
3.Оқытудың инновациялық әдістерін зерделеу, тарату, тәжірибеге енгізу
4. Ғылыми және ғылыми әдістемелік кеңестер семинар, конференция өткізу арқылы мұғалімдерді кәсіптік ғылыми жоба жазуға үйрету.
5.Шығармашылық есеп, шеберлік сағаттарын өткізуге дайындау арқылы мұғалімдердің кәсіби мәдениетін көтеру.
6.Білім алушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
7. Оқытудың жаңа технологиялары бойынша іс-тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік құралдар әзірлеу.
8.Озық тәжірибе шығармашылық топ, жас маманмен жұмыс бойынша тәжірибелерді жетілдіру, жинақтау.
9.Оқу- тәрбие жұмысының диагностикасын жасау, арқылы білім сапасына ықпалын анықтау
Күтілетін нәтиже:
Мектеп оқушылары оқытудың мемлекеттік білім стандарттарын сапалы игереді.
Тәрбие білім жүйесінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалану нәтижесінде білім сапасы артады.
Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттері артады.
Оқушы мен педагог арасындағы өзара қарым-қатынас, өзара түсінушілік пен бірлесе жұмыс жасау қалыптасады.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін құруда педагогтардың құзіреттілік деңгейі артады.
Педагогтар дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсетіп, іздену-жобалау жұмысына ынталандырады
Педагогтардың шығармашылық потенциалы және кәсіби құзыреттілігі көтеріледі.
Тәрбие жұмысының негізгі қазығы мәдени құндылықтарды оқушы бойына сіңіреді;
Мектепте рухани қасиеттері жоғары, шығармашыл, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптасады.

Ғылыми-әдістемелік қызметі - мұғалімнің кәсіби өсуіне әсер ететін орта құру, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыратын тренинг, семинар, конференциялар өткізу. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту шаралары жүйелі, барлық мұғалімге ұнайтындай, қолайлы ортада өткізу. Әр мұғалім мектептің даму жолын белгілеуде өз мүмкіндіктері мен тәжірибелерін ортаға салу. Басты мақсатымыз ұстаздың шығармашылық әлеуетін дамытуға орта құру болып табылады.
2016 – 2017 оқу жылына мектептің оқу әдістемелік жұмысының жылдық жоспары жасалынып, бекітілген.
Ғылыми әдістемелік жұмыстың құрылымы:
І..Ғылыми-әдістемелік «Зерде» орталығы
1.Ақпараттық қызмет
2.Аналитикалық диагностикалық қызмет
3.Ғылыми-әдістемелік кеңес
4.Шығармашылық топ қызметі
5.Психологиялық қызмет
6.Эксперименттік жұмыс
7.Жас мамандармен жұмыс
8.Пән кафедраларымен жұмыс
9.Дарынды оқушылармен жұмыс
ІІ.Ғылыми-теориялық практикалық шаралар
1.Талдау
2.Қорытындылау
Әдістемелік жұмыс бағыттары:
1-бағыт Мұғалімдердің білімін жетілдіруін, ЖПТ меңгеруді ұйымдастыру
2-бағыт ОПТ жұмысын ұйымдастыру
3-бағыт Шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру
4- бағыт Пән бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру
5-бағыт «Жас мамандар» мектебінің жұмысын ұйымдастыру
6-бағыт Аттестация жұмысты ұйымдастыру
7-бағыт Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру
8-бағыт Эксперимент жұмысын ұйымдастыру.
1-бағыт Мұғалімдердің білімін жетілдіруін, ЖПТ меңгеруді ұйымдастыру
Мұғалімнің кәсіби құзырлығын дамыту жолдары:
1. Біліктілік курстарынан өту
2. Кәсіби тренингтерге қатысу
3. Әдістемелік кеңес жұмысына қатысу
4. Шығармашылық топ жұмысына қатысу
5. Озат тәжірибе мектебінің жұмысына қатысу
6. Жас мамандар мектебінің жұмысына қатысу
7. Теориялық семинарларға қатысу
8. Семинарлар өткізу
9. Ғылыми конференциялардың жұмысына қатысу
10. Кәсіби байқауларға қатысу
11. Өз тәжірибесін жинақтап, тарату
2012-2016 оқу аралығында мектептегі 113 мұғалімнің 16-ы деңгейлік курс өткен, оның І деңгейлік курс бітіргендері -4
ІІ деңгейлік курс бітіргендері-2
ІІІ деңгейлік курс бітіргендері-10, пайызы 14, %
2017 жылы қысқа мерзімді курстан -3 мұғалім, деңгейлік курс -3, тренерліктен -2, жаңартылған білім мазмұны бойынша -30 мұғалім өтті.
Оның ішінде қазақ тілі пәні мұғалімдері- 2
Орыс тілі пәні мұғалімдері- 3
Математика -1
Информатика -1
Технология- 7
Денешынықтыру пәні мұғалімі-1
География -2
Бастауыш сынып мұғалімдер – 12
Тарих пәні мұғалімі -1
Қорыта келгенде мұғалімнің жалпы санына шаққанда өз білімін көтеру курсының пайызы жаңартылған білім беру мазмұны курсынан- 14%, өз пәні бойынша - 2,6%,
Деңгейлік курстан өткені- 1,7% пайызды құрап отыр.
Таратып айтқанда қысқа мерзімді курстан математика пәнінің мұғалімдері А.Орынбаева Алматы қаласындағы Жоғары білімнен кейінгі білімін көтеру «Өрлеу» орталығында "Развитие функциональной математической грамотности учащихся в контескте проведения международного исследовования Prjgramme for International Student Assessment» для учителей математики тақырыбында , С.Құмарбаева"Математика пәнінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану", география пәнінің мұғалімі А.Алимова Алматы қаласындағы Жоғары білімнен кейінгі білімін көтеру «Өрлеу» орталығы. Критериальный подход к оцениванию результатов обучения географии в условиях обновления содержания образования" ерекшеліктері тақырыбында өтсе, «Тәжірибелік рефлексия» тренерлік курсына- 2, деңгейлік курсқа география пәнінің мұғалімі Г.Қазанбаева, тарих пәнінің мұғалімі Н.Есқараев қатысып сертификатқа ие болды. Ж.Шаңырақбаева қайта тест тапсыруға дайындалуда ІІ жартыжылдықта тарих пәні мұғалімі Г.Омбаева ІІ деңгейлік курстан өтуде.
І деңгейлік курсынан өткен мұғалімдердің мектепішілік дамыту семинары, коучингтер, іскерлік ойын, дөңгелек үстел т.б.өткізуде. Әдістемелік жэұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.І деңгейлік курсты бітірген С.Нұрманова, ІІІ деңгейлік курсты бітірген З.Көкееваның 1 жылға жоспарланған мектепішілік курсын 2 топпен өткізуде.
2-бағыт Озат педагогикалық тәжірибені тарату жұмысын ұйымдастыру озат тәжірибені зерттеу үлгісі бойынша жүргізілуде.
Мұғалімнің кәсіби әрекетінің негізгі бағыттары:
1. Әдістемелік жұмыс
2. Ғылыми зерттеу жұмыстары
3. Оқу-тәрбие жұмыстары
4. Білімін жетілдіру
5. Ата-аналармен жұмысы
6. Қоғамдық жұмыс
Мектепте озат тәжірибені анықтау зерделеу, жинақтау және насихаттау тарату жоспары жасалған. Жоспар бойынша география пәні мұғалімі А.Баетованың 2013 жылдан бастап география сабағында «ҮӘЖ» технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың өздігінен білім алуға деген ынтасын арттыру» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы зерттелді. Зерттелген жұмыс 2014,2015 жылдары жинақталып 2016-2017 оқу жылында облыс, республика көлеміне таратыла бастады. Мұғалімнің іс- тәжірибесін зерттеу, таратуды дайындау барысында «География сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану» семинар практикумы «Азия елдері» тақырыбындағы практикалық сабағы, «Үшөлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясын оқу процесіне ендіру» тақырыбында дөңгелек үстел, оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» педагогикалық технологиясы негізінде оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту: тәжірибе, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбындағы семинар, «Жаңа оқыту технологиялары- білім беру мазмұнын модернизациялау» атты республикалық семинар-кеңесте, шығармашылық көрмелерге қатысып, понарамалық сабақтар берді.. Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын білім беру үрдісіне ендіру барысында География пәнінен 6 сыныпқа арналған «Мұғалім кітабы» мен «Жұмыс дәптерінің» презентациясын жасап, республикалық қолданысқа енгізілді. «Еңбек ресурстары, әлеуметтік және мамандық құрамы» тақырыбында онлайн сабақ үлгісі республика көлеміне таратылды.
Нәтижесінде 2015 жылы А.Баетова «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медальімен марапатталып,2016 жылы республикалық «Үздік педагог» байқауына қатысып, 2016 жылдың «Үздік педагогы» атанды.
Математика пән мұғалімі Г.Есболғанованың ««ҮӘЖ» әдістемелік технологиясын тәжірибеде қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбындағы жұмысы 2015 жылдан бері зерттеуге қойылып, жинақталуда.Г.Есболғанова жоғары санатты математика пән мұғалімі 2016 жылы математика пәні мұғалімдерінің ІҮ облыстық шығармашылық байқауының ІІІ орын жүлдегері. Мұғалімнің іс-тәжірибесін облыс көлеміне тарату. 2017 жылға жоспарланған, жоспар бойынша математика пәнін «ҮӘЖ» технологиясымен оқытудың тиімділігіне байланысты 9,10,11 сыныпқа арналған бағдарламалары бойынша жұмыс дәптерін, ашық журнал, мониторингтік зерттеу үлгілерін жасап, панорамалық сабақтар, семинар-практикум өткізіп шығармашылық көрмелер дайындалды.
3-бағыт Шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру
І.Мектепте 3 шығармашылық топ жұмыс істейді. «ҮӘЖ» технологиясын зерттеуге арналған шығармашылық топ жетекшісі Ш.Смағұлова Шығармашылық топ үш топқа бөлінген.
1. Үйренушілік деңгей
2.Қалыптастырушы деңгей
3.Тренерлік деңгей
Үйренушілік деңгей Қалыптастырушы деңгей Тренерлік деңгей
№ Сабыралиева А. Қазанбаеаа Г. Смағұлова Ш.Б.
1 Джабасбаева Р. Абитаева Ж. Жексенбаева Б.
2 ИбрагимоваГ. Абдикасимов Қ Есболғанова Г.
3 Шайдахметова А. Өмірбекова С. Баетова А.
4 Шұратбаева Қ. Арынова Э. Пазылбекова А.
5 Еркебаева Р. Медеубаева А.
6 Шаңырақбаева Ж. Ахметжанова М.
7 Есболғанова Ш. Қалменов А.
8 Аденова Е. Сүлейманов Н.
9 Қадырбекова Ж. Шайдахметова Г
10 Дауренбекова С. Жаппарова М.
11 Оразымбетова М.

«ҮӘЖ» технологиясы бойынша жүргізілген әдістемелік жұмыстар: 2013 жылы Ш.Смағұлованың «12 жылдық білім беруде оқытудың жаңа технологияларын қолданудың қажеттілігі» тақырыбындағы шеберлік сағаты, 2015 жылы «Оқу процесіне педагогикалық технологияны енгізу – білім сапасын арттырудың басты шарты» атты ғылыми-практикалық семинарға тірек мектебінен 6 мұғалім қатысып, тәжірибелерін панорамалық сабақ, баяндама, шығармашылық көрме арқылы көрсетіп:
1.Әдіскер Смагулова Ш.Б. «Жамбыл облысы Шу данында «ҮӘЖ» технологиясын» іс-тәжірибиеге енгізу жағдайы: мүмкіндіктері мен нәтижелері»
2. Информатика пәні мұғалімі А.Пазылбекова Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы информатика пәнінде «Сұраныстарды ұйымдастыру»
3.Информатика пәні мұғалімі С.Дауренбекова Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы информатика пәнінде «Дыбыстық эффектілер. Дыбыстық файлдарды құру, жариялау»
4.ДЭІЖО Б.Жексенбаеваның Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы дүниетану пәнінде «Ауа және оның қасиеті»
5.А.Баетова география пәні мұғалімі Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы география пәнінде «АҚШ-тың экономикалық аудандары»
6. Математика пәні мұғалімі Г.Есболғанова Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы математика пәнінде «Трапецияның ауданы» тақырыбындағы жұмыстары Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі «ҮӘЖ» технологиясы: өткені, бүгіні, келешегі» атты ғылыми –тәжірибелік конференцияның жинағына енгізілді
Шығармашылық топ нәтижесінде:
1.А.Баетова., З.Манасбаева 6,7 сыныпқа арналған география оқулығының авторы.Оқулық Арман ПВ баспасынан жарық көрді.
2.Ш.Смағұлова, Б.Жексенбаева облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
3.А.Қалменов облыстық математика пән мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді
4.Г.Есболғанва 2016 жылы математика пәні мұғалімдерінің ІҮ облыстық шығармашылық байқауының ІІІ орын жүлдегері.
ІІ. Нұрманова С. – «7 модульдік оқыту» жүйесі бойынша топ мүшелері:
1. Ақылбекова Б. /ІІ-деңгей/
2. Мырзаханова В. /ІІ-деңгей/
3. Көкеева З. /ІІІ- деңгей /
4. Адишев Б. /ІІІ- деңгей /
5. Нұрлыбекқызы М. /ІІІ- деңгей /
6. Джилкибаева Д. /ІІІ- деңгей /
7. Дауренбекова С. /ІІІ- деңгей /
8. Рахматова А. /ІІІ- деңгей /
«7 модульдік оқыту» жүйесі бойынша топ мүшелесі: Облыстық деңгейлік курс бойынша «Желілік қоғамдастықтар мұғалімдердің жұмысына қолдау көрсету құралы ретінде», «Сотрудничество сертифицированных педагогических кадров Шуского района, внедрение в практику новых подходов преподавания и обучения» тақырыбындағы семинарда орыс тілі пәнінің мұғалімі С.Нұрманова алғыс хатпен марапатталды. Аудандық «Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын оқу процесінде тиімді пайдалану» тақырыбында өткізілген семинарда ағылышын тілі пән мұғалімі Б.Ақылбекова, Л.Қыздарбекова тарих пән мұғалімі Б.Адишев, математика пән мұғалімі А.Қалменов, география пән мұғалімі Г.Қазанбаева, қазақ тілі пән мұғалімі Ж.Шаңырақбаевалар сабақ көрсетіп, алғыс хаттармен марапатталды..
ІІІ. Медетбекова Д.- «Сын тұрғысынан ойлау» топ мүшелері:
1. Төлешова О
2. Ембердиева А.
3. Мауленова М.
4. Джылқайдарова А.
4- бағыт Пән кафедраларының жұмысын ұйымдастыру
Пән кафедраларының жоспарлары бекітіліп,жыл бойы сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылған.Әр кафедра өткен оқу жылына талдау жасап, өз жұмыстарының зерттеу тақырыбын мақсаты мен міндеттерін белгілеген. Кафедралардың атқарған жұмысы арқылы жыл соңында нәтижесі шығарылып отырған. Жоспарлы іс-шаралар жүргізіліп, материалдары жинақталған.Пәндік апталықтар жоспарланып, жоспар бойынша өткізіліп отырған. Апталықтар барысында жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілген. Барлық өткізілген жоспарлы іс-шаралардың материалдары жүйеленген. Әдістемелік кеңесте кафедралардың ұйымдастыру жұмыстары, жоспарлары талданып, бекітіледі. Жоспар бойынша бекітілген семинарлардың өтуі,презентациялар, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарына қатысуға дайындау,баяндамалар, панорамалық сабақтардың өткізілуі қаралады. Кафедра жетекшілерінің жартыжылдық, жылдық есептері, зерттеу мониторингтері қаралады.
««ҮӘЖ» технологиясы оқушылардың функционалдық сауатын қалыптастырудағы алатын орны», «12 жылдық білім беруде оқытудың жаңа технологияларын қолданудың қажеттілігі, «Ағылшын тілі пәнін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың жолдары», «Инновациялық дамуды жетілдіру арқылы мұғалімдердің кәсіби мәдениетін және сапалы білім беруді қамтамасыз ету» тақырыбында аудандық семинар – практикумдар өткізілді.
5-бағыт «Жас мамандар» мектебінің жұмысын ұйымдастыру
Биылғы оқу жылында жас мамандарға мектеп директорының 2016 жылғы
2 қыркүйектегі № 71 бұйрығымен тәлімгерлер бекітілген.
1. М. Жаппарова – Е. Аденоваға
2. Ш. Есболғанова – Т. Калыковаға
3. Р. Дауталиева – А. Бексултановаға
4. Б. Төлепов – Н. Салаховқа
Тәлімгер ұстаздардың жас мамандармен жұмыс жоспары жасалып, бекітілген. Жас мамандармен жұмыстың мақсаты: Жас маманға педагогикалық тәжірибе жинақтауда әдістемелік көмек көрсету, қолайлы орта туғызу және сапалы сабақ беру әдісінде білім сапасын арттыру. Осы мақсатты іске асыру барысында тәлімгерлер алғашқы кезеңде жас мамандарға төмендегідей нақты көмектер ұсынған:
-Сабақтың типтері мен түрлері;
-Дарынды оқушыларды анықтау жолдары;
-Мұғалім портфолиосы;
-Нормативті құжаттарды толтыру тәртібі;
-Сабақ талдау әдістері;
-Жазба, бақылау жұмыстарының нормасы;
-Жеке тұлғаны қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың байланысы;
Жас мамандармен жұмыс бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес жүйелі жүргізілуде. «Мұғалім мен оқушы қарым- қатынасындағы кездесетін мәселелер», «Жас мамандардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру», «Дәстүрлі және инновациялық әдіс – тәсілдерді меңгерту» атты семинар, коучинг, пікір алмасу, сауалнамалар жүргізілді. Жас мамандарды педагогикалық кәсіби шеберлігін қалыптастыру және тәжірибе алмасу мақсатында өз-ара сабаққа қатысуы ұйымдастырылды.
6-бағыт Аттестация жұмысын ұйымдастыру
2016-2017 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің жалпы саны- 23 оның ішінде ІІ санатты растайтын -7, жоғары санатты растайтыны -7 , ІІ санатқа өтетіні -2,
І санатқа өтетіні -5 , жоғары санатқа өтетіні -2 ,
ІІ санаттан І санатқа
1. Нусипбекова А.- психолог
2. Шайдахметова А. – технология пәні мұғалімі
3.Құсайнова Б.- қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
4. Есболғанова Ш. – бастауыш сынып мұғалімі
5. Шайхиева А. – бастауыш сынып мұғалімі
І санаттан жоғары санатқа:
1. Пазылбекова А.К.- информатика пәні мұғалімі
2. Шаңырақбаева Ж. - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Төменгі санаттан ІІ санатқа:
1 Орынбаева А.- математика пәні мұғалімі
2.Қадырбекова Ж.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өзінде бар жоғары санатты растауға:
1. Сихимова А.М. – математика пәні мұғалімі
2. Шошымов А.Қ. – бастауыш сынып мұғалімі
3. Сүлейманов Н.Қ.- АӘД пәні мұғалімі
4. Есболғанова Г.К.- математика сынып мұғалімі
5. Ахметжанова М.Т. – математика пәні мұғалімі
6. Шұратбаева Қ.Ш. – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
7.Алимова А.М.- география пәні мұғалімі
Өзінде бар екінші санатты растауға
1.Көшербаев М. – денешынықтыру пәні мұғалімі
2. Қадыров Н. – технология пәні мұғалімі
3. Қайыржанова Г. – технология пәні мұғалімі
4. Молдабаева Г. – бастауыш сынып мұғалімі
5.Темреева Г. – шағын орталық тәрбиешісі
6. Сыздыкова Ж.- бастауыш сынып мұғалімі
Аттестаттаудан өтетін мұғалімдер өтініштері мен құжаттарын беруде біраз кемшіліктер орын алды. Құжаттарда әлі де болса толықтырулар қажет ететіндігі анықталды.
Қ.Шұратбаева, А.Шайдахметова, Ш.Есболғанова, А.Пазылбекова, Г.Молдабаевалар ғылыми жоба жұмыстары, шығармашылық есептері тыңдалды.
7-бағыт Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру
Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, белгілі бір ғылым саласында білімін жетілдіру, интеллектісін дамыту, шығармашылыққа баулу арқылы әржақты дамыған тұлға тәрбиелеу мақсатында мектептің «Зерде» дарынды балаларды үйлестіру орталығы ұйымдастырылып, 4 бағытта жұмыс атқарады:
І.Ғылым бағыты бойынша
1.Олимпиадалық резерв мектебі
2.Ооқушылардың ғылыми қоғамы
ІІ.Эрудит бағыты бойынша
1.Халықаралық ойындар мен байқаулар («Руский медвежонок», «Кенгуру»
2.Республикалық ойындар «Ақ бота» интеллектуальдық марафон
ІІІ.Өнер бағыты бойынша
1.Ағаш ою үйірмесі
2.Вокал, музыка мектебі
3.Жасақындар мектебі
4.Қолданбалы өнер орталығы
IV. Спорт бағыты бойынша
1.Бокс
2.Еркін күрес
3.Таэквондо
Оқушыларды пән олимпиадаларына, қашықтық интернет олимпиадаларға, жеке пәндерден халықаралық қашықтық олимпиадаларға, интеллектуалдық олимпиадалар мен байқау, марафондарға, үйірме жұмыстарына, ғылыми жоба, зерттеу жұмыстарына қатыстыру нәтиже берді. 2013-2014 оқу жылында 2 оқушы, 2014-2015 оқу жылында 1 оқушы, 2015-2016 оқу жылында 1 оқушы халықаралық ғылыми жобаға қатысып ІІ орындарды иеленсе,2016-2017 оқу жылында 7 сынып оқушысы А.Хамзаева аудандық, облыстық «Зерде» ғылыми байқауынан І орынды иеленіп, Республикалық өтетін ғылыми жоба байқауына жолдама алып отыр.
Оқушыларды топтық ғылыми жоба жазуға үйрету бағытындағы жұмыстар әр оқу жылының соңындағы сәуір айында өтетін оқушылар конференциясы, оқушылар форумы арқылы тәжірибеге енгізілуде
Тірек мектебіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың жиынтығы ретінде топтық жобалар, 2012-2017 жылдарға арналған «Тәуелсізідік тағылымы» бағдарламасы бойынша жүйеленіп, төмендегі тақырытпарда:
2013 жылы «Тәуелсіздік тағылымы» және ресурстық орталық»,
2014 жылы «Тәуелсіздік тірегім»,
2015 жылы «Мәңгілік ел – еліміздің болашағының бейнесі» атты оқушылар конференциялары, 2016 жылы «Азаттық жолындағы күрестер – тәуелсіздік жеңісі». оқушылар форумы түрінде ретімен өткізілді.
2016 жылғы оқушылыр конференциясының ауқымы кеңейтіліп, форум түрінде өтті.Оқушылар форумында еліміздің тәуелсіздік жолындағы күрестері, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлытау ұлағаты», «Мәңгілік ел» болу идеясы туралы оқушылардың үздік шыққан топтық жобалары тыңдалып, магниттік мектеп оқушылары делегациясы, атап айтқанда: Ә. Молдағұлова орта мектебі «Ата-баба аңсаған мәңгілік ел»,
Т. Рысқұлов орта мектебі «Ұлт азаттық көтеріліс – тәуелсіздік үшін күрес», Алға орта мектебі «Алашорда үкіметі – тәуелсіз ел болудың үлгісі», Еңбекші орта мектебі «Тәуелсіздік және біз», Жайсан орта мектебі «Тәуелсіздік - желтоқсанның жеңісі», М. Мақатаев тірек мектебі «Мұқағали және Тәуелсізідік» тақырыптары бойынша жан-жақты ізденістерін көрсетіп, топтық ғылыми жоба жұмыстарын қорғады, мектеп мұражайына тақырыптарын ашатындай макеттер жасап, қолтаңбаларын қалдырды. Іс-шара соңында тірек және магниттік мектептің 8-11 сыныптар оқушылардың жыл бойғы жұмыстары сараланып, «Жыл көшбасшысы», «Жылдың үздік сыныбы», «Жылдың үздік оқушысы», «Үздік шығарма», «Үздік көркем әдебиет оқушы», «Үздік магниттік мектеп газеті», «Үздік күнделік жүргізуші» аталымдары бойынша марапатталды.
Бүгінігі таңда мектеп «Қазақстан балалары нұрлы жолмен» акциясы аясында «Даналардың ізімен – Нұрлы жолға» бағытын ұстанып, жоғарыда аталған іс-шараларды ұлы Абайдың «Бес асыл ісі»:Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рахымға жүйелеп, жіктеп енгізіп отыр.
2013-2017 жылдар аралығында дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесі 2 оқушы алтын белгі, 2 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа, 11 сынып оқушысы Ноғайбай Ерзаттың халықаралық ғылыми жоба байқауына математика пәнінен қатысып, екінші орынға ие болып, «Күміс медаль» тақса, мектебіміздің 2016 жылғы түлегі Спанәлі Серік « Абай оқулары» байқауының облыстық, республикалық кезеңдерінің жеңімпазы деңгейіне дейін көтерілді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында облыстық «Қазақстанның алып құрылыстары» макеттер байқауында А.Мықтыбек «Мешіт» макетін дайындап ІІ орынды, Алға (магниттік) орта мектебінің 10 сынып оқушылары Кеңесбай Нұржан, Бірімқұлов Ғабиттың, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Шами Гүлназ үнемі облыстық байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.
Сонымен қатар үстіміздегі жылдың ақпан айында Алматы қаласында өткен «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың ІХ Республикалық ән би балалар мен жасөспірімдер байқауында 10 сынып оқушысы Бодаубек Айкүн, 4 сынып оқушысы Бодаубек Назерке көркемсөз оқудан бас жүлдені, 2 сынып оқушысы Ақылбекұлы Әділ, 4 сынып оқушысы Алпысбай Гүлсезім эстрадалық вокалдан 1-дәрежелі дипломмен, 4 сынып оқушысы Бодаубек Назерке 2-дәрежелі дипломдарымен марапатталып, «балапан» бағдарламасына жүргізуші ретінде тіркелді.
8-бағыт Эксперимент жұмысын ұйымдастыру
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу мұғалімдердің кәсіби мәдениетінің көтерілуі эксперимент жұмысы арқылы жүзеге асуда.
2012-2013 оқу жылдары «Тірек мектеп (ресурстық орталық)жағдайында білім беру сапасын қамтамасыз етуде оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың педагогикалық аспектілері» атты ғылыми практикалық семинар.
2.«Жаңа оқыту технологиялары- білім берумазмұнын модернизациялау» атты республикалық семинар –кеңес. «Тірек мектебі жағдайында УӘЖ технологиясын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында
баяндама (Қызылорда қаласындағы облыстық білім көрмесі.)
3. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәжірибе, мәселелер шешу жолдары» атты ғылыми-практикалық семинар. Қапшағай қаласы № 3 мектеп гимназиясы.
4. «Шағын жинақталған мектептердің өзекті мәселелері» атты облыстық семинарда презинтация жасау
Әдістемелік жұмыстан алынған нәтижелерді жүзеге асыру жағдайы
Облыстық білім басқармасына қарасты «Білім шуағы» газетіне
жарияланды. Қызылорда, Қапшағай қалаларында өткен ғылыми-
практикалық конференцияда әдіскер Ш.Смағұлова .баяндама оқып,. УӘЖ»
технологиясы бойынша понарамалық сабақ көрсетті.
Әдістемелік жұмыстың нәтижелері
- Республикалық басылымдарға жарияланды
- Облыстық білім басқармасына шығармашылық есеп берілді.
1.Тірек мектептің (ресурстық орталықтың) сессия кезінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру,
2.Тірек мектепті (ресурстық орталықты) басқару,
3.Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмысын үйлестірудің нормативтік-локалдық актілер, тірек сызбалар жиынтығы,
4.Жамбыл облысында тірек мектептер (ресурстық орталықтар) желісін ұйымдастыру тәжірибелері көбейтіліп таратылды
5.«Тірек мектепте (ресурстық орталықта) ғылыми-педагогикалық экспериментті ұйымдастыру жүйесі».Ә.Әлімбекова, А.Сихимова
6.«Тірек мектепте (ресурстық орталықта) білім беру үрдісін технологияландыру тәжірибесі» Ә.Әлімбекова, Ш.Смағұлова, Б.Джексенбаева, А.Пазылбекованың авторлығымен әдістемелік нұсқаулығы, әр пән бойынша жасалған жұмыс дәптерлерінің жинақтары сынып-сыныбымен Қызылорда, Қапшағай, Тараз қалаларында өткен семинарларда көрмеге қойылды. Іс- тәжірибе облыс көлемінде таратылды.
Тірек мектебінің инновациялық жұмысы
2013-2014 оқу жылы
1.«Тірек мектебінде оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» дөңгелек үстел (Ғ.Бейсембаев, Ш.Шуиншина, А.Алимбекова)
2. «Ресурстық орталық базасында оқушыларға білім берудегі тиімді психология- педагогикалық технологиялар» атты семинар. «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығы қызметкерлерімен бірлестікте.
3.« Магниттік мектептерде оқу үдерісін технологияландыру жағдайы» атты аймақтық семинар.
4. «Заңнамалық құжаттармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» атты семинар.
5. Ресурстық орталық мамандарымен онлайн режімде шеберлік класс.
6.«Тірек мектебі: кеше,бүгін, ертең» атты кеңейтілген педкеңес.
7. «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беру үрдісіндегі модульдік оқыту технологиясын тиімді пайдалану жолдары» атты семинар.
8. «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру үрдісінде тірек сызбалар мен конспектілер технологиясын тиімді пайдалану жолдары» атты семинар.
9. «УӘЖ технологиясының тиімділігі» атты семинар.
10. «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-заман талабы» атты семинар-практикум. (бастауыш сыныптар)
Әдістемелік жұмыстан алынған нәтижелерді жүзеге асыру жағдайы
Тірек мектептің әдістемелік жұмысы Алматы қаласы Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткен І Республикалық
ШЖМ слетінде «Педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
жолдары» атты семинарда, Тараз қаласы.нда өткен «Шағын жинақты
мектептердегі білім беруді ұйымдастырудағы кездесетін проблемаларды
шешудің жолдары» атты республикалық семинарда іс-тәжірибесі
көрсетілді .
Әдістемелік жұмыстың нәтижелері
Облыстық білім басқармасына берілген шығармашылық есепте,
- Республикалық басылымдарда жарияланды,
- Магниттік мектептерге арналған таратпа материалдары дайындалды. Тірек мектебінің инновациялық жұмысы 2014-2015 оқу жылы
1. «УӘЖ технологиясының тиімділігі» атты семинар (Ж.Кобдикова., Ш.Нурманбетова).
2. «ҰБТ-ге дайындық жұмыстары» атты магниттік мектеп мұғалімдері, ата-аналары, оқушыларымен психологиялық тренинг. (Ғ.Бейсембаев)
3. «Қазіргі әлемдік прогрессивті тенденциялардағы мектепте білім беруді интеграциялау мен технологияландыру мүмкіндіктерін қарастыру» атты облыс көлеміндегі тірек мектептердің басшыларымен Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының қызметкері, тірек мектебінің әдістемелік жетекшісі Ш.Шуиншина, Тірек мектебінің ғылыми жетекшісі Ғ.Бейсембаев ұйымдастыруымен өткізілген семинар.
4. «Пәндерді көптілде оқытудың когнитивтік- коммуникативтік технологиясы» атты семинар-тренинг (Ш.Шуиншина).
5. «Оқушының білімділік деңгейін технологиялық карта арқылы өлшеудің тиімді жолдары» атты семинар-тренинг (Ш.Шуиншина).
6. «Ең жақсы қасиет –қарапайымдылық», «Зейінді дамытатын әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренинг (Ш.Шуиншина).
7. «Тірек мектеп және магниттік мектептердегі тәрбие кеңестігінің өзекті мәселелері» атты М.Мақатаев Тірек мектебі (РО).
8. «Инновациялық технологиялар арқылы функционалдық сауаттылықты көтеру» атты семинар (Еңбекші о.м.)
9.. «Жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін арттыру» атты (Ә.Молдағұлова о.м.)
10. «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары» атты (Т.Рысқұлов о.м.)
11. «Оқу үрдісінде «УӘЖ» технологиясын пайдаланудың тиімділігі» атты Жайсан о.м.
12.. «Білім жүйесіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары» атты (Алға о.м.)
13. «Мәңгілік ел -еліміздің болашағының бейнесі» атты оқушылар конференциясы М.Мақатаев тірек мектебі.
14. «Тірек және магниттік мектептердің бірыңғай тәрбие кеңестігін
қалыптастырудың өзекті мәселелері» ғылыми –практикалық
конференция (Ғ.Бейсембаев, Ш.Шуиншина)
Әдістемелік жұмыстан алынған нәтижелерді жүзеге асыру жағдайы:
«12 жылдық білім беру – 12-летнее образование».
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – №1.
Ш.М. Шүйіншина, Б.М. Жексенбаевалардың. Ж.А. Қараевтың «Үш
өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы және оның
практикада қолданылуы
З.А. Манасбаеваның "Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру.” 2014 жылы мақалалары жарық көрді .
«Алаш ұстазы» журналына Қ.Абдикасимов, С.Өмірбекова,
М.Жаппарова, А. Пазылбекова , А.Насырхан , А.Медеубаева
А.Сабыралиева, Ж.Ақбердиевалардың сабақтары, кітапшада 40
мұғалімнің 4 жинағы жарық көрді. облыстық білім басқармасының
ақпараттық –әдістемелік «Білім шуағы» газетінде жарық көрді.
Әдістемелік жұмыстың нәтижелері:
1..География пәні (оқу- әдістемелік кешен). 6 сынып. – Алматы: Арман
–ПВ.
2..География, қазақ тілі мен әдебиет, математика, қазақстан тарихы,
Орыс тілі мен әдебиет, химия, биология, информатикаға, 3 сыныпқа
дүниетану пәніне арналған жұмыс дәптерлері. "ҮӘЖ”
технологиясының ІІІ деңгейлі сертификатына ие болып, тренерлік
құқығын алды.
3.География пәні (оқу- әдістемелік кешені) 6 сынып. 2015-2016 оқу жылына республика мектептерінде сұранысқа ие болды.
4. «Аманат» мектепшілік үн қағазы арқылы іс-тәжірибе таратылды.
Өнімді қолданудың әлеуметтік жағдайы:
2015-2016 оқу жылына А.Баетова мен З.Манасбаева 6 сыныпқа арналған география пәнінен оқу –әдістемелік кешенінің авторлық мәртебиесіне ие.
Республикалық «12 жылдық білім беру» әдістемелік журналға Б.Жексенбаева, З.Манасбаева, Қ.Абдикасимов, С.Өмірбекова, М.Жаппарова, «Алаш ұстазы» журналына А.Пазылбекова, А.Насырхан , А.Медеубаева А.Сабыралиева, Ж.Ақбердиева сабақтары, облыстық білім басқармасының ақпараттық –әдістемелік «Білім шуағы» газетінің арнайы нөміріне 40 мұғалімнің жаңа технологиялар бойынша жасалған сабақтары мен тәжірибелері 4 жинақ болып шықты .
1.Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек мектебі педагогикалық ұжымының;
2.эксперименттік жұмыстар аясында жасалған;
3.шағын жинақты мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің сұраныстары бойынша;
4. мұғалімдердің шығармашылық деңгейін кәсіби бағытқа бейімдеп, интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеудегі жұмыстары әр кезде өз бағасын алып жүр.
2015 жылы Республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауында әдістемелік жұмыстар бойынша жасалған көрме жоғары бағаланып, «Үздік көшбасшы» аталымын иеленді. Мектеп директоры Алтын Мадиомарқызы Сихимова мен Анар Ермекқызы Баетова «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», медалінің иегері, директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Жексенбаева, шығармашылық топ жетекшісі Шамшат Байбосынқызы Смағұлова облыстық білім басқармасының « Құрмет» грамотасымен, Анар Ермекқызы Баетованың қазан айында Астана қаласында өткен «Үздік педагог» байқауында «2016 жылдың үздік педагогы» иегері, математика пәні мұғалімі Гүлбағира Көшкінбайқызы Есболғанованың облыстық олимпиада да ІІІ орынға, ие болуы, музыка пәнінің мұғалімі С. Таткеева Алғыс хатпен және «Үздік ұстаз» төс белгісмен марапатталды. Мектебіміз Республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауында әдістемелік жұмыстар бойынша жасаған көрмесі жоғары бағаланып, «Үздік көшбасшы» аталымын иеленсе, қатарынан екі жыл облыстық рейтингте «Өзін-өзі дамыту бағытындағы мектеп» номинациясымен бірінші орынды иеленуі - жасалып жатқан тың тәжірибелердің іске асуының дәлелі.


Дайындаған директордың ғылыми-әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед