Қамқоршылық күні

Автор: admin от 31-10-2023, 21:33, посмотрело: 23

0
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Жыл сайын 29 қазанда Қазақстан Республикасында «Қамқоршылық күні» 26 қазан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде аталып өтті. Бұл іс-шара мақсаты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 3 бала қамқоршылықта тәрбиеленуде. «Жетім көрсең, жебей жүр» - деген қағиданы ұстанған азамат балаға әкенің тәрбиесі мен ананың мейірімін сыйлауда. Мектеп әкімшілігі балаларды қамқошылыққа алған ата - аналар Нұрпазилова Шолпан, Рысбеков Алматты Қамқоршы күні мерекесіне арналған «Мейірімді жүрек» атты мерекелік концертке шақырып, ата аналарға алғыс хат және сый- сыйапаттарын тапсырды. Ата -ананың қамқорлығынсыз қалған баланың тағдырына немқұрайлы қарамағанына шексіз алғыстарын білдіріп , мықты денсаулық тіледі. Мектеп әкімшілігі ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламаны тамашалап , алғыстарын білдірді.

Қамқоршылық күні
Қамқоршылық күні
Қамқоршылық күні
Қамқоршылық күні

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.