«Қамқоршылар күні»

Автор: admin от 29-10-2020, 06:26, посмотрело: 201

0
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Жыл сайын 29 қазанда Қазақстан Республикасында «Қамқоршылық күні» аталып өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Баланы өз отбасына тәрбиелеу үшін алған отбасыларға алғыс айту, бөтен баланы бөтенсінбейтін және біреудің тауқыметіне немқұрайлы қарамайтын адамдарды марапаттау.
Қазіргі таңда М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 1 бала қамқоршылықта тәрбиеленуде. «Жетім көрсең, жебей жүр» - деген қағиданы ұстанған азамат балаға әкенің тәрбиесі мен ананың мейірімін сыйлауда. Мектеп әкімшілігі Рудаков Владимирдің үйіне барып мерекелерімен құттықтап, алғыс хат және сый-сияпаттарын тапсырып, ата- ананың қамқорлығынсыз қалған баланың тағдырына немқұрайлы қарамағанына шексіз алғыстарын білдіріп, мықты денсаулық тіледі.
                   «Қамқоршылар күні»
«Қамқоршылар күні»
«Қамқоршылар күні»

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.