Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім

Автор: admin от 30-01-2024, 21:02, посмотрело: 21

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде қаңтардың 29жұлдызында “Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім” тақырыппен қысқы сессияның ашылуы салтанаты өтті.
Ашылу салтанатының мақсаты: “Тірек мектебінің магниттік мектептермен шығармашылық байланысын, мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығын дамыту.
Ашылу салтанатының міндеті: Сессияаралық және сессия кезіндегі атқарылатын жұмыстардың сабақтастығын қамтамасыз ету; магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушыларын
ғылыми - шығармашылық жобалар жасауға бейімдеу; магниттік және тірек мектебінің мақсат-міндеттерін айқындау, жауапкершілікті сезіндіру, өзара шығармашылық байланысты нығайту арқылы білім сапасын көтеру;
Ашылу салтанатына арналған жабдықтау жұмыстары жасалды, көрме қойылды. Атап айтсақ: шығармашылық көрме: тірек мектебінің магниттік мектептермен жүргізілген жұмыстар бойынша фото-көрме кинолентасы жасалды; сессияаралық жұмыстар бойынша тірек және магниттік мектептердің шығармашылық есебі, жинақ папкалары, форум материалдары; оқушылардың жазған пікірлері, кері байланыстары көрмеге қойылды.
Мектеп директоры Алтынкуль Мадиомарқызы Сихимова 4жыл пандемия кезінен кейінгі сесияның дәстүрлі өтуіне арналған ашылу салтанатында ұжымды құттықтап, салтанатты жиынды ашып берді. Келген қонақтардан мектеп мұғалімдері интервью алды. Бастауыш сынып оқушылары келген қонақтарды қошаметпен қарсы алып, тірек мектеп оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды. Әр келген магниттік мектеп делегациясы өз мектептерін тірек мектебімен байланыстыра отырып, таныстырып, өз өнерлерін, жасаған презентацияларын көрсетіп, шаңырақ иесі тірек мектебі оған киілген уық магниттік мектептер екені даналық ағашынан көрінді.
Ашылу салтанатына Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев, Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров, магниттік мектеп директорлары, оқу ісінің орынбасарлары, сынып жетекшілер және тірек мектебінің мұғалімдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.
Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев: Құрметті ұстаздар, оқушылар, керемет іс-шара болып жатыр, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп үлкендер айтатын еді, 10жылдан асып жатқан бұл істеріңіз жалғасын таба берсін. Құрметті оқушылар М.Әуезовтың атамыздың жақсы сөзі бар ғой «Армансыз адам – қанатсыз құстай, арманды адам – құмары қанбас самғап ұшпай» дейді, сол айтпақшы мұғалімдердің еңбегін ақтайтын үлкен тұлға болуларыңа мен тілектеспін.
Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов: Құрметті әріптестер, тірек мектеп ұжымы, магниттік мектеп ұжымы, ресурстық орталықтың кезекті сессияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта бар білімдеріңізді, іс-тәжірибелеріңізді, бар білген жиған-тергендеріңізді осы магниттік мектептен келген оқушыларыңыздың бойына сіңдіресіздер деп ойлаймын. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз алға баса берсін.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров:
Еліміздің болашағы жастар екенін ескерсек, бүгін қайта бастау алып жатқан іс-шара осы жастардың дамуына құйылып жатқан инвестиция деп ойлаймын. Бұл оқушыларға білімі мен біліктілігін арттырып, шығармашылық деңгейін қалыптастыру, достық қарым-қатынастарын нығайтуға деген үлкен мүмкіншілік, алдағы уақытта да бұл іс-шара өз жұмысын жалғасын таба берсін. Осы бағытта оқушыларға өз білгені мен білімін үйретуден жалықпайтын жасампаз ұстаздарға алғыс білдіреміз, шығармашылқ табыстар тілейміз. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!
Еңбекші орта мектебінің директоры Т.Майкеев: Тірек мектебінің директоры Алтын Мадиомарқызы Сихимованың және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Джексенбаеваның жетекшілігімен әрбір сессия кезінде оқу сабақтары, қосымша білім және тәрбие жұмыстары, яғни дамыту блогтары өз алдына жеке жоспарланып, жоғары жауапкершілікпен атқарылып келе жатқанына куә болып келе жаткан магниттік мектептердің біріміз.
Тірек мектебі өз мақсаттарына жету жолында ата-аналарды да жоғары деңгейде бала тәрбиелеуге тарта білді.
Тірек мектебі тек оқушыларға ғана емес мектеп мұғалімдерінің де кәсіби дамуына ерекше ыкпал ете білді. Мәселен, айтар болсак, педагогтеріміз үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) технологиясы бойынша зерттеу сабақтар жүргізіп, тірек мектебінде дуэттік сабақтар өткізді, семминарлар, конференциялар, форумдар, байқаулар ұйымдастырылды. Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, Ғ. Бейсембаев сияқты ғалым-ұстаздармен кездесіп, бірлесе жұмыс аткаруға мүмкіндік туғыза білді.
Шерхан Мұртаза мектебінің мұғалімі Бахыт әпкей : Мұғалімдер осы уақытқа дейін өз тәжірибелерімен алмасып, оқушылар өте көп жұмыстар жасады. Және де оқушыға 7 баламен оқыған қызықпа әлде 24 баламен пікірталастырып оқыған қызықпа. Сол себепті 24баламен тіл табысып, өз білімдерін шыңдап, жетістіктерін көрсетіп, дуэттік сабақтар, спорттық ойындардан осы жерден талай марапаттарға ие болуына осы мектептің еңбегі зор болды. Ауылдың қала балаларына ауыл тәрбиесін: ауылдың балалары ұяң болады, ұяңдықты, биязылықты, қыздардың бұрымдылығын ала келдік, бөлісе білдік. Сонымен қала балалары сүйсіне білді. Осы мектептің мұғалімдері күн демей түн демей үлкен жұмыстар атқарды. Осы жұмыстарды айтқанда Шамшат тәтейдің де еңбегін айта кеткен жөн, ол кісі сөз маржандарын теріп айтуды үйретті, жанамын деген оқушыларға от бола білді. УӘЖ технологиясын бүкіл пәндер бойынша жазып шығып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берді.
Алға орта мектебінің директорының орынбасары Б.Диханбаева: Құрметті әріптестер, жәнеде көздерінде от жанып, білімге деген құштарлықтары артып отырған, бүгіннен бастап тегі артып отырған оқушылар. Біз кішкене ғана мектепте оқыдық, материялдық база рас төмен болды. Сонда бізге келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тірек мектебіне жылына үш рет сессия болады, ауыл балаларынада жақсы нәрсені көрсетеміз деп, эксперимент жасаймыз, білімдерін жоғарылатуға ықпал жасаймыз дегенде қуанып, 2013жылдан тірек мектебі болып құрылғаннан ең бірінші магниттік мектептер болып кіргеннің бірі біздің Алға мектебі болатын. Одан бері қаншама жұмыстар жасалынды. Қаншама жетістікте жетіп жатырмыз. Шамшат тәтейдің еңбегін айтпасақ болмайды. Ғани Бектайұлымен жүргізілген қаншама тренингтері мен семинарларының мұғалімдер мен оқушылардың өсуіне ықпалы зор болды. Осы сессия кезіндеде көп жұмыстар жасалынатына сенеміз. Барлықтарыңызға жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, абырой серік болсын!
Келген қонақтар, мұғалімдерден, оқушылардан кері байланыс алынды. Байқағанымыз, тірек мектебі жұмысына зор шығармашылық табыстар тілеп, бірігіп жұмыс жасауға қызығушылықтарын бар ынталарымен жеткізді. Салтанатты жиын Қ.Алагөзовтың сөзіне жазылған Қ.Молжановтың әні «Қазақ тілі» әнімен аяқталды.
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім
Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.