Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға

Автор: admin от 12-01-2024, 23:03, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) күзгі сессияның жүргізілуіне орай 8 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Таңбалы тарих- Таңдаулы тұлға» атты тарихи әдеби – сазды танымдық сағат өтті. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірімен таныстыру,Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылықтарын арттыруға тәрбиелеу, оқушыларды адамгершілікке,еңбекқорлыққа отансүйгіштікке баулу. Сұлтан Бейбарыс арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, пән мұғалімдері және 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағаттың ашылуын Сұлтан Бейбарыстың өмірін, жүріп өткен жолын сахналық қойылыммен бастап, оқушылар Сұлтан Бейбарыс туралы анықтама беріп ән бимен жалғасты. Танымдық сағатқа қатысқан ұстаздар мен оқушылардан кері байланыс алынды. Танымдық сағат соңында ұстаздар және оқушылар ұйымдастырушыларға танымдық сағаттың тағылымы өте жоғары екенін айта отырып осындай іс -шаралардың жиі өтуін қалайтындарын айтып, қорытындыланды.
Осы аталған танымдық сағат магниттік Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінде жалғасын тапты. Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінің ұжымы және білім алушылары жылы шыраймен қарсы алып,осындай бірлескен жұмыстан қанаттанатындарын білідіріп, алғыстарын жаудырды. Магниттік мектеп оқушылары өткізілген іс -шараға белесене қатыса отырып, сессия жұмыстарының дәстүрлі түрде өтуін қалайтындықтарын жеткізді.
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға
Таңбалы тарих - Таңдаулы тұлға

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.