М.Дулатов.Оян, қазақ

Автор: admin от 11-01-2024, 03:03, посмотрело: 25

0 30 қараша күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Омбаева Г.Б. 10 «Ә» сынып оқушыларымен «М.Дулатов.Оян, қазақ!» тақырыбында акт залында танымдық сағат өткізді. Танымдық сағаттың негізгі мақсаты:ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің отаршылдық саясатының, одан кейінгі кеңестердің солақай саясатының нәтижесінде қазақ халқының бастан өткерген қиындығын көрген және елінің азаттығын аңсаған, елі үшін қасық қаны қалғанша қызмет еткен Міржақып Дулатұлының өмірі жайлы толық мағлұмат беру, ақынның өлеңдері арқылы оқушыларға әсер ету, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту, өз елін, жерін қорғайтын патриот ұрпақ тәрбиелеу; Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған слайдтар, суреттер, шарлар.Қабылданған міндеттер:1. Отанды сүюге баулу; 2. Халықтың санасын оятуға арналған жырлары арқылы Міржақып Дулатұлының есімін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу;
«М.Дулатов. Оян, қазақ» атты танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Д.Джексенбаева, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Рахматова, пәні мұғалімдері, мектеп мұғалімдері, 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Танымдық сағат 10-сынып қыздарының орындауында нәзіктік пен батырлықтан өрілген «Батырлар биі» биімен басталды. Екі жүргізуші танымдық сағатты орамды ойларымен бөлесі отырып жүргізді. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңін шығарғандығы, осы үшін орыс билеушілерінің қаһарына ұшырағандығы, орыс билеушілерінің «Оян, қазақ» өлеңінің әр сөзінен астар іздеп, тергеу жүргізгендігі, Міржақыптың көрген қудалауы жайлы баяндайтын көріністер көрсетілді. Танымдық сағат барысында оқушылар Міржақып Дулатовтың өлеңдерін оқыды. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңіне еліктеп, түріктер «Оян, түрік!», жапондар «Оян, жапон!» деген өлеңдерді шығаруы сияқты тың мәліметтер келтірілді. Соңында сахнаға бес арыс жайлы көрініс көрсетіліп, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтардың «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деген жалынды сөздерімен аяқтап, «Алаш ұраны» әні және «Алаш аманаты» күйі орындалды.
М.Дулатов.Оян, қазақ
М.Дулатов.Оян, қазақ
М.Дулатов.Оян, қазақ

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.