» » Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!

 
 
 

Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!

Автор: admin от 1-02-2024, 20:28, посмотрело: 14

0 Бүгінде өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Ел болашағы жастарымыз жан-жақты жағдай жасалған білім ордасынан білім алуы тиіс. Соның бір дәлелі, Төлеби ауылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) магниттік мектептермен шығармашылық жұмыс үлкен жолға қойылған. Баланың тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау мақсатында, 31 қаңтар күні, магниттік мектеп оқушылары аясында М.Мақатаев мектебінде "Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!» атты тақырыпта үйірме жетекшісі Асенова Қазынаның ұйымдастыруымен кішігірім ғылыми-шығармашылық жобасы өткізілді. Бұл жобаға магниттік мектеп оқушылары да қатысып, өз ауылдарының өткен және бүгінгі тарихымен, ауылдарының ұлы тұлғаларымен мақтанып,ауылдарының көремет көрнекі жерлерін слайдпен көрсетіп, таныстырып, оқушылардың білім қоржынын толықтырды. Нәтижесінде жоба өз мақсатына жетті. Келген қонақтар да оқушылардың еңбегін жақсы деп бағалап, қошеметтеп, жақсы тілектерін білдірді. Сөз соңында мектебіміздің директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева "Оқушы толтыратын ыдыс емес, оқушы алау, оны жаға білу керек" деп, оқушылардың жетістігін жақсы бағалап, жақсы тілегімен аяқтады.
Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!
Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!
Бабаларым аңсаған мекен, Туған жерім айналдым сенің қасиетіңнен!

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.