Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұстаздары Нұрлыбеқызы Мақпал мен Адишев Бекнұр магниттік мектептер арасында «Жаңа форматты мұғалім қандай болуы керек?» тақырыбы аясында коучинг өткізді. Коучинг ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Қатысқан мұғалімдер «өте жақсы» деп бағалап, ұйымдастырып отырған мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Пазылбекова Айзада Қазбекқызына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар С.Шәкіров, Әл-Фараби, М.Әуезов, Алға орта мектептерінің ұстаздары кері байланысқа шығып, өз тілекерін, ұсыныстарын жеткізді. Соңында Айзада Қазбекқызы қорытындылап, болашақта магниттік мектептерді осындай жұмыстар өткізуге шақырды.