Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектепке жол

Автор: admin от 2-08-2019, 04:25, посмотрело: 512

8
Мектепке жол

Республика көлемінде өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» акцисы биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да қайырымдылық көмек көрсету болып табылады.Акция барысында Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің ұжымы 20000 мың теңгеге, Шу қаласының видео операларлары 30000 мың теңгеге оқушыларға киім-кешек және кеңсе тауарларын сыйға тартты.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші азаматтығын, ізгілігін көрсетіп, келешек ұрпақтың тағдыры үшін алаңдатушылық танытып, акцияға қол ұшын созып, қайырымдылық жасаған азаматтарға мектеп ұжымы және ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.
«Мектепке жол акциясы » жалғсын табуда

Категория: Мектеп