» Әлеуметтік педагогтың желтоқсан айында атқарылған жұмыстары

 
 
 

Әлеуметтік педагогтың желтоқсан айында атқарылған жұмыстары

Автор: admin от 20-12-2018, 01:15, посмотрело: 572

0 Желтоқсан айының 2 -14 күндері аралығында атқарылған жұмыстар.

Өзара-қарым қатынаста қатынаста оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек беру барысында,8-9 сынып аралығында психологиялық әңгімелер жүргізілді.
Алдымен кіріспе сөзден басталды. Кісілік қасиет жеке адамдардың ақыл-парасатынан өмірге көзқарасынан туындайды. Адам белсенділігі артқан сайын қасиеттер жинақталып, әркімнің кейпін, мінезін көрсетеді. Мінезділік –кісілікке көтерілудің бір жолы. Мінез – киелі қасиеттердің жиынтығы. Мінез құндылығы - жүректі тазартатын, сегітетін сезімде, жақсы-жаманды екшеп ой қорытып, адамның ширауында, кез келген мәселені салмақпен, сабырмен шеше алатын қылықта. Адам мінезінің аса бір көркем түрі – сабырлық. Адам баласының бойында оны дәл сабырлылық тәрізді керемет етіп көрсететін мінез кемде-кем. «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөз тегіннен –тегін айтылмаса керек. Ашуға да , қуанышқа да сабырлылық көрсету адамдықтың үлкен белгісі. Күнделікті өмірде адамдар бір-бірін болмашы нәрсеге ренжітіп алып жатады, ашуланып, асығыс істер жасап жатамыз. Соңынан опынып жататын кездер де болады. Ал осындай жағдайларға тап болмаудың жолы – сабырлы болу. Ал сабырлы болу қиын ба? Оқушыларының пікірлері екіге бөлінді.
Қорытындысы: сабырсыздық күйгелектікке, асығыстыққа соқтырады. Ақылмен емес асығыстықпен біткен істің қашанда бір қайнауы ішінде жүреді. Сондықтан да сабырлы болуға тырысыңдар. Сөзімді неміс философы И. Канттың сөздерімен қорытындылағым келеді: 1. «...өз ойыңды орынсыз талқыға ұшыратпауүшін өсек сөзге жүгінбей, сөзді сақтана, салмақпен айт. 2. Әрқашан уәдеңе тұруға тырыс, өз сөзіңнің иесі болғын. 3. Ойы мен пиғылы теріс адаммен достасудан аулақ бол. 4. Біреудің жалаң немесе ашулы пікірінен туындайтын сандырақты анау айтарлықтай көңілде термегін...» Бұл қасиеттерді өз бойыңнан ізде. Өйткені адам болу үшін адамдықты сақтау адамның санасына, мінезіне, ұстамдылығына байланысты. Имандылық қасиеттерін өміріне тамыздық ететіндер адам құндылығын құнттайды. Осыны балаларға ұмытпаңдар, деп әңгімемізді аяқтадым.



Орындаған: әлеуметтік педагог: Д. Джилкибаева

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.