«АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау»

Автор: admin от 21-12-2018, 21:28, посмотрело: 905

0
М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай өткізілген «Жас сарбаз» әскери-спорттық үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында «АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау» түрінен сайыс өткізілді. Бұл сайысқа қонақ ретінде Ауған соғысының ардагері Тажиев Бейбітжан Қалықұлы және «Балалар-жасөспірім орталығының» оқу ісінің меңгерушісі Асанбаева Ләззат Бимендеқызы қатысты.
Сайысқа қатысқан оқушылар Калашников автоматын бөлшектеп жинау барысында уақытқа жарысып,өз шеберліктерін көрсете білді.Бұл құрамның негізі оқушыларды Отансүйгіштік қасиеттерге баулып, әскери істі ынта қойып меңгеруге,Қазақстанның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болу мақсатында құрылды. Бұл құрамды болашақта әскери - спорттық ойындарға қатыстырып, өздеріне жүктелген міндеттерді орындап,әскери қызметтің қиыншылықтары мен ауыртпалықтарына табандылықпен төтеп беруге дайындау.
Сайысқа қатысқан оқушылардың шеберліктері анықталды. І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау»
AK-sayys.doc [1,61 Mb] (cкачиваний: 2)

Категория: Мектеп, Ең үздік сабақтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.