Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Алтын қақпа»

Автор: admin от 28-01-2021, 05:15, посмотрело: 238

0
2021 жылдың 25 қаңтар күні Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары: Ж.Ахина мен Ж.Кадрбекованың ұйымдастыруымен сыныптан тыс «Алтын қақпа » интеллектуалды ойыны өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың ырым-тыйым сөздерін айтып, мақал-мәтелдер құрып және тұрақты сөз тіркестерінің баламасын таба білетіндіктерін тексеру.
• Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
• Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары, әдет-ғұрпы біздің асыл қазынамыз. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жөн-жоралғыларымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартып, келесі ұрпаққа жеткізу біздің өз қолымызда. Сайыс 5 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы онлайн түрінде өткізіліп, ойын шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Экраннан тапсырмалар өз орнымен рет – ретімен көрсетіліп отырды. Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан берілді. Сол кезде ғана жауап саналып, ұпай қойылды. Өздеріңіз білетіндей теледидардан «Алтын қақпа» ойынын көрсететін. Сол кезде алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы айналымдардан, яғни тас қақпадан, күміс қақпадан, алтын қақпадан өтіп, алтын сандықты ашуға тырысатын. Егер де алтын сандықтың ішіндегі тапсырмаларды орындай алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді. Бірақ 5 сынып оқушылары бұл қақпалардан еш қиналмастан өтті. «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынына екі топ мүшелері өте жақсы шабытпен қатысып, сұрақтарға жақсы жауап берді. «Алтын қақпа» интеллектуалды сайысы өте қызықты өтті.
Сайыстың жеңімпаздарын ZOOM мобильдік қосымшасы арқылы онлайн түрінде құттықтап, марапаттады. Сайыс қорытындысы жарияланып, жеңімпаз топтар анықталды. Сайысқа екі топ мүшелері қатысты. Олар: «Алғырлар» тобы мен «Тапқырлар» тобы. «Алтын қақпа» интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша «Тапқырлар» тобы жеңімпаз атанды. Осы аталған топтар мынадай номинациялармен марапатталды. «Көшбасшы» - Абылай, Алуа, Сымбат, Ғалымжан, Мерей. «Белсенді топ» - Нұрзада, Нұрдәулет, Ерасыл, Кәусәр, Еркежан.

«Алтын қақпа»

Категория: Мектеп

 

«Абайды білмек керек ойлы жасқа...»

Автор: admin от 28-01-2021, 05:08, посмотрело: 235

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 26/01/2021 жылы пән мұғалімдері: Абитаева Ж, Абдрашева Ж ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175жылдығына байланысты «Абайды білмек керек ойлы жасқа...» тақырыбында 11- сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: өз ұлтын шексіз сүйетін, адамгершілігі жоғары, саналы ойы мен дербес пікірі бар ұрпақ тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Ұлы Абайдың даналық ойлары , қара сөздері, өлеңдеріндегі өзекті мәселелерді қозғай отырып, болашақта бойында қазақтың рухын қолдайтын азамат пен азаматшалар Ұлы Абай туралы ізденіп, қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырған оның намысы мен рухын биік мақсатты сапалы ой тұғырына көтерген тұңғыш қазақ ақыны екендігі туралы ойларын ортаға салды.

«Абайды білмек керек  ойлы жасқа...»

Категория: Мектеп

 

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Автор: admin от 28-01-2021, 05:01, посмотрело: 162

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО)мектеп ұжымы қаңтар айының 23 күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын зумм платформасы арқылы талқылады. Мектеп мұғалімдері Г.Омбаева, Б.Адишев Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, онда осы күнге дейін елімізде атқарылған дүние сараланғанын, алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән бергенін, үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдағанын, ал алдағы төртінші онжылдықтағы міндет - қуатты елдің иесі және кемел халық болу-деп мемлекет басшысын айтып кеткенін мектеп ұстаздарына жеткізді. Мемлекет басшысы "біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу" деген еді. Кездесу барысында мектеп мұғалімдері еліміздің күннен күнге нығайып, дамуында әрбіріміз аянбай еңбек ететін жас ұрпақ тәрбиелей білуіміз керек деп сөздерін түйіндеді.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Категория: Мектеп

 

"Робототехника"

Автор: admin от 22-01-2021, 04:03, посмотрело: 270

0
Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатымен М.Мақатаев атындағы шағын орталық тірек орта мектебінде 6-7 сыныптар аралығындағы "Робототехника" үйірмесінің жұмысы. Оқушылар үйірме жұмыстарының барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады. "Робототехника" үйірмесінің жұмысы техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу бойынша, логикалық ойлауының дамуына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал ете отырып, оқушыларымыздың жан-жақты қабілетін айқындайды.



robototehnika.rar [3,88 Mb] (cкачиваний: 0)

Категория: Мектеп

 

«Адалдық сағаты»

Автор: admin от 21-01-2021, 21:22, посмотрело: 179

0
«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»



«Час добропорядочности» на тему «Заповедь Шакарима – зеркало честности»

Категория: Мектеп

 

"Жемқорлыққа жол жоқ!"

Автор: admin от 21-01-2021, 04:12, посмотрело: 201

0 Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) ұжымы, ата-аналарына чат арқылы "Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында жадынама,бейнероликтер тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарының мақсаты түсіндіріліп, адам бойындағы асыл қасиеттер адалдық, парасаттылық, әділдік, сенімдік туралы айтылды.
Бүгінде қоғамда сыбайлас жемқорлық дерті дендеп тұр. Мұндай келеңсіздікке тек адами қасиеттерімізбен ғана қарсы тұра аламыз. Ол үшін әрбіріміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидасын ұстануымыз керек.
Құрметті ата-аналар !
Мектебімізде ата–аналар мен оқушылар тарапынан мұғалімдерге сыйлық беруге, басқа да іс – шараларға ақша жиналмайтындығы, сонымен қатар ата–аналар комитеті тарапынан да, заңсыз ақша жиналмауы қатаң қадағалауда болады.
Осыған байланысты ата-аналар тарапынан қаржылай, заттай сыйлық жасауға қатаң тыйым салынатындығын ескертеміз.
Егер сіздер сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз құқық бұзушылықтарының куәгері болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке)байланысуға болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін «1424» нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Мектеп телефоны 8(72638)3-12-38
Жеке азаматтарды қабылдау күндері Сәрсенбі, жұма
Сағат15:00-18:00
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің әкімшілігі.
"Жемқорлыққа  жол жоқ!"

Категория: Мектеп

 

"Біз біргеміз"

Автор: admin от 19-01-2021, 04:13, посмотрело: 156

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебі (РО) психологтары "Біз біргеміз" тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарына кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Категория: Мектеп

 

Ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 19-01-2021, 04:09, посмотрело: 115

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 15 қаңтар күні жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселе: 1. ІІ тоқсан, І жарты жылдық қорытындысы. 2. "Ұялы телефонның оқушылар психологиясына әсері" сұрақ-жауап. 3. Білімді ұрпақ - ұлт болашағы" Баяндама. Жиналыс барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шошимов мектепте 1250 оқушы оқитынын, білім сапасы 60 %-ды құрайтынын айтып кетті. Бұл тоқсанда білім сапасы 1%-ға көтерілгендігін, сонымен қатар әлі де білім сапасын көтеру мақсатында ата-атаналардан балаларын үйден қадағалау сұралды және пән мұғалімдері осы тоқсанда қосымша жұмыс жүргізсін деген ұсыныс айтты. 9 және 11 сыныптардың ата-аналарына карантин кезіндегі кезекші сыныпқа келетін оқушылардың қандай нұсқаулықты есте ұстау қажеттігін түсіндіріп кетті. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Кокеева ұялы телефонсыз қазір жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін еместігін, қазіргі күнде жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесетінін, бірақ ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер ететінін, есте сақтау қабілеті нашарлайтынын, танымдық қабілетінің төмендейтінін, бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейтінін, балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құритынын, ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін түсіндіріп кетті. Жиналыс барысында ата-аналар мектеп әкімшілігіне сұрақтарын қойып, жауап алды.

Ата-аналар жиналысы

Категория: Мектеп

 

"Біз неге ашуланамыз?"

Автор: admin от 19-01-2021, 04:00, посмотрело: 187

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебі (ро) психологтар "Біз неге ашуланамыз?" тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына бейнеролик ұсынып, тыныс алу, дене жаттығулары мен бөлісті.

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед