Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ұстаздар мерекесіне

Автор: admin от 7-10-2021, 01:24, посмотрело: 82

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде "Ұстаздар мерекесіне" орай 1 қазан күні, Жас мамандар мен 11 сынып оқушылары біріге отырып концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Таңертең 11 сынып білім алушылары ұстаздарды гүл шоқтарымен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерт мектеп директоры Алтынкүл Мадиомарқызының құттықтау сөзімен ашылды. Кәсіби мереке қарсаңында білім саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы шақырылған мектептің ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетіліп, сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген мектептің білім алушылары жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін!

Ұстаздар мерекесіне
Ұстаздар мерекесіне

Категория: Мектеп

 

04,10,2021

Автор: admin от 4-10-2021, 04:37, посмотрело: 97

0
04,10,2021
04,10,2021
04,10,2021
04,10,2021

Категория: Ыстық тамақ қамту

 
Назад Вперед