Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Ауыл мектептерінің білім сапасы: қазіргі жағдайы, проблемалары, шешу жолдары»

Автор: admin от 5-01-2022, 01:11, посмотрело: 105

0
«Ауыл мектептерінің білім сапасы: қазіргі жағдайы, проблемалары, шешу жолдары»
Баян Ниятуллаевна Джексенбаева, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)


Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар», «Рухани жаңғыру» атты мақаласы «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» - деген сөзбен басталады. «Ұлттық салт -дәстүрлеріміз,тіліміз бен әдебиетіміз, музыкамыз, жоралғыларымыз,бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс»-деп, қайта жаңғыруда ұлттық рухты жоғалтпауымызды еске салады. Ал ұлттық рух қаймағы бұзылмаған ауылда сақталады емес пе? Ұлтты сақтап қалу үшін- ауылды сақтап қалу керек, ұлтымыздың келешегі- ауыл балалары.
Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің алдында еліміздің мәдениетінің, экономикасының, білім жүйесінің даму болашағын айқындау, оларды орындаудың бағдарламаларын жасау міндеті тұрды. Солардың бірі-мектептерді 12 жылдық білім беруге көшіру.
Білім беру сапасын арттырудағы кездескен кедергілерді шешу үшін 2012-2016 жылдарға арналған «Ұлттық іс-қимыл» жоспары, мемлекеттік білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізінде елімізде тірек мектептері ашыла бастады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5 бап 44.1 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 24 қазан 2014 жылғы «Білім туралы заңының 1-бап 53-2 тармақшасында тірек мектеп (ресурс орталығы)-шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылғы 31 тамыздағы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының № 761 бұйрығына сәйкес «Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында Тірек мектебінде (Ресурстық орталық) білім беру үрдісін технологияландырудың педагогикалық негіздері» тақырыбымен 2012-2017 жылдарға эксперимент алаңы болып бекітілді.
Тірек мектебі жұмысы арқылы мемлекеттік бағдарлама стратегиялары жүзеге асырылып, оқушылар ауыл жағдайында сапалы білім алуға, білімді меңгеруге, ақпараттарды қолдана білуіне мүмкіндіктер алды.
Тірек мектебінің материалдық – техникалық базасы: Жаңа модификациялы физика, астраномия кабинеттері, роботатехника кабинеті, шеберханалар: темір өңдеу, ағаш өңдеу, тігін, аспазшылар кабинеттері.
мультимедиялық кабинет, 25 интерактивті тақтасы бар кабинет, мультимедиялы көп салалы кабинет, 176 орындық мәжіліс залы, 176 орындық асхана, үлкен және кіші спорт залдары оқушылардың терең білім алуына жағдай жасайды.
Мектепте білім сапасының артуы мұғалімдердің сапалық құрамына тікелей байланысты екені белгілі. Мектебімізде 146 мұғалім білім беруде. Оның ішінде 144-і жоғары білімді, 2-уі орта арнаулы білімді. Біліктілігі бойынша педагог- шебер- 3, (2,5%) , педагог –зерттеуші-32, (22 %), педагог –сарапшы-28, (19,1%), педагог –модератор-24, (16,4%) құрайды. Жоғары санатты- 13, І-санатты-7, екінші санатты-12, санаты жоқ-30 мұғалім. Біліктілік санаты бойынша мектептің үлесі 60 %.
Мектебіміз жылдан - жылға жас мамандармен толығуда. Жас мамандардың педагогикалық қызметін дұрыс ұйымдастыру, кәсіби мәдениетін қалыптастыру мақсатында жас мамандар мектебі жұмыс істейді.
Мектепті Сихимова Алтынкул Мадиомаровна 2014-2015 оқу жылынан бастап басқарады. Білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Джексенбаева Баян Ниятуллаевна – директордың эксперимент ісі жөніндегі рынбасары.
Шошымов Ахат Қойбаевич – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Пазылбекова Айзада Казбековна – директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
Алимова Альмира Муратбековна – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Мырзаханова Лаура Әуесхановна – директордың құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Рахматова Асел – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Магниттік мектептер мен ресурстық орталықтың бірыңғай оқу кестесі жасалған. Сонымен қатар дамыту блогында жүргізілетін жұмыстардың бірыңғай кестесінің жасалуы да магниттік мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің өзіндік дамуын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Магниттік мектеп оқушыларының білім сапасының бұрынғы және Тірек мектебіне бекітілген уақыттағы салыстырмалы өзгеруі:
Алға орта мектебінің білім сапасы 8 сыныпта 55 % -дан 73%-ға, 9 сыныпта 56%-дан 64 %-ға, 10 сыныпта 54%-дан 69%-ға, 11 сыныпта 67%-дан 77%-ға;
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің білім сапасы 8 сыныпта 52 % -дан 69%-ға 9 сыныпта 55%-дан 55 %-ға, 10 сыныпта 51%-дан 64%-ға, 11 сыныпта 53%-дан 64%-ға;
Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің білім сапасы 8 сыныпта 54 % -дан 63%-ға, 9 сыныпта 60%-дан 63 %-ға, 10 сыныпта 52%-дан 68%-ға;
Еңбекші орта мектебінің білім сапасы 8 сыныпта 68 % -дан 73%-ға,
9 сыныпта 58%-дан 63%-ға, 10 сыныпта 68%-дан 74%-ға, 11 сыныпта 72%-дан 76%-ға;
Жайсан орта мектебінің білім сапасы 8 сыныпта 62% -дан 65%-ға,
9 сыныпта 57%-дан 63%-ға, 10 сыныпта 73%-дан 78%-ға, 11 сыныпта 72%-дан 76%-ға көтерілді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша білім сапаасы:
Алға орта мектебінің білім сапасы 64,6%-дан 73%-ға;
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің білім сапасы 63%-дан 93%-ға;
Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің білім сапасы 62%-ға;
Еңбекші орта мектебінің білім сапасы 10%-дан 70%-ға;
Жайсан орта мектебінің білім сапасы 43%-дан 87%-ға өсті.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығына баса көңіл бөлініп, өздігінен білім алу дағдыларының қалыптасқандығын Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінен 3 оқушы, Алға орта мектебінен 5 оқушы, Жайсан орта мектебінен 5 оқушы білім грантына ие болуынан көруге болады. М.Мақатаев тірек мектебінің 2016 жылғы түлегі Спанәлі Серік «Абай оқулары» байқауының облыстық, республикалық кезеңдерінің жеңімпазы деңгейіне жетсе, Ә.Молдағұлова мектебінің оқушысы Шәми Гүлназ «Шәкәрім» оқуларының республикалық байқауына қатысып жүлделі І орынды, Ноғайбай Ерзат математикадан халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика пәнінен ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІ орынды диплом және күміс медальмен марапатталып, жоғарғы оқу орнының грант иегері атанды.
2017 жылы ХІІ республикалық 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жұмыстары байқауына 7 сынып оқушысы Хамзаева Аяулым қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен, 2018 жылы 6 сынып оқушысы Саулебай Қайсар қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен, 2019 жылы 7 сынып оқушысы Айгерім Байтұрсын қатысып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2018 жылы ХІІІ республикалық 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жоба жұмыстарының байқауына 6 сынып оқушысы Саулебай Қайсар «Координаталық нүктелерді кескіндеу» тақырыбындағы жобаға қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Құмарбаева Салатанат.
2019 жылы XV республикалық 1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу жоба жұмыстарының байқауына 7 сынып оқушысы Айгерім Байтұрсын «Значение орисительных каналов Шуского района» тақырыбындағы жобаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мырзаханова Лаура.
2020 жылы республикалық ғылыми жоба жұмыстарының байқауына 10 сынып оқушысы Қойлан Әлібек қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы республикалық ғылыми жоба жұмыстарының байқауына қатысып «Қазіргі таңдағы қазақ тілінің өзектілігі, латын әліпбиіне көшуі мен зерттелуі» тақырыбында 10 сынып оқушысы Тұрғынбай Дина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тірек және магниттік мектеп оқушыларының республикалық «Айқанат», «Ақ бота», «Мың бала», «Шамшырақ» халықаралық «Пони», «Русский медвежонок», «British Buldog», « Кенгуру- математика барлығы үшін», интеллектуалды ойындарының жеңімпаздарын да мақтанышпен айтуға болады.Бұл жетістіктер тірек және магниттік мектеп әкімшілігінің әр жұмысты ұтымды ұйымдастыруымен , ұстаздардың толассыз еңбектерінің жемісі.
Сессия кезінде оқу және дамыту блогында атқарылған оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстар сессияаралық кезеңде де жалғасып отыруы қадағаланады. Бірыңғай оқу-тәрбие жоспары бойынша істелген жұмыстар жыл соңында дәстүрлі оқушылар конференциясы, форумдарда қорғалатын топтық жобаларға негіз болады. Форум өткізудің тиімділігі сол:
Біріншіден: магниттік мектеп оқушыларының білім сапасы артып, мұғалімдер мен оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің деңгейлері анықталады;
Екіншіден: ұлтжандылық, ұлттық құндылықтар насихатталып, патриоттық тәрбие беріледі, оқушылардың адамгершілік ар-ождандық қасиеттерінің оянуына түрткі болады.
Әр сессия сайын магниттік мектептер сессияаралық жұмыстардың қорытындысын жоспар бойынша талдап, есеп береді.
Ең үздік: сынып, кабинет, оқушы, мұғалім, көркем әдеби кітап оқушы, шығарма, көшбасшы сияқты аталымдар бойынша да ережелер беріліп сессия сайын қорытындысы шығарылып, оқу жылын аяқтауға арналған форумдарда нәтижесі шығарылып, «Ең үздік магниттік мектеп» анықталады.
Мектептің тәрбие жұмысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлытау ұлағаты», «Мәңгілік ел», «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру мақалаларында айтылған маңызды дүниелерді оқушы санасына берік ұялату мақсатында ұйымдастырылып, жоспарланып отырды.
Бүгінгі таңда мектеп «Қазақстан балалары нұрлы жолмен» акциясы аясында «Даналардың ізімен – Нұрлы жолға» бағытын ұстанады және жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмыстары ұлы Абайдың «Бес асыл ісіне»: Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рахымға жүйеленген.
Сондықтан тәрбие жұмысы тәуелсіздік тағылымына бағытталып, науқаншылдыққа бой алдырмай, мектепішілік бағдарлама бойынша тәуелсіздікті дәріптеуге арналды. Тірек мектебі тәжірбиесінде магниттік мектептермен тұңғыш рет оқушылар конференциясы, оқушылар форумы, ата-аналар форумы, бастауыш сыныптар арасында Абай, Махамбет, Мұқағали, шешендік сөз оқу байқаулары өткізілді.
Нәтижесінде 2015 жылы ақпан айында өткізілген «Қазақы тәлім-тәрбие құндылықтары» атты ата-аналар форумы аясында «Менің әулетімнің дәстүрлері», сынып жетекшілері арасында «Балалық шаққа саяхат» атты шығарма байқаулары және «ҮӘЖ» технологиясымен өткізілген тәрбие сағаттарына, дөңгелек үстелге тірек мектебі және магниттік мектептің оқушылары, мұғалімдері, ата-аналары қатысты.
Тұлғаның шығармашылықпен дамуына, өнер мен мәдениет саласындағы кәсіби таңдау жасауына қажетті жағдайларды жасау мақсатында қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік талаптармен әлеуметтік сұраныстар жүзеге асуда.
Магниттік мектеп оқушыларының таңдауы бойынша «Сырлы сахна», «Алые паруса» драмалық, «Шерхантану», «Өлкетану», «Жас Сатбаевшылар», «Ағаш өңдеу технологиясы», «Қызықты биология», «Спорт әлемі», «Ұлы ғұламалардың құнды еңбектері», «Бағдарламашылар», «Биология интеллектуалды клубы», «Қол өнер-мол өнер» т.б. үйірмелер оқушыларға өзара жағымды пікір қалыптастыруға, психологиялық климат қауіпсіздігін орнықтыруға, оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға, өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін сезіну деңгейін анықтауға септігін тигізді. Үйірмелер жұмысының нәтижесінде магниттік мектеп оқушыларының қатысуымен бірнеше сахналық қойылымдар мен қысқаметражды фильмдер түсірілді. Ақын, жазушы, драматург - М.Шахановпен, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазиевамен , Қазақстанның «100 жаңа есімі» жинағына енген ақын Мақпал Мысамен, жергілікті ақын, композитор Әбдімомын Желдібаевпен, ақын Бахыт Исаевамен, режиссер Мешітбаев Нұргелдімен кездесулер ұйымдастырылып, оқушылардың өнер әлеміне құштарлығын оятты.
Дамыту блогында өткізілген іс-шаралар, үйірме жұмыстары, сессия күнделігі, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, тірек мектептің «Аманат» газетіне, магниттік мектептерде шығарылатын «Өркениет», «Шамшырақ», «Қанатты тұлпар», «Руханият» журналдарына шығарылып отырды.
Эксперимент жұмысының ғылыми жетекшісі Ғани Бектайұлы Бейсембаев тірек және магниттік мектеп ата-аналарымен ата-ананың қоғам алдындағы рөлі, мектептің ата-ананың сенімін ақтауы, мұғалім имиджі сияқты мәселелер төңірегіндегі өткізген психологиялық тренингтері оқушылардың тұлғалық қасиетін дамытудың негізгі себептерін көрсетіп, бағыт берудегі ролі зор болды.
Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз етуге психологиялық қолдау мақсатында: мектеп психологтары 8-11 сыныптар бойынша жасаған оқушылар дамуының:
1.Танымдық құзырлығы,
2.Тұлғалық құзырлығы,
3.Өзіндік білім алу құзырлығы,
4.Әлеуметтік құзырлығы,
5.Топта жұмыс істей білуі,
6.Оқушының өз денсаулығы құзырлығы,
7.Көп мәдениетті құзырлығы мониторингі жыл бойы жүргізіліп отырады.
Желілік байланыстар орнату шаралары арқылы: тірек мектебі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы, EDTECHkz Халықаралық Білім орталығы, Өрлеу Акционерлік қоғамы, «УӘЖ» орталығы, Әль-Фараби Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, қосымша білім беру мекемелері, жол инспекциясы, ішкі істер бөлімі, аурухана, жастар орталығымен сыртқы байланыста болды. Бұл байланыстар әрбір оқушының жас ерекшелігіне, өмір сүру жағдайына сай оң өмірлік іс-әрекет тәжірибесін меңгеруі үшін білімділік даму ортасын жасайды.Таратып айтар болсақ:
1. 2013 жылы өткен оқушылар конференциясында «Тәуелсіздік тағылымы және ресурстық орталық» атты форумда ресурстық орталықтың ашылуының негізгі себептері мен ауыл балаларына деген мемлекет қамқорлығына;
2. 2014 жылы өткен оқушылар конференциясы «Тәуелсіздік - тірегім» үлгілі шығармалар презентацияларына;
3. 2015 жылы өткен оқушылар конференциясы «Мәңгілік ел – еліміздің болашағының бейнесі», «Ұлытау ұлағаты» мақаласын талдауға, ұғындыруға;
4. 2016 жылы өткен «Азаттық жолындағы күрестер» форумы Ұлт азаттық көтерілісінің -100, Алаш Орда өкіметінің 100, Желтоқсан оқиғасының – 30 жылдығына;
5. 2017 жылы өткен «Мәңгілік ел – мәңгілік мақсат» форумы тірек мектебіндегі эксперимент жұмысын қорытындылауға, магниттік мектеп мұғалімдерінің эксперимент кезінде жүргізген жұмыстары туралы педагогикалық жобаларын қорғауға;
6. 2018 жылы өткен «Мәңгілік ел – рухани тірек» атты ата-ана, оқушы, мұғалім бірлескен форум марафоны, «Мамандығым - білімім, болашағым – өмірім» тақырыбына арналды.
Тірек мектебі жағдайында білім беру процесін технологияландыру: ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттер, эксперименттік жұмыстар және әріптестік байланыстар арқылы жүзеге асырылды.
Магниттік мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында әр оқу жылында 4 аймақтық, 4 аудандық, 15 желілік кеңестер, 2 форум, 2 оқушылар конференциясы, 5 шығармашылық есеп беру презентациялары, шебер сыныптар өткізілді.
2013 жылы «Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында білім беру сапасын қамтамасыз етуде оқу-тәрбие үрдісін технологияландырудың педагогикалық аспектілері» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық семинарға «УӘЖ» технологиясының авторы Ж.А. Қараевтың қатысуы, мұғалімдердің аталған технологияның мақсатын, идеясын түсініп, тәжірибеге батыл енгізуіне жағдай жасады. Ж.А.Қараевтың «Үшөлшемді әдістеме жүйе технологияның мақсатын, идеясын түсініп, тәжірбиеге батыл енгізуіне жағдай жасап, тәжірбиеден өткізу сынаққа алынды.
«EDTECH-kz» халықаралық білім орталығы қызметкерлерімен «Ресурстық орталық базасында оқушыларға білім берудегі психология- педагогикалық технологиялар» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Ы.Алтынсарин атындағы қазақ ұлттық білім академиясының орта білім институты жаратылыстану- математикалық білім беру зертханасының меңгерушісі Ш.Шүйіншинаның қатысуымен өткен семинарда сабақтарды талдау барысында мұғалімдердің шығармашылық ізденіс жұмыстары атап көрсетіліп, Еңбекші, Жайсан , Алға орта мектебінің жұмыстары үздік деп танылды.
Ғалымдармен бірлескен жұмыс қорытындысы 2016 жылдың 7 мамырында Алматы қаласында өткен «Оқу процесіне педагогикалық технологияны енгізу – білім сапасын арттырудың басты шарты » атты ғылыми- практикалық семинарға тірек және магниттік мектептерден 6 мұғалім қатысып, тәжірибелері: паноромалық сабақ, баяндама,шығармашылық көрме арқылы көрсетілді. 6 мұғалімнің сабағы «УӘЖ» технологиясы : «өткені, бүгіні,келешегі» атты ғылыми – тәжірибелік конференцияның жинағына енгізілді.
Соңғы 5 жылда магниттік мектеп мұғалімдері облыстық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлер саны артуда.
«12 жылдық білім беру» журналына Жауынбай Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясы және оның практикада қолданылуы», «Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру» тақырыптарында, республикалық «Алаш ұстазы» журналына 8 мұғалімнің мақалалары жарияланды.
6 мұғалім «ҮӘЖ» технологиясы бойынша жұмыс дәптерлерін жасап, тренерлік құқыққа ие болды. Осы аталған технология бойынша 30 мұғалімнің сабақ үлгілері 3 жинақ, деңгейлік курстар бойынша 10 мұғалімнің сабақ үлгілері 1 жинақ болып облыстық білім басқармасының «Білім шуағы» газетінің редакциясында басылып шығарылды.
Мектептің тірек мектебі (РО) болып өзгертілуі педагогикалық ұжымға сенімді де берік серпін әкелді. Бүгінгі күнгі ресурстық орталықта жүргізілген жұмыстардың нәтижелері: оқу мен тәрбие үрдісінде өз еңбектерімен республика , облыс көлемінде танылып жүрген ұстаздарымыз : Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызы 2016 жылы білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталса, Баетова Анар Ермекқызы 2016 жылдың «Үздік педагогы» атанып, білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, математика пәнінің мұғалімі Есболғанова Гүлбағира Кошкинбаевна облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Мектеп кітапханасында «магниттік мектеп», «интернет кітапхана» бұрыштары жұмыс істейді. Магниттік мектепке арналған бұрышта түрлі пәндік қосымша әдебиеттер, ғылымдағы жаңалықтар, қажетті нұсқаулықтар қойылған. «Интернет кітапхана» бұрышында әркімге қажетті интернет материалдарының тізімдері беріліп отырады. Сессияаралық кезеңде оқушылар тірек мектептеріне келіп өздеріне қажетті материалдық базаны осы аталған бұрыштардан алады.
Магниттік мектептермен тірек мектебінің бірыңғай оқу кестесі жасалған, бұл сабақтарды онлайн режимде өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дамыту блогында жүргізілетін жұмыстардың бірыңғай кестесінің жасалуы да магниттік мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің өзіндік дамуына жағдай жасайды.
Оқу процессі сессия , сессияаралық жұмыстар, бірыңғай жұмыс жоспарлары желілік қауымдастық арқылы әлемдік пандемияға қарамастан позитивтік тұрғыда күзгі сессия жұмыстары қашықтықтан ұйымдастырылды. Шалғай ауылдағы интернет желісі қызметінің төмендігі оқушыларды ұйымдастыруда біршама кедергілер келтірді. Осы тұрғыда магниттік мектеп мұғалімдерінің де еңбектері зор. Сабақтар тірек мектеп мұғалімдерімен ZOOM платформасында, ватсап желісінде ұйымдастырылды. Осы орайда «Қашықтықтан оқу - оқушылар көзімен», «Қашықтықтан оқыту - мұғалімдер көзімен», «Қашықтықтан оқу - ата- аналар көзімен» тақырыптарында сауалнамалар алынды. Нәтижесінде 40-50 пайызы оң көзқараста екені анықталды.
Әлеуметтік педагогтардың жасаған әлеуметтік зерттеулерінен ауыл балаларының эмоциялық дамуында жетіспеулер бар екені, топта жұмыс істеу қабілеттері төмен, ашылмағандығын байқауға болады. Балалардың тұлғалық дамуына дамыту блогында өткізілетін танымдық сағаттардың рөлі зор. Сондықтан танымдық сағаттар түрлі формада өтіп, тақырыпты ашуға аудиторияның түгел қамтылуына баса назар аударылады. Бұл - олардың әртүрлі ортада өзін еркін сезінуіне, ойын айта білуіне септігін тигізеді.
Оқушылар мен ата-аналардың контингентіне арналған әлеуметтік карта бойынша анықталған мәліметтерге сүйенсек: ата-аналардың білімділік, қызметтік деңгейі төмен, жартылай жетім, көп балалы, толық емес отбасылар саны артып отырғанын көруге болады. Мұғалімнің бала және ата-аналар алдында мәртебесінің көтерілуі үшін жаңашыл, жаңа техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануды меңгере білуі керек.
Сондықтан сессия және сессияаралық кезеңдерде «Тірек мектебі - ата-аналар көзімен», «Сабақ – оқушы көзімен», «Тірек мектебі - мұғалімдер көзімен» тақырыбында сауалнамалар алынып, тренинг, пікірталастар, көшпелі ата-аналар жиналыстары, педагогикалық әдістер, кеңестер өткізіліп отырады. Ауылдағы қолөнер мұрасымен айналысатын әулеттер, мамандықтарды әулетімен жалғастырып келе жатқан жанұялар туралы мәліметтер белгіленген дамыту жоспарына сәйкес жинақталып, оқушылардың топтық жоба жұмыстарына арқау болып, ізденушілік, зерттеушілік жұмысқа ден қоюына жағдай жасалды. Осылайша ауыл балаларының бейімділіктерін, қабілеттерін оятуға әлеуметтенуге жол ашылды.
Қорыта айтқанда ресурстық орталық жұмысы ауыл балаларының тұлға ретінде қалыптасуының, әлеуметтенуінің тиімді құралы екенін жоғарыда көрсетілген тәжірбиеден көруге болады. Эксперимент және одан кейін 4 жылда мектебімізде білім беру процесін технологияландыруға арналған ғылыми әдістемелік, тәрбие жұмыстары магниттік мектеп мұғалімдеріне әдістемелік жағынан қолдау болды. Дегенмен бүгінгі таңда өз шешімін таппаған мәселелер әлі де бар:
1. Ауыл балаларының әлеуметтенуіне келіп-кетіп оқуы көп кедергі келтіреді, уақыттың көбі жолға кетеді, сондықтан жатақхана салу мәселесі шешілсе;
2. Балалардың рухани өсуі арқылы , тарихи орындарды аралату ТМД-дағы мұражайларды көрсету т.б республикалық деңгейге көтеру мәселесі қарастырылса;.
Қорыта келгенде мектебіміз эксперимент жұмыстарымен айналысудың нәтижесінде аудандағы ең беделді мектеп дәрежесіне көтерілді. Мектептің осындай деңгейге көтерілуі мұғалімдерді эксперимент жұмысы арқылы шығармашылық ізденіске баулудың нәтижесі екені анық.
«Әлемді өзгертетін бір ғана күш бар - ол білім» осы мақсатта аянбай еңбек етеміз.

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед