Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Автор: admin от 16-01-2024, 22:59, посмотрело: 179

0 15.01.2024ж. күні «Математика және информатика» кафедрасы айлығының жоспары бойынша математика пәні мұғалімі «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучинг өткізді. Тақырыптың көкейкестілігі: Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы. Коучингтің мақсаты: Функционалдық сауаттылық туралы теориялық түсінік беру, есеп шығару, тәжірибе алмасу болды. Сыныпта шаттық шеңбері арқылы мұғалімдер бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында берілген «Пазл» әдісімен киіз үй, сандық, ұлттық әшекей бұйымдарының суреттерін құрау арқылы «PISA», «PIRLS», «TIMSS» атауларымен үш топқа бөлінді. Топқа бөлінген соң әр топқа мыжылған қағаз кесегі беріліп, сол қағаздан бір зат жасап шығару ұсынылды. Әр топтан ұшақ, кеме, қалбыр жасалынды, бірақ ойдағыдай емес. «Әрине, мақсатсыз жасалған заттан мінсіз зат шықпайды» деп коучингтің мақсаты ашылды. Мақсаты айқын болған соң тәжірибе алмасу үшін «Математикалық сауаттылық», «Функционалдық сауаттылық», «Функционалдық сауаттылықты дамыту» деген ұғымдарды қалай түсінесіздер? деген сұрақ төңірегінде постер жасап әр топ қорғап шықты. Постер арқылы тақырып та ашылып, ары қарай осы тақырыптар бойынша функционалдық сауаттылық тарихы мен маңыздылығы презентацияда көрсетіліп айтылды. Сонымен қатар функционалдық сауаттылықты анықтауға арналған PISA, PIRLS, TIMSS зерттеулеріне де тоқталдық. Келесіде әр топ берілген «QR-код» арқылы есептерді ашып орындап, түсіндірді. Пікірталас жүрді.
Сергіту сәтінде әр мұғалімге алдыларында тұрған таза А4 қағазынан қайшы қолданбай адам бейнесін қиып шығу тапсырылды. Бұл әдіс арқылы әр адам жеке тұлға, ал рухани тұрғысынан дамыған, шешім қабылдай алатын, шығармашыл тұлға шығару мұғалімдердің міндеті екені айтылды. Коучинг соңында «пазл» әдісімен топқа бөліну үшін құраған киіз үй, сандық, ұлттық әшекейлер бойынша функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырма құрастыру ұсынылды. Мұғалімдер әр топта бірлесіп жұмыс жасап, нәтижесінде оқушыларға арналған керемет есептер құрастырып, сол бойынша түсініктеме жүргізіп қорғады. Нәтижесінде мұғалімдер өздері де жақсы есептерді құрастыра алатындарына таңдану мен сенімділік те пайда болды. Қорытындылай келе оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін мұғалім креативті, жан-жақты, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алатын болуы керек. Сонымен қатар әр сабақта функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды беріп отыруы керек. Мұғалімдер белсене қатысты. Кері байланыс QR-код арқылы берілді. Коучинг өз дәрежесінде жақсы өтті.
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС

Автор: admin от 16-01-2024, 05:22, посмотрело: 52

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 1 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000 – 150000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 16.01.2024-.24.01.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 30.01.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп