Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршы отбасылардың еңбегін бағалау

Автор: admin от 29-10-2025, 00:29, посмотрело: 12

0 Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін олжеңіс.

Қазақстанда Қамқоршылар күні жыл сайын 29 қазан күні атап өтіледі. Бұл күн – қамқоршы ата-аналардың еңбегін насихаттап, балаға жылулық пен махаббат сыйлайтын отбасыларға құрмет көрсетуге арналған. Қамқоршылар күні – мейірімділік пен ізгілікке толы ерекше мереке. Бұл күн қоғамдағы ең жауапты, жүрегі жылы адамдарға — өз қамқорлығына мұқтаж балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қорғаншыларға, патронаттық тәрбиешілерге арналады.
Мерекенің мақсаты: Қамқоршы отбасылардың еңбегін бағалау;
Балаларға қамқорлық көрсетіп жүрген жандарға алғыс білдіру;
Қамқоршылар күні — қоғамның ізгілік пен адамгершілікті бағалай білетіндігін көрсететін мереке. Бұл күн — балаға махаббат пен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін еске салатын ерекше күн.
Қазіргі таңда Мұқағали мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 2 білім алушы қорғаншылықта тәрбиеленуде. «Жетім көрсең, жебей жүр»-деген қағиданы ұстанған азамат балаға әкенің тәрбиесімен ананың мейірімін сыйлауда. Мектеп әкімшілігі балаларды қамқоршылыққа алған Нұрпазилова Шолпан Сағынышбекқызына алғыс хат және сыйлық сыйға тартты. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланың тағдырына немқұрайлы қарамағанына шексіз алғыстарын білдіріп, мықты денсаулық тіледі.
Қамқоршы отбасылардың еңбегін бағалау

Категория: Социолог жұмыстары