Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық

Автор: admin от 4-08-2022, 23:26, посмотрело: 185

0 "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" акциясына қатысыңыз!
"Мектепке жол" акциясы биыл "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен.
1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында белсенді қатысуға шақырамыз! Жауапты: әлеуметтік педагог Джилкибаева Диляра Амановна. Байланыс телефоны: 87758719307

Категория: Мектеп

 

Алақай! Алақай!

Автор: admin от 4-08-2022, 23:20, посмотрело: 91

0
Алақай! Алақай!

Осы айдың 8-тамызынан бастап сағат 9:00-11:00 дейін Мұқағали Мақатаев мектебінде 1-сыныпқа келетін оқушылар үшін “Балақайлар” мектебі жұмысын бастайды.
*Мақсаты:* мектеп, оқу құралдары туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау. Балаларға сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету, әңгіме, ертегілерді қайталау, бейнелеу құралдарын қолдануды үйрету.
Алақай! Алақай!
Алақай! Алақай!

Категория: Мектеп

 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Автор: admin от 4-08-2022, 23:18, посмотрело: 85

0
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі
(Ресурстық орталық) КММ»
«Математика пәні мұғалімі» (қазақ сыныптарына)
«Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі» (қазақ сыныптарына 1, орыс сыныптарына 2)
«Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» (уақытша, осы қызметте еңбек өтілі болу керек);
«Тәлімгер» (уақытша);
«Химия пәні мұғалімі» (уақытша, қазақ сыныптарына);
«Қашықтықтан оқыту педагогы» (уақытша).
- Лауазымдық жалақысы: 140000 – 160000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкус өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 8 775 296 48 38
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 m.makataeva@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 01.08.2022-09.08.2022 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 16.08.2022 жылғы сағат 15:00 - де
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық)

Категория: Мектеп

 

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ТІРЕК ОРТА МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ХАБАРЛАЙДЫ

Автор: admin от 4-08-2022, 23:11, посмотрело: 132

0 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ТІРЕК ОРТА МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ХАБАРЛАЙДЫ
Құрметті ата – аналар!
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес білім бөлімі облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсынып отыр.
Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, түсі қою көк.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Ұсынылған минимум: жейде, кеудеше және шалбар.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Юбкасының ұзындығы тізеден бес сантиметрден аспайды.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың жоғарғы бөлігінде орналасады.
Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
Сонымен қатар, егер де былтырғы оқу жылынан қалған мектеп формасы болса, оны киюге рұқсат етіледі.
#АТААНАЛАРНАЗАРЫНА
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ТІРЕК ОРТА МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ХАБАРЛАЙДЫ

Категория: Мектеп

 

Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық

Автор: admin от 28-07-2022, 22:24, посмотрело: 89

0
"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" акциясына қатысыңыз!
Тамыздың бірінен басталатын дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы
биыл "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылғалы отыр.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің аллын алу.
Осыған орай жаны жайсаң, қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында
"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" Республикалық акциясына
1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында белсенді қатысуға шақырамыз!

Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық
Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық

Категория: Мектеп

 

Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебі (РО)

Автор: admin от 5-06-2022, 07:49, посмотрело: 1821

Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебі (РО)

 

Мектептің ашылу тарихы 1955 жылдан басталады. МТС-тің жатаханасында бастауыш мектеп болып ашылған шағын білім мекемесіне   Н. К. Крупская есімі беріледі.1959 жылы жетіжылдық, 1963 жылы сегізжылдық, 1966 жылы 4 кабинет қосылып, орта мектеп болды. Басында тек қана орыс сыныбы болса, 1987 жылдан бастап бірінші рет қазақ сыныбы ашылады, 1997 жылы алғашқы қазақ сыныбы түлектері бітіріп шықты. 1992 жылы мектепке ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі беріліп, 2011 жылы 13 желтоқсанда 3 қабатты, типтік жаңа ғимаратқа көшірілді.

2012 жылғы 31 тамыздағы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №761 бұйрығына сәйкес «Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Мақатаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында Тірек мектебінде (РО) білім беру үрдісін технологияландырудың педагогикалық негіздері» тақырыбымен  2012-2017 жылдарға эксперимент алаңы болып  бекітіліп, М. Мақатаев атындағы тірек мектебі (РО) деген атау берілді.

Категория: Мектеп

 

Онлайн Референдум

Автор: admin от 5-06-2022, 07:30, посмотрело: 98

0

Категория: Мектеп

 

Референдум

Автор: admin от 5-06-2022, 06:35, посмотрело: 139

0
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылының №419 учаскеде дауыс беру жалғасуда, Заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Дауыс беру процесі ашық жүруде.
Қарт және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып дауыс бергізу жүргізілді. Үйден дауыс беру 100% аяқталды. Сонымен қатар Ауылдың ең жас және ең жасы үлкен адамдары да дауыс берді. Бірінші рет дауыс беріп отырғандар да болды. Жалпы дауыс беру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.

Референдум
Референдум
Референдум
Референдум
Референдум
Референдум

Категория: Мектеп

 

Референдум

Автор: admin от 5-06-2022, 05:39, посмотрело: 95

0
Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы № 419 дауыс беру учаскесіне референдумға бірінші болып келгендер өз таңдауын жасады. Ең бірінші болып дауыс берген зейнеткеріміз - Байботшаев Доктурхан Рысмендеевичке естелік сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар, аудан әкімі Арубаев Сакен Қаланұлы мен аудан әкімінің орынбасарлары Сәрсенбеков Серік Жұмалыұлы мен Бауыржан Батиханұлы да дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. #Референдум2022 #ReferendumAMANAT

Референдум
Референдум
Референдум
Референдум
Референдум
Референдум

Категория: Мектеп

 

Референдум

Автор: admin от 5-06-2022, 05:37, посмотрело: 93

0
Бүгін Жамбыл облысы Шу ауданы, Төле би ауылының № 419 дауыс беру учаскесі өз уақытында ашылып, жауапты адамдар барлығын талаптарға сай ұйымдастыруда. Әр жерден келген ұйым өкілдеріне барлық тиісті жағдайлар жасалған. № 419 дауыс беру учаскесінде «AMANAT» партиясының өкілі ретінде Рахматова Асель Джомартовна мен «Партиялық емес байқау орталығынан» Әшірбек Айым Тұрсынбайқызы қатысып отыр.
#AMANAT_өкілі
#представитель_AMANAT
#РеферендумӨкілі
#ПредставительРеферендума
#Референдум2022

Референдум

Категория: Мектеп