» » 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

 
 
 

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Автор: admin от 4-06-2024, 23:15, посмотрело: 30

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан бастау алды. Мектеп директоры А. Сихимова мерейлі мерекемен құттықтап, мемлекетіміздің іргесі әрқашан берік болсын, - деген тілегін жеткізді.
Оқушыларға рәміздердің тарихына, олардың маңыздылығына, мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды.
Мемлекеттік рәміздер күні - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Алтын ою-өрнекпен, шұғылалы күнмен және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті әдемі Туымыз, мемлекеттік Елтаңбамыз бен патриоттық Гимніміз – халықтың мақтаныш сезімін оятады. Бұл құндылықтар бұралаң әрі қиын жолды, сол жолда қол жеткізген жетістіктерімізді және алдағы мақсаттарымызды паш етіп тұрғандай.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.