Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Автор: admin от 1-06-2024, 23:35, посмотрело: 29

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 7 сынып оқушысы Такабаева Саида 2024 жылдың мамыр айының 28-29 күндері халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға саяхаттап келді. Барлық өңірден өз жетістіктерімен ерекшеленген балалар, балалар қозғалысының көшбасшылары мен түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған батыр балалар жиналды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіздігі мен жайлы ортада өмір сүруі, білім мен тәрбие алуы үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтты. Кездесу әрі қарай ашық диалог форматында жалғасты. Онда балалар өздері, отбасы, мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы айтты. «Болашақпен кездесу. Диалог с будущим» тақырыбындағы іс-шараға бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Кездесу соңында барлық балаға сауықтыру орталығына жолдамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ көшбасшылықты дамыту бойынша тренингтер өткізіліп, балалар өзара пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті. Бұған қоса балалар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралады.
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.