Коронавирустан сақтану жолдары

Автор: admin от 29-10-2020, 04:15, посмотрело: 238

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар мен оқушыларға чат арқылы COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу жолдары мен сақтану шаралары туралы бейнероликтер тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сақтану ережелері
ДДҰ-ның халықты аурудан сақтау үшін құрған кеңестер тізіміне сәйкес, төмендегі ережелерді қадағалаған жөн:

— Қолды жиі сабындап жуу немесе құрамында антисептикпен сүрту. Резеңке қолғаптарда вирус болуы мүмкін. Сондықтан оған сеніп қалмау керек;

— Қоғамдық жерлерде басқалардан кемі бір метр ара қашықты сақтау керек. Жөтеліп не түшкіріп тұрған науқастан вирус өте кішкентай тамшылар арқылы тарайды.

— Көз, мұрын мен ауызды ұстамаған жөн;

— Қол алысудан бас тарту қажет;

— Распироторлық гигиена ережелерін сақтау: түшкірген не жөтелген кезде ауыз бен мұрынды шынтақты бүгіп не қағазбен жабу керек. Кейін қолды антисептикпен тазалап, қолданылған қағазды қоқыс жәшігіне тастаған абзал;

— Дене қызуы көтерілсе, жөтел пайда болып, тыныс жолдары тарылса, дәрігерге қаралыңыз.
Егер өзіңіздің денсаулығыңызға байланысты қандай да бір күмән туындаса, алдымен «1406» телефоны арқылы ақпарат алуға болады немесе «103» телефонына хабарласу қажет.



Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.