Тәуелсіздік туы биік болсын!

Автор: admin от 10-12-2021, 21:16, посмотрело: 78

0 Бүгін 10.12.2021ж. күні 6 «Б» сыныбында «Тәуелсіздік туы биік болсын!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге тәрбиелеу және адамгершілік сезімдерді қалыптастыра отырып, Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын баяндау болды. Сынып іші көрнекіліктермен безендіріліп, жақсы көңіл-күймен басталды.
Тәрбие сағаты оқушылардың әнұранымен басталып, сынып жетекшісі Дауренбекова С.А. алғы сөзді алып көрермендер мен оқушыларды құттықтап, кезекті сыныпқа берді. Екі жүргізуші оқушылар желтоқсан оқиғасына тоқталып, құрбандарға тағзым етіп 1 минуттық үзіліс жарияланды. Сонымен қатар Тәуелсіздік туралы оқушылардың жаттап келген өлеңдері мен ән, күй орындалып жалғасын тапты. «Тәуелсіздік қуанышы» тақырыбында көрініс көрсетіп, көк туларын желбіретіп рухани-патриоттық әндерден паппуриге флешмоб билеп оқушылар өз өнерлерін аямады. Тәуелсіздік хронологиясына тоқталып, Тәуелсіздік жетістіктері де айтылы. Барлық оқушылар өте жақсы дайындықпен барын салып өткізді. Тәрбие сағатының қорытындысы оқушылардың «Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы – Біздер» деген ұранмен Қазақстан картасына өз суреттері бейнеленген гүлдерді жабыстырумен аяқталды. Соңында «Көк тудың желбірегені» әні ойнатылды. Сынып сағаты аяқталған соң қатысушы ұстаздар мен ата-аналар да өз ұсыныс, тілек, лебіздерін біліріп сөз сөйледі. Ашық тәрбие сағаты өз деңгейінде өте жақсы өтті.
Тәуелсіздік туы биік болсын!
Тәуелсіздік туы биік болсын!
Тәуелсіздік туы биік болсын!
Тәуелсіздік туы биік болсын!
Тәуелсіздік туы биік болсын!

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.