Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Автор: admin от 21-09-2022, 06:36, посмотрело: 140

0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Шу ауданының білім бөлімінің
«Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі» (РО)
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы
Күн тәртібінде:
1."Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау нормалары
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Г.Есболганова сөз алып, педагогикалық этика нормаларына сәйкес төмендегі бұйрықтарды баяндады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 Педагогикалық әдеп қағидалары туралы жалпы ережелермен;
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 34-1 педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бап. Педагогтік әдеп 3. Педагогтік әдепті білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес 1. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Шешімі:
1.Берілген ақпаратты ескере отырып, әрі қарай жұмыстар жалғасын тапсын.
2.Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары қатаң сақталсын.

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы
Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.