Жас Ұлан

Автор: admin от 22-09-2022, 01:29, посмотрело: 178

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 22-қыркүйек күні кезекті Ұланбасын сайлауы болып өтті. Ұланбасын сайлаудағы мақсат: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылды.Сайлау алдында бір жұма бұрын талапқа сай осы лауазымға 6 кандидат өз өтініштерін берді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның мүшелері 8- сынып оқушылар санынан қатысты. Кандидаттар өзінің сайлау алдындағы науқанды бағдарламамен таныстырып, алдағы жылда жасайтын жұмыс жоспарын нақты көрсетті. Сайлауға: 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сайлауды 3 адамнан құралған сайлау комиссиясы өткізді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның мүшелері: сайлау комиссиясының төрайымы Құрманғали Ұлжан, сайлау комссиясының мүшесі: Конрат Диас, Ниетбек Әсель. Дауыс беру қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Истибаев Адлет ең көп дауыс жинап, мектеп Ұланбасы болып сайланды. Салтанатты жиында 2019-2022 оқу жылында Ұланбасы болған Құрманәлі Ұлжан Ұланбасы төсбелгісін Истибаев Адилетке тағып, өзінің көшбасшылық қасиетін ұштай отырып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болуға тілектестігін білдірді.

Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан
Жас Ұлан

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.