Ұлыстың ұлы күні 22 -Наурыз

Автор: admin от 15-03-2023, 03:21, посмотрело: 21

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Ұлыстың ұлы күні 22 -Наурыз» мерекесіне арналған іс-шара жоспарына сәйкес 2023 жылдың 15-ші наурыз күні «Жасыл үй» челленджі бойынша «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігіне байланысты 1 сыныптарының қатысуымен дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты - оқушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, мектеп ауласын көркейту - көгалдандыру.
Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы оқушылар табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыластарын оятып, бар күш-жігерлерімен жеміс ағашын отырғызып, игі іс жасады.

Ұлыстың ұлы күні 22 -Наурыз
Ұлыстың ұлы күні 22 -Наурыз
Ұлыстың ұлы күні 22 -Наурыз

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.