Бірлігіміз жарасқан

Автор: admin от 28-04-2023, 22:27, посмотрело: 22

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2023 жылдың 28 сәуірінде, 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бірлігіміз жарасқан" атты концерттік бағдарлама өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Іс-шара 6 - сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өтті. Мектебіміздің 6-сынып оқушылары әр ұлттың мәдениеті мен өнерлерін көрсетті. Іс-шараны "Ақкөгершін" әнімен ашты. Қазақ, өзбек, ұйғыр, орыс, испан, үнді халықтарының ұлттық билерін билеп, әндерін айтты. Іс-шара өте жақсы ұйымдастырылған, оқушылардың дайындықтары жоғары дәрежеде болды. Іс-шара мектебіміздің директоры Алтынкүл Мадиомарқызының құттықтау сөзміен аяқталды.
Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.