Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия

Автор: admin от 5-01-2024, 03:46, посмотрело: 28

0 Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияаралық кезеңінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 4 қаңтар күні "Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия" тақырыбында Нұрлыбекқызы Мақпал, Балхожаева Айнура инновациялық-әдістемелік кеңес өткізді. Семинарда рефлексия туралы білім толықтырылып, сабақта рефлексияны қолдану жолдары айтылып, топтық жұмыста постер қорғау арқылы мұғалімдер тақырыптың теориялық тұрғыдан мәліметтер беріп, өз білімдерімен бөлісті. Постерлерді "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен топтық бағалау жүргізілді. Жоғарыда аталған мұғалімдер өз сабағында зерттеу барысында қолданған рефлексия әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Семинарға серіктес және магниттік мектептерден Жайсан, Алға, Еңбекші орта мектептері, Ш.Мұртаза атындағы орта мектебі қатысты. Кеңесті қорытындылау кезінде қатысқан мұғалімдер сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. Әдістемелік кеңес сонында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Жексенбаева қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, қорытындылады.
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.