Music

Автор: admin от 19-01-2024, 03:12, посмотрело: 23

0 М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қаңтар айының 18 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Уразова Жансая Бақтыгерейқызы 5"Б" сынып оқушыларымен "Music" тақырыбында ашық сабақ өткізді Сабақтың мақсаты: learn about types of music and musical instruments; practice listening skills; read the text about kazakh traditional instrument; practice Present Continuous in affermative, negative and question sentences. Ашық сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін жетілдіру; сөздік қорын молайту; ағылшын тілін меңгерту; ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру; музыкалық аспаптар туралы сыни тұрғыдан ойлана алуды және өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың құрылымы жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылған. Мұғалім оқушыларға сабаққа деген қызығушылығын арттыратын, заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгере алатын тапсырмаларды дайындады.
Мұғалім сабақтың барысында тақырыпты ашу үшін видеоролик көрсетті, жаңа сөздерді таныстырды және тыңдалым арқылы музыка түрлері мен аспаптарды сәйкестендіруді ұсынды. Оқушыларға Present Continuous (нақ осы шақ) грамматикасын түсіндірді. Оқушылар "Нақ осы шағына" байланысты болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдер құрастырды. Қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" мәтінін оқып, мәтінге байланысты топтық тапсырма орындады. Оқу барысында тыңдалым, жазылым, оқылым және сөйлеу дағдыларының барлығы қамтылды. Сабақ жоспарға сай, жоғары деңгейде өтті.
Music
Music
Music
Music

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.